11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)
Бақылау тапсырмаларды орындау:
бөлу орны
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)
13. Үйге тапсырма: Бейбіт және әскери уақытындағы ТЖ-да халыққа
медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру Н-2,81-92бет 2 мин (5%)
Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтеншежағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру
№3 Сабақ: Бейбіт және әскери уақытындағы ТЖ-да халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
1.Сағат саны: 45 мин (100%)
2.Сабақ түрі: тәжірибелік
3.Сабақтың мақсаты:
оқыту:Қазақстан Республикасындағы апат медицина (АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;
тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жіті меңгеруге баулу;
дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің міндеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.
4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер,
кеспе қағаздары, бақылау тапсырмалары.
б) оқыту орны: 116 аудитория.
6.Әдебиеттер:
Негізгі:(Н)
1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.
2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.
3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.
4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010
5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.
6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.
8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.
9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.
10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.
11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.
12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.
13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.
14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет
16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.
17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.
Қосымша:(Қ)
1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.
3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.
4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.
5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.
6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.
7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.
8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003
9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008
10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.
7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Бейбіт және әскери(бөлімде)уақытындағы ТЖ-да жедел медициналық көмек көрсетудің жүйесін ұйымдастыру.
2. Жедел медициналық көмек.
3. Медициналық көмектің түрлері.
4.Арнайы медициналық көмекті ұйымдастыруға арналған факторлар.
5.Емдеу белгісідегеніміз не?
6.Көшіру белгісі дегеніміз не?
7. Белгілеріне байланысты науқастарды қанша топтарға бөледі?
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материялмен жұмыс
Бейбіт және әскери(бөлімде)уақытындағы ТЖ-да жедел медициналық көмек көрсетудің жүйесін ұйымдастыру
Жедел медициналық көмек – жарақат, жедел аурулар, улану кезінде ағзаның өмірлік маңызды қызметтерін сақтап қалу және қалпына келтіру, өмірге қауіпті асқыныстардың алдын – алуы мақсатында жүргізілетін, кідіруге болмайтын диагностикалық емдік эвакуациялық шаралар кешені.
Бөлім медициналық бөлім барлық мұқтаждарға кез – келген уақытта, кез – келген жағдайда жедел көмек көрсетуге дайын болуы қажет.
Бейбіт және әскериуақытындағы ТЖ-да жедел көмек көрсетуді ұйымдастыру жүйесі қамтамасыз етуі қажет:
жарақаттану, улану, ауру туындаған жерде тезарада медициналық көмек көрсету;
бөлім медициналық бөлім жолда медициналық көмек көрсету арқылы науқасты тезарады жеткізу;
медициналық бөлім науқаста қысқа уақытта толыққанды, уақытылы жедел көмек көрсету;
білікті және мамандандырылған медициналық көмек шаралары қажет кезінде емдеу мекемесіне жеткізіп немесе науқасты ауруханаға немесе әскери госпитальге жеткізу.
Бөлімде жедел медициналық көмек жүйесінің қызметі медициналық кадрлар, олардың мамандандырылған дайындығы, медициналық бөлім мен бөлімшесінің қажетті құралдармен жабдықталуы және санитарлық транспорттың болуымен қол жеткізіледі.
Медициналық бөлім жедел медициналық көмек ауру, жарақат, улану түріне байланысты, таңу немесе емшара бөлмесі дәрігерімен, ал келгенге дейін кезекші фельдшер көмегімен көрсетіледі.
Ол үшін таңу және емшара бөлмесі қажетті құралдармен жабдықталады. Жедел медициналық көмек көрсету құралдары тезарада қолдануға дайын және жедел медициналық көмек көрсету шкафында құлыптанып тұрады, кілт кезекші фельдшерде (санитарлық инструктор) болады. Медициналық бөлім жарақат алушы немесе науқасты жеткізу үшін, науқасты емдеу мекемесіне эвакуациялау үшін алдын – ала жазылған жолдамасы бар жолға дайын санитарлық автокөлік болады. Жедел медициналық көмек шараларының, диангостикалық зерттеу көлемі, күші көмек көрсетілу орнына, жағдайына байланысты 2 кестеде көрселгендей болады.
Жедел медициналық көмек жарақат алған жерде көрсетілуі тиіс: әскери машинада, жөндеу ұстаханасында, атыс алаңында, дайындық орнында, казармада, қарауылдық орында, әскери дайындық объектілерінде.
Жедел медициналық көмек жағдай болған орында өзара көмекпен және санитарлық инструктор көмегімен және бөлімшеде фельдшермен жүргізіледі. Сол үшін бөлімшеде, әскери машиналарда, жөндеу шеберханаларында, автопаркте, спортзалдарда, қарауылдық орындарда біріншілік медициналық көмек көрсету қобдишасы міндетті түрде болуы қажет.
Медициналық көмектің түрлері
Төтенше жағдай кезінде тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек түрлері:
алғашқы медициналық көмек;
дәрігерге дейінгі көмек;
мамандандырылған медициналық көмек;
арнайы медициналық көмек.
Жалпы медициналық көмекті балалар мен жүкті әйелдерге бірінші кезекті көрсетуге көңіл бөлінеді.
Арнайы медициналық көмекті ұйымдастыруға арналған факторлар:
мамандардың саны;
медициналық жабдықтармен жабдықталуы;
ем жүргізілетін қала сыртындағы аймақтардағы емдеу мекемелерінің болуы.
Жарақат алғандардың 70% арнайы медициналық көмекті қажет етеді.
Оларға:
бас, мойын, омыртқа, ірі қантамырлардың жарақаттары бар науқастар;
кеуде және ішкі мүшелер жарақаттары бар науқастар;
күйікпен зақымданғандар;
әсері күшті улы заттармен және улану заттарымен зақымданғандар;
жұқпалы аурулар;
психикалық жарақат алғандар;
созылмалы соматикалық аурулардың асқынған түрі.
Емдеу белгісі дегеніміз зақымданғандарға медициналық көмектің көрсетілуі реттілігі мен орны және қажеттілік дәрежесі.
Зақымданғандарды медициналық көмекті қажеттілік дәрежесіне байланысты келесі топтарға бөледі:
жедел көмекті қажет ететіндер;
медициналық көмек бірнеше сағатқа кешіктірілуі мүмкін;
өте ауыр жарақат алған, терминалды жағдайда жатқандар симптоматикалық емді қажет ететін науқастар.
Көшіру белгісі дегеніміз көшірудің реттілігіне, көліктің түріне және науқасты көлікке отырғызу, жатқызу, тасымалдау түріне қажеттілігі. Осы белгіге байланысты науқастарды келесі топтарға бөледі.
басқа аймақтағы немесе өзінің орталығындағы емдеу мекемелеріне көшірілетіндер;
осы емдеу мекемесінде қалдырылғандар (жағдайының ауырлығына байланысты) уақытша немесе толық айыққанша;
жергілікті емханаларда амбулаторлық ем қабылдайтындар немесе медициналық бақылауда болатындар.
Бейбіт және әскери(бөлімде)уақытындағы ТЖ-да жедел медициналық көмек көрсетудің жүйесі
Жедел медициналық көмек көрсету орны
|
Диагностикалық зерттеулер көлемі
|
Жедел медициналық көмек шараларының көлемі
|
Медициналық көмек көрсету құралдары мен күші
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Ауырған, жарақат алған жерде
|
Науқасты қарау, негізгі физиологиялық көрсеткіштерді бақылау (пульс, тыныс алуы, артериалдық қысым (АҚ), дене температурасы), улану, жарақат жағдайын білу
|
Сыртқа қан кетуді тоқтату, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету, жасанды тыныс, жүректің сыртқы массажы, шиналар мен байламдар салу, ағзадағы улаушы затты жою, емдік заттарды енгізу
|
Санинструктор, фельдшер. Медициналық дәрілік қобдиша. Медициналық әскери сөмке
|
Санитарлық көлікте тасымалдау кезінде
|
Науқасты қарау, тамыр соғысын қадағалау, АҚ, тынысын бақылау
|
Сыртқа қан кетуді тоқтату, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету шараларын жалғастыру, жасанды тыныс, жүректің сыртқы массажы, емдік заттарды енгізу
|
Дәрігер, санинструктор, фельдшер. Медициналық дәрілік қобдиша. Медициналық әскери сөмке
|
Арнайыланған транспортта тасымалдау кезінде
|
|
Емдік заттарды енгізу, новокаиндық қоршау, жүректің сыртқы массажы, аяқ – қол иммобилизациясы
|
Дәрігер, фельдшер, медбике. КИ-4, ДП-9.02, ДП-11, шиналар, жайма тақта, дәрігерлік төсеу
|
Медициналық бөлім
|
Науқасты қарау, пульс, АҚ, тыныс, диурезді
|
Өкпенің жасанды желдетілуі, венесекция, емдік
|
Дәрігер, фельдшер. Таза таңу
|
|
Бақылау, ЭКГ,зертханалы диагностика
|
Заттарды көктамырішілік егу, новокаиндық қоршау, жүректің сыртқы массажы, жараны хирургиялық өңдеу, ағзадағы улашы затты жою
|
Бөлмесінің жабдықтары КИ-4; ДП-9.02
|
Бейбіт кезде жеке құрам алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған жекеленген құралдарынмен қамтамасыз етілмейді. Дәрілік қобдишаны сақтау, қарау бөлімше командирі жауапкершілігіне артылады.
Достарыңызбен бөлісу: |