Курстық жұмыс


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



бет2/8
Дата29.06.2020
өлшемі93,64 Kb.
#74683
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Назым кіріспе

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................31

КІРІСПЕ

Ағылшын тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым - қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс - әрекетінде ағылшын тілі сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады . Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей , жас ұрпаққа саналы , мән - мағыналы , өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы .

Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым - қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген , келешекте білімін түрлі саладағы қарым - қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің қазіргі кездегі міндетіміз. Ағылшын тілін тереңдетіп , жан - жақты оқытуды қоғам , уақыт қажет етіп жатыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып , әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі , ағылшын тілін жетік меңгеруді талап етеді. Мектебімізде биылғы жылдан бастап 1 сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады . Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады , оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді , бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады.Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі . Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы. Осыған байланысты мектеп мұғалімдері 1 - 4 сыныптарға арнап авторлық бағдарлама жасады.

Бағдарламаның мақсаты : оқытушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету , коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында , қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып , білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру , таныстыру .

Міндеттері :

- Оқушының бойына тілдерге деген қызығушылығын , оны үйренуге құштарлығын арттыру ;

- жеке тұлғаның заман талабына сай өмірге икемделуіне бағыттау және оның басқа елдің тілін , мәдениетін , тарихын және әдет - ғұрпын танып білуіне ықпал ету ;

- Оқушының сезімтал , шығармашыл, әлеуметтік , танымдық және тілдік қабілеттерінің дамуына жағжай жасай отырып , оның жалпы дамуына едәуір үлес қосу ;

- бастауыш сынып оқушыларын шетелдік құрдастар әлемімен , әндермен , тақпақтармен , оқулық және ертегі кейіпкерлерімен таныстыра отырып , тілді тез меңгеруге және өздерін еркін сезінуге көмек тигізу.

Оқыту барысында тыңдау, сөйлеу, оқу дағдылары біртіндеп дамиды. Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда жүреді, оқушы мұғалімнің, достарының айтқанын тыңдап түсіне алады.Сөйлеу көбіне жұптық ,топтық жұмыстар кезінде іске асады.

Бағдарлама бойынша 1сыныпта ауызша кіріспе жұмысы жүреді , оған ең негізгі деген тақырыптар таңдалып алынды . Мысалы : Жанұя, түр- түс , 1-10 дейінгі сан , жануарлар , ауа- райы , спорт , дене мүшелері ең жиі кезігетін етістіктер , модальді етістік , «бар болу» , «болу» етістіктерін қолдану. Ал екінші сыныптың бірінші жарты жылдығында өткен сынып материалдарын қайталау болып табылса , екінші жарты жылдықта әріптерді танып , жазуға үйренеді , сөздік қорын кеңейтеді. Келесі сыныптарда тақырып ауқымы кеңейіп ,грамматикалық материалдар қосылып білім аумағы кеңейе береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет