БАИШЕВ УНИВЕРСИТЕТІ
«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Топырақ гигиенасы »
Тексерген: Масабаева А.Н.
Орындаған: Бақыт Н.Б.
Ақтөбе 2019 ж
Кіріспе
Топырақтың санитарлық жағдайы және оның қасиеттері мал денсаулығын сақтауға және толық құнды азықпен қамтамасыз етуде мағызды орын алады. Сондықтан мал ұстайтын қораларды салғанда, жайылым таңдағанда топырақтың санитарлық жағдайына аса көңіл бөлген дұрыс. Топырақ – бұл үнемі физикалық-химиялық үрдістер, биохимиялық реакциялар, әртүрлі айналымдар жүріп отыратын ең күрделі табиғи зертханалардың бірі. Топырақ – әртүрлі өсімдіктер, жануарлар, шаруашылықтық –тұрмыстық және өндіріс қалдықтарын қабылдаушы және сіңіруші, көптүрлі микрофлора мен микрофаунаның көзі мен қоры болып табылады. Ол малдардың денсаулығы мен өнімділігіне үлкен тікелей және жанама әсер көрсетеді. Топырақтың гигиеналық мәні зор, және ол оның механикалық құрамымен, физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерімен анықталады. Топырақты зоогигиеналық бағалау мақсатымен жер учаскелеріне физикалық, химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық зерттеу әдістерінен тұратын зертханалық талдау үшін топырақ сынамасын ала отырып, санитарлық-топографиялық зерттеу жүргізеді. Санитарлық-топографиялық зерттеуге учаскенің жер бедерін, су қоймаларына қиыстауын және жарыққа қатысты зерттеу жатады. Бұдан басқа, тексергенде өсімдік жабынын, елді мекендерге қатысты орналасуын, топырақ типі мен су тәртібін зерттейді, топырақтың мүмкін болатын ластану көздерін анықтайды (қоқыстар, көң сақтау орындары және т.с.с.). Сонымен бірге топырақ – түрлі өсімдіктер, жануарлар қалдықтары мен щаруашылықтық-тұрмыстық қалдықтарды қабылдаушы және сіңіруші, сондай-ақ ол көптеген микрофлоралар мен микрофауналар резервуары. Топырақ сол жердің климатына, ал оның микробедері мен ерекшеліктері мал қораларының микроклиматына, өсімдіктің жетілуіне үлкен әсер етеді. Топырақ сипаты мен мал қораларын пайдалану үшін ескерілуге тиіс. Топырақ үнемі биологиялық ластануға ұшырап отыратындықтан, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу факторы бола алады.Топырақта – оразан зор табиғи биохимиялық зертханада – топырақ организмдерінің қатысуымен үнемі органикалық заттардың ыдырау және жаңа протеинді кешендердің синтезделу үрдістері жүзеге асып отырады, нәтижесінде топырақтың құнарлылығы артады. Өздігінен тазару үрдісінде патогенді микрофлора жойылады. Топырақтың өздігінен тазару қабілеті сұйық және қатты қалдықтарды залалсыздандыру және өңдеп, қайта пайдаға асыру үшін қолданылады.
3
Достарыңызбен бөлісу: |