Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Азаматтық қорғаныстың медициналық құрылымдары.
2. АДКЖ-ның бөлімдері.
3. Дүлей зілзала аумағына (АДКЖ) алғашқы дәрігерлік жәрдем жасағын ашудың қағидатты сызған нұсқасы.
4. Санитария жасақтары (СЖ).
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материялмен жұмыс
Азаматтық қорғаныстың медициналық құрылымдары
Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің құрылымдарына: санитария жасақтары және санитария жасақтар отряды, алғашқы медициналық көмек отряды, жылжымалы эпидемияға қарсы отрядтар, арнайы эпидемияға қарсы бригадалар, арнайы медициналық көмек бригадасы мен арнайы медициналық көмек отряды жатады.
Санитария жасақтары (СЖ) – зақым ошағындағы зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған 5 буыннан (звенодан) тұрады. СЖ 10 сағат жұмыс ішінде шамамен алғандағы мүмкіндігі – 500 зақымданушыға (іздеусіз және тасымалдаусыз) алғашқы медициналық көмек көрсету. СЖ әрқайсысына 4 адам бар: командир, командирдің көмекшісі, байланысшы және жүргізуші.
Жылжымалы эпидемияға қарсы отряд құрамында санитария жасақтары қарапайым санитарлық, гигиеналық және эпидемияға қарсы іс – шараларды (залалсыздандыруды жүргізу, тағамдарды тексеру, дене қызуы жоғарылаған науқастарды анықтау, тұрғындарға профилактикалық дәрі – дәрмектерді тарату жұмыстарын) атқарады. Сонымен қатар СЖ жинау, көшіру бекеттерінде тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетуге жұмылдырылады. Олар табельды медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген: жеке қорғаныс заттары (газ сейілткіштер, қорғаныс фильтрлеуші киім, резеңкелі қолғап пен етік, жеке химияға қарсы пакет). Сонымен қатар жеке медициналық қобдиша, санитария сөмкелері, тасымалдағыштар, тасымалдайтын ілгіштер, суға арналған құты (фляга), электрлік шамдар, мақта маталы комбинезондар және бас киімдермен жабдықталған.
Санитария сөмкесінде таңу материалы, дәкелер, мақта, қан тоқтататын байлам (жгут), йод тұнбасы, мүсәтір спирті, морфин, фосфор органикалық заттарға арналған антидот, қайшы және тағы басқа қажетті заттар болады.
Азаматтық қорғаныстың медициналық құрылымдары
Алғашқы дәрігерлік көмек жасағы (АДКЖ) – бұл, зақымданғандарды қабылдауға, оларды медициналық сұрыптауға, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге, жұқпалы және психикалық ауруларды ары қарай ауруханалық базаға көшіруге дайындауға, сондай – ақ зақымданғандарды жекелей санитарлық өңдеуден өткізуге, олардың киімі мен аяқ киімдерін залалсыздандыруға, газсыздандыруға және қатерсіздендіруге арналған АҚ МҚ – нің негізгі медициналық құрылымы.
Осымен қатар, АДКЖ объектілерде құтқару жұмысын жүргізіп жатқан санитарлық дружиналарды медициналық жабдықтармен толықтыруды қамтамасыз етеді. Ол жылжу бағытында және отрядтарды орналастыру орнында Медициналық барлау жүргізу үшін қажет.
Зақымдану ошағында санитарлық – гигиеналық және эпидемияға қарсы іс – шараларды жүргізеді;
Зілзала мен апат кезінде АДКЖ – ның өткізу мүмкіндігі 10 сағат жұмыс уақытында – 500 адам, бактериологиялық зақымдалу ошағында инфекциялық стационар құрылған жағдайда – 200-350 орын, ал инфекциялық бригаданың күшейтілуі кезінде – 500 орын.
Атауы
|
Саны
|
1.Жеке құрам:
- дәрігерлер
- орташа мед персонал
2. Техника:
- жеңіл автомобилі
- жүк автомобилі
- жылжымалы электростанция
- тіркемелі су цистернасы
- автотаңу
|
150
10
38
2
12
1
1
1
|
Жұмыстың 10 сағаты ішіндегі бағдарлау мүмкіндігі:
500 зақымданушыға дәрігерлік көмек көрсетеді.
Дүлей зілзала аумағына (АДКЖ) алғашқы дәрігерлік жәрдем жасағын ашудың қағидатты сызған нұсқасы
бөлу орны
Достарыңызбен бөлісу: |