Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Орындаған: 4 «а»ҚМҚ тобы Мухамбеткереева А. А жетекшісі: Нұрашева Г. С. Орал 2019 мазмұНЫ



бет9/16
Дата20.05.2024
өлшемі276,56 Kb.
#202598
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Курсовой

Педагогикалық практика барысында мен ұлттық салт-дәстүрлерге, адамзаттық құндылықтарға негізделген бірнеше сыныптан тыс шаралар ұйымдастырумен қатар, сабақтарымды да халықтық салт-дәстүрлермен, құндылықтарды тиімді қолдануға күш салдым. Мысалы, «Ата салтым - асыл мұрам» тақырыбында өткен танымдық сыныптан тыс сабақ пен «Салтым – асыл қазынам» атты тәрбие сағатына тоқталсам:
Сабақтың мақсаты:а) Оқушылардың бойына халқымыздың рухани байлығын сіңіре отырып, ата дәстүрін танып білуге, ардақтауға, құрметтеп, мақтан тұтуға тәрбиелеу.
ә) Халқымыздың ата заманнан келе жатқан ұлттық салт-дәстүрі негізінде адамгершілікке, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. б) Оқушылардың ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді оқушыларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.
Көрнекілігі: Слайдтар, нақыл сөздер, кітаптар.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру.
2.Кіріспе: Қазақ халқының ырымдары, тыйымдары ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі белгілі.Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдар мен тыйымдардың озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін тигізеді.Бүгінгі таңда тәрбиедегі басты бағыт: «Әр адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар, ырымдар мен тыйымдар және дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақында түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, шынайы факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің атабабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек».
- Ал, балалар, қандай тыйым сөздер мен ырымдар білесіңдер? (1-17 оқушы) 1. Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
2. Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды, себебі бұл қол-аяғы байланған тұтқынды еске түсіреді. т. б.
Тыйым сөздер мен ырымдарды өте жақсы біледі екенбіз, енді ән тыңдалық. Ән: «Қазақы дастарханым». Орындайтын: Ғалия, Аян.
Мұғалім: «Қазақтың тыйым сөзі - тәрбие көзі» демекші тағы қандай тыйым сөз білеміз, ортаға шығып өнер көрсетейік:
1-оқушы: Бүйіріңді таянба, Оттан аттама.
2-оқушы: Жағыңды таянба, Мойныңа белбеу салма. 3-оқушы: Босағаны керме, Құдыққа түкірме. т. б.
(Оқушылар қимылмен көрсетеді) .
4. Қорытынды: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай «Тыйым сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендерді әр сөзіне зер салып, әр сөздің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе, мұғалімдердің, әр сөзін ұғып, қарт адамдардың ақылын естеріңе сақтағандарың жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет