Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет4/7
Дата12.03.2017
өлшемі1,11 Mb.
#11596
1   2   3   4   5   6   7

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Бақылау тапсырмаларды орындау:

1-вариант

  1. Жедел медициналық көмек көрсету орны.

  2. Медициналық көмектің түрлері.

2-вариант

1.Жедел медициналық көмек шараларының көлемі.

2. Арнайы медициналық көмекті ұйымдастыруға арналған факторлар.

3-вариант

  1. Диагностикалық зерттеулер көлемі.

2.Жарақат алғандардың 70% -не қандай арнайы медициналық көмек

қажет?


4-вариант

1.Медициналық көмек көрсету құралдары мен күші.

2. Зақымданғандарды медициналық көмекті қажеттілік дәрежесіне байланысты қанша топтарға бөледі?
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма:ТЖ-да тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету. Н-2,81-87бет 2 мин (5%)


Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтеншежағдайда тұрғындарға жедел медициналық көмекті ұйымдастыру

4 Сабақ: ТЖ-да тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:Қазақстан Республикасындағы апат медицина(АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің мідеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру,кіші топта жұмыс істеу, тест тапсырмаларын орындау.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары, тест тапсырмалары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

7.Ұйымдастыру кезеңі:3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру.15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. ТЖ ошағында алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру.

  2. Алғашқы медициналық көмек.

  3. Алғашқы медициналық көмектің мақсаты.

  4. Механикалық зақымдау факторы басым апаттар.

  5. Алғашқы дәрігерлік көмектің түрлері.

  6. Термиялық жарақат ошағында жоғарыда айтылған шаралармен қатар жүргізілетін қосымша шаралар.

  7. Улы заттар таралуымен болатын апат.

  8. Радиоактивтік заттардың бөлінуімен болған апаттар.

  9. Бактериялық зақымдау ошағында жұқпалы аурулар.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

ТЖ ошағында алғашқы дәрігерлік көмекті ұйымдастыру

Алғашқы дәрігерлік көмекті алғашқы дәрігерлік көмек отрядтары, ТЖ ошағының маңында аман қалған емдеу-профилактикалық мекемелердің дәрігерлері көрсетеді.

Алғашқы дәрігерлік көмектің негізгі міндеттері:


  • Жарада инфекцияның дамуына жол бермеуге бағытталған шараларды атқару, жарақаттық шоктың алдын алу және олармен күресу;

  • Уланулар мен сәуле шарпуының ауыр зардаптарын болдырмауға немесе оларды барынша азайтуға бағытталған шараларды жүргізу;

  • Зардап шеккендерге өмірлік көрсеткіштері бойынша хирургиялық амалдарды орындау.

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету көлемі зақымданғандардың санына, төтенше жағдайдың шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін. Ол көмек жарақаттан кейін 4-6 сағат ішінде көрсетілуі тиіс.

Жарақаттан кейін алғашқы тәуліктерде өлім тудыратын себептерге ауыр механикалық жарақаттар, жарақаттық шок, қан кету, сонымен қатар тыныс алу мүшелері функциясының бұзылуы жатады. Осындай ауыр жарақат алғандардың 30%-ы жарақаттан соң 1 сағат ішінде, 60%-ы 3 сағаттан кейін, ал науқасқа көмек 6 сағатқа кешіккен жағдайда ауыр жарақаттанғандардың 90%-ы қаза болуы мүмкін.



Алғашқы медициналық көмек

Аталған көмек тікелей зақым ошағындағы халықтың өзіне – өзі немесе өзара көмек көрсету тәртібімен, санитария жасақтарымен, зақым ошағын жоюға қатысқан азаматтық қорғаныс жасақтарының құрамымен, сондай – ақ аман қалған емдеу – профилактикалық мекемелердің қызметкерлерімен көрсетіледі.



Алғашқы медициналық көмектің мақсаты –қарапайым медициналық көмекпен зақымданудың ауыр зардаптарын болдырмау немесе азайту арқылы зардап шегушінің өмірін сақтап қалу. Алғашқы медициналық көмек зақымданудан кейін 30 минут ішінде көрсетілсе мейлінше тиімді болады.

Алғашқы медициналық көмек түрлері

  1. механикалық зақымдау факторы басым апаттарда:

  • зақымданғандарды үйінді астынан шығару (егер аяқ – қолы басылып қалса, басылған жерден жоғары бөлікке жгут салынады);

  • асфиксиямен күресу, жоғары тыныс жолдарын сілекейден, қаннан және бөгде заттардан тазарту. Егер зақымданушы лоқсып құсса, мұрыннан көп қан ақса, оны жанына жатқызады, ал тілі тыныс жолдарын жабатын болса, тілінің ұшын түйреуішпен түйреп, дәкемен мойынға немесе иекке бекітеді;

  • «ауыздан – ауызға» немесе «ауыздан - мұрынға» әдістерімен, S- тәрізді түтікшенің көмегімен өкпені жасанды желдету;

  • зардап шегушіні қолайлы физиологиялық қалыпқа жатқызу;

  • жүректің жабық массажын жасау;

  • уақытша қан тоқтату: қатты таңу, саусақпен басу немесе байлам салу арқылы;

  • қарапайым заттармен зақымданған аяқ – қолды бекіту;

  • жарақатқа және күйген жерге асептикалық таңғыш салу;

  • шприц – түтік (тюбик) көмегімен ауырсынуды басатын дәріні немесе антидотты егу;

  • зардап шегушіде құсу, ішкі мүшелерінің жарақаты болмаса – су (1/2 қасық содасы және 1 қасық тұз қосылған су), тонусты көтеретін сусындар (шәй, кофе) беру;

  • тоңу мен ыстық өтудің алдын алу;

  • зақымданғандарды қауіпті ошақтан алып шығып, белгілеген панаға орналастыру;

  • зақымданғандарды жақын аймақтағы медициналық бекетке көшіруді бақылап, дайындау.

Алғашқы дәрігерлік көмектің түрлері:

  • Сыртқа аққан қанды толық тоқтату;

  • Жарақаттық шокты емдеу (ауырғанды басатын, жүрек-қантамыр жүесінің функциясын қолдайтын дәрілерді егу, новокаинды блокадалар жасау, тасымалдау иммобилизациясын орындау, жарақаттық шокқа қарсы қаналмастырғыш ерітінділерді көктамыр ішіне құю);

  • Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру (трахеостомия жасау, трахеяны интубациялау, тілді бекіту);

  • Ашық пневмоторакста окклюзиялаушы таңғыш салу;

  • Тыныс алуы анықталмаған жағдайда шұғыл түрде өкпені жасанды желдету (Амбу қапшығы немесе аппараттың көмегімен);

  • Жүрек функциясы тоқтаса, шұғыл түрде жүрекке жабық массаж жасау;

  • Зәр шығаруы болмаса, қуыққа катетер орнату немесе пункция жасау;

  • Көрсетілімі боынша тасымалдау шендеуіштерін (шиналарын), қан тоқтататын байламдарды пайдалану;

  • Жаралы инфекцияның алдын алу мақсатында кең спектрлі антибиотиктер, сіреспеге қарсы анатоксин, гангренаға қарсы сарысу егу;

  • Акушерия-гинекологиялық көмек ( гемостаз, жараны тазалау, ерте босанғандарды қабылдау, жүктілікті сақтауға арналған шараларды орындау);

  • Жедел терапиялық көмек (антидоттарды енгізу);

  • Зардап шегушілерді медициналық көшіруге дайындау.

Алғашқы дәрігерлік көмекті көрсететін құрылымдар – жедел медициналық көмек бригадасы, дәрігерлік-мейірбикелік бригадалар және жұмысын тоқтатпаған емдеу мекемелері.

  1. Термиялық жарақат ошағында жоғарыда айтылған шаралармен қатар жүргізілетін қосымша шаралар:

  • жанған киімді өшіру, киімді шешу;

  • зардап шегушіні таза ақжаймамен орау.

  1. Улы заттар таралуымен болатын апат кезінде:

  • тыныс алу мүшелерін, көзді, теріні әсері күшті улы заттардың түсуінен қорғау;

  • дененің ашық бөліктеріне жартылай санитарлық өңдеу жүргізу (ағын сумен, 2% сода ерітіндісімен) және мүмкін болған жағдайда киімдерді дегазациялау;

  • ауыз арқылы уланғанда сорбенттер беру, сүт, көп мөлшерде су ішкізу,

  • зақымданушыны тез арада улану аймағынан шығару.

  1. Радиоактивтік заттардың бөлінуімен болған апатта:

  • йод дәрісін немесе мүмкін болған жағдайда радиопротекторларды қолдану;

  • киімге, аяқ – киімге жартылай дезактивация жүргізу;

  • жеке қорғаныс заттарын пайдалану;

  • радиоактивтік зақымдану аймағынан тұрғындарды көшіріп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсету.

  1. Бактериялық зақымдау ошағында жұқпалы аурулар өршіген кезде:

  • қолдан жасалған немесе табельды жеке қорғаныс заттарын пайдалану;

  • жұқпалы ауруды жұқтыруы мүмкін науқастарды және дене қызуы көтерілгендерді белсенді анықтап, оқшаулау;

  • жедел алдын алу заттарын қолдану;

  • жартылай немесе толық санитарлық өңдеу жүргізу.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин (25%)

Тест тапсырмаларды орындау:

1.Алғашқы медициналық көмек көрсету уақыты - ... .

  1. 20 минутқа дейін

  2. 1 сағат

  3. 30 минут

  4. 25 минут

  5. 40 минут

2.Алғашқы медициналық көмек көрсетудің мақсаты - ... .

  1. адамның өмірін сақтау

  2. шөлін басу

  3. тамақ беру

  4. құжаттарын сақтау

  5. туысқандарының өмірін сақтау

3.Микроорганизмдердің өмір сүруіне қажетті заттарға ... жатады.

  1. микроб токсиндері

  2. саңырауқұлақтар

  3. вирустар

  4. микробтар

  5. бактериялар

4.Жасанды тыныс бергенде минутына ... рет ауа жіберу керек.

  1. 12-18

  2. 3-9

  3. 6-12

  4. 10-20

  5. 15-25

5.Жүрекке тікелей емес массажды минутына ... рет жасау керек.

  1. 60

  2. 30

  3. 80

  4. 100

  5. 120

6.Қан ағудың ... түрінде қан көп жоғалады және ол алқызыл түсті, қан ағуы жүрек ритміне сәйкес.

  1. артериальді

  2. ішке қан ағу

  3. венозды

  4. капиллярлы

  5. аралас

7.Қан ағудың ... түрінде қанның түсі қара-қоңыр түсті, мөлшері ағысы бір қалыппен, өздігінен тоқтамайды.

  1. венозды

  2. ішке қан ағу

  3. капиллярлы

  4. аралас

  5. артериальді

8.... қан ағудың бірнеше түрі бір уақытта болады.

аралас

  1. ішке қан ағу

  2. венозды

  3. капиллярлы

  4. артериальді

  5. аралас

9.Тек тірі клеткаларда көбейетін және өсетін микроорганизмдер - ... .

  1. вирустар

  2. риккетсиялар

  3. микробтар

  4. бактериялар

  5. микробтар, бактериялар

10.Жарақаттанған өкпеде ... пневмоторакс дамиды.

  1. терең тесілген жарақаттарда

  2. беткейлі жарақаттарда

  3. терең жарақаттарда

  4. тесілмеген жарақаттарда

  5. тері жырылғанда

11. ... жараларда біріншілік инфекция болмайды.

  1. операциялық

  2. кесілген және түйрелген

  3. соғылған

  4. шабылған

  5. тістелген

12.Қан ағу кезінде қанның түсі қызыл- қоңыр болса.

  1. венозды

  2. артериальді

  3. капиллярлы

  4. паренхиматозды

  5. лимфатикалық

13.Адамның терминальді жағдай түлеріне ... жатады.

  1. агония, клиникалық өлім

  2. биологиялық өлім

  3. пульс болмауы

  4. тыныс алудың тоқтауы

  5. ессіз немесе коматозды жағдай

14.Қабырға сынған кезде, бинтпен қысып байлау ... жасалынады.

  1. тынысты шығарған кезде

  2. терең тыныс алған кезде

  3. тыныштық кезде

  4. денені бос ұстаған кезде

  5. қауіпсіз кезде

15. ... жарақатқа жатпайды.

  1. іш-қуысы органдарының зақымдануы

  2. буын таюы

  3. сүйек сынуы

  4. сіңір созылуы

  5. соққы алуы

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма: Зақымданғандарға арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру . Н-2,92-95бет 2 мин (5%)

Сабақтың тақырыбы: Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңдегі төтеншежағдайда тұрғындарғажеделмедициналық көмекті ұйымдастыру

5 Сабақ: Зақымданғандарға арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту:Қазақстан Республикасындағы апат медицина(АМҚ) мекемелерінің жұмыс принциптерін оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: төтенше жағдай ошағында жұмыс істейтін негізгі медициналық құрылымдарды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: төтенше жағдай ошағында жұмыс істеу үшін апат медицина қызметінің мідеттерін анықтауды білу, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары, бақылау тапсырмалары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Зақымданғандарға арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру.

2.Ауруханалық базаның құрамы.

3. Ауруханалық коллектор құрамы.

4. Ауруханалық база басқару бөлімінің жұмысы.

5. Сұрыптау – көшіру госпиталінің негізгі міндеттері.

6. Сұрыптау – көшіру госпиталінің құрамы.

7. Бейіндік (профильды) ауруханалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет