Курстық жұмыс


АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ МІНДЕТТЕРІ



бет4/8
Дата29.06.2020
өлшемі93,64 Kb.
#74683
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Назым кіріспе

1.2. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ МІНДЕТТЕРІ

Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім- біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Ойын - ақыл- ой мен сезім күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылатын сабақтар.Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады. Қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет ? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау қабілеттілігін артттырады. Ал егер оқушы сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады.

Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы - еліктіргіш сабақ. Сонысымен ол оқытушыларды, соның ішінде шет тілдер оқытушыларын қызықтырады. Ойын кезінде барлығы тең.Ол тіпті нашар оқушылардың да қолынан келеді.Тіпті тіл даярлығынан нашар оқушы ойында бастаушы болуы да мүмкін, кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну- сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді.Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі - «Мен басқалармен бірдей сөйлесе алады екенмін » деген ой оқушы жадына келеді.

Сонымен бірге ойынды оған тән белгілермен - сөйлеу ықпалының мақсаттылығымен , күтпегендігімен, әсерлілігімен шынайы сөйлеу арқылы араласуға барынша жақындатылған сөйлеу үлгісінің көп қайталанатын пысықтауы үшін мүмкіндік туатын жағдайдағы түрлі жағдайлы жаттығу ретінде қарастырылады.

Ойындар маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады :

1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға ;

2. Олардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге ;

3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға , жаттықтыруға

Міндеттері :

1. Ойын әдістемелерін ағылшын тілі сабағында жасөспірімдердің танымдық белсенділігіне ынталандыру құралдары ретінде пайдалану проблемалары жөніндегі әдебиетті зерделеуге ;

2. Ойын әдістемелерін топтастыруға , әртүрлі көзқарастарды талдауға ;

3. Жасөспірімдердің ағылшын тілін үйренудегі ойын әдістемелерін пайдалану ерекшеліктерін атап көрсетуге . Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырамыз , өз ойын , пікірін, көзқараасын білдіруге , екінші бір адамның жаубын тыңдап , оны толықтыруға , жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар :

1. Ойынның мақсаты нақты болуы керек.

2. Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек.

3. Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек.

4.Оқушылар түгел қамтылуы қажет. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болу керек.

Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қамтылуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге жетелеуі маңызды болып табылады.Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал. Біздің мақсатымыз - ақылын , сезімін , білімін , құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұр ретте білім мен тәрбиені ұштастыра отырып оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш салуымыз қажет. Ол үшін әңгіме, пікірталас және басқа әдіс- тәсілдерді , сонымен қатар ролдік, іскерлік ойындарды енгізіп отырған жөн.

Ағылшын тілін үйрету барысында музыканың ықпалы зор. Ән тілдік қарым - қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құралып оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде жатталады.Шет тілінде ән айтып үйрену оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі. Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор. Сабақта электронды оқулықтар пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтануына негіз қаланады.

Электрондық оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тесттік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады.

Қазіргі заманғы жалпы ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейінде пән аралық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туады. Бұл оқушының ақпаратты , қоғам жағдайында ойлау қабілетін арттыра түседі. Осындай бағыттағы білім оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, достық пен ынтымаққа баулиды.

Оқушылардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыра отырып, танымдық іс- әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалануы қажет.

Мұнда оқушыда кез келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалды із қалдырады , сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды.

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Үш тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі бірінші және үшінші сыныптан бастап өтуді негіз етіп отыр. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңарта оқу тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында, яғни олар мұратты , мөралды, тәртіпті болуымен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емес пе ? Бұған қазіргі заманда дүние жүзінің ортақ тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.Сондай-ақ халықаралық қатынастар аясында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды.Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда. Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі.жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Оқытудың негізгі үш түрі бар:

1.тәрбиелеу

2.ағарту


3.дамыту.

Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Кез-келген тілдің ағартушылық қызметі зор. әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар болуы, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. оқытудың дамыту мақсаты. Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттарының негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті.

Қазір қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін арттыруға арналған деңгейлік курстар жүріп жатыр. Сындарлы оқыту ториясына сүйенсек, бүгінгі күні білім дайын күйінде қабылданбай, оқушылар оны өздігімен ізденіп құрастырса, тұлғаның дамитыны, алған білімі ұзақ мерзімде есте сақталатындығы дәлелденіп отыр. Бұл бағдарламаның негізгі қағидаларының бірі:

1) оқытушының негізгі рөлдері: «жетекші», «ұйымдастырушы», «менеджер»

2) сыныпқа кіргеннен бастап жақсы көңіл-күймен сабақты өткізу, т.б.

Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарлата түседі. Бастауыш сыныптың оқушылары тез шаршап кетеді, сондықтан сергіту сәттерін қолданып отыру, оқушыларға қозғалуға, жүруге мүмкіндік беру, әр тапсырманы 6-7 минутта орындап, тапсырмаларды түрлендіріп отыру қажет. Диалогты сөйлеуде – оқушылар сұрақ – жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс — әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар бөлік элементтерден жаңа, тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет. Шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді түсіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін. Шығарма тыңдау барысында диалогтағыдай баланың жіберген қателеріне емес, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне көбірек назар аударған жөн.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев « «ҚАЗАҚСТАН – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамыз табысының негізі деп алты түрлі бағытты басшылыққа алған екен. Соның бірі – қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы. Елбасы біздің ана тілімізге, яғни, қазақ тілімізге аса зор мән бере отырып тіл саясатының қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі екендігін анықтап айтты.

Шет тілін оқытудың мақсаты отандық əдіс тəсілдерде төрт аспект арқылы беріледі:

1) оқу-тəжірибелік;

2) тəрбиелік;

3) ұйымдастырушы;

4) дамушы.

Əрбір көрсетілген аспектіні толығырақ қарастырайық.
1.Оқу-тəжірибелік аспект бойынша шет тілін оқыту. Студенттер шет тілін қатынас кұралы ретінде меңгеріп жəне оны ауызша жəне жазбаша сөйлеуде қолдана білуі керек. Тілді оқыту қызметінің төрт түрін, атап айтқанда: рецептивтік - тыңдау жəне оқу, продуктивтік -айту жəне хат жазу, сондай-ақ, осылармен байланысты тілдің үш түрлі аспектілері: лексика, фонетика, грамматиканы меңгеру мəселелерін қарастырамыз. Шет тілін меңгерудегі оқу тəжірибелік аспект тілдесудің барлық формаларын жəне тілдің барлық функцияларын, яғни жеке тұлғалар арасындағы өзара тілдесудің қажеттілігін, адам баласының рухани əлемін байытуын, өз пікірін қорғауын, отандық мəдениетті насихаттауын, халықтар арасындағы достығын, экономикалық жəне саяси дамуын меңгеруді ұйғарады.

Тілді оқыту қызметінің нақты мақсаттары ретінде:

- Сөйлесуде - хабарлай білу (баяндау, жариялау, хабарлау, ақпараттандыру, əңгімелеу жəне т.б.); түсіндіру (мінездемелеу, нақтылау, көрсету жəне т.б.); мақұлдау (ұсыну, кеңес беру, айқындау, қолдау, мақтау, алғыс айту жəне т.б.); əшкерелеу (сынау, қарсыласу, жоққа шығару, кінəлау, талқылау жəне т.б.); сендіру (дəлелдеу, негіздеу, нақтылау, көндіру, айтқанында тұру жəне т.б.);

- Жазуда - өзінің жəне өзгелердің пікірлерін жеткілікті жылдам түрінде бекіту, материалды қолдана отырып, оқығанды жаза білу, сейлеген сөздердің жоспарын жəне тезистерін сондай ақ, хат, аннотация жəне рецензия жаза білу;

- Оқуда - журнал не газет беттерінен мақаланы, орта қиындықтағы көркем шығармаларды қатынас құралы ретінде оқудың барлық функдияларын қанағаттандыру үшін іштей тез оқи ала білу қажет;

- Тыңдауда - бетпе-бет жүздесуде жəне жалпы радио бағдарламаларының, фоножазбалардың мəн мағынасын қалыпты екпінде аутенттік тілдесуде түсіне білу;

- Аудармада - тұрмыстық жағдайда аудармашы ретінде бола алу- негіздерімен ерекшеленеді. Оқу аспектісінде өзіндік жұмыстың дағдысын игеруді өте маңызды деп санау тура келеді.

Шет тілін үйренуде тəрбиелік аспект оқушының əлемдік көзқарасын, идеялық сенімін, патриоттығын, əдептілігін, қоршаған ортада өзіне жауап беруін жəне де жеке тұлғаның эстетикалық жəне рухани дамуын жүйелеуді негіздейді. Тəрбиелеуді этикалыққа, эстетикалыққа, еңбектілікке, экологиялыққа, ұлтаралыққа жəне т.б. бөлуге болмайды. Кез - келген тəрбиенің қайнар көзі адамды əдепті етіп тəрбиелеу болып табылады. Берілген аспектіні шындыққа айналдыру үшін барлық мүмкіндікті қолдану керек: мағыналы (əр түрлі күйдегі мəселе), жəне ұйымдастырушы (күн тəртібіндегі мəселелерді жəне олардың трактовкасын талқылау). сабақ кезінде, сондай - ақ сабақтан тыс кездегі іс-əрекеттерде оқушыларды тəрбиелеудің, шыңдаудың нақты жолдарын өз мүмкіндігін шектеп қалмау көрсете білу маңызды, яғни бұл жерде күштеп тəрбиелеу қажетсіз болып есептеледі.

Білім беру аспектісі оқытылып отырған тіл елінің мəдениетін, əдебиетін қоса алғанда, музыка, архитектура, сурет, тарих жəне тағы басқа ерекшеліктерін, өз тіліңмен ұқсастығы мен айырмашьшығын, оның тілдік жүйесін, сипатын мамандықтан күнделікті сүйікті іс-əрекеттерде кездесетін əр түрлі қызығушылықты меңгеруді қанағаттандыруды жоспарлайды.

Дамушы аспект шет тілін оқытуда өз ойыңды жеткізудің əдіс- тəсілдерін қолдана алудың қажеттілігін, яғни адамдардың сөздерді қалай айта алуын, пəндерді номиналдауын, қолданушы сөздерді, ана тілін шет тілімен салыстыру жəне теңестіру, тілді сезіне білуін, тілдік шешімдерді, оның барлық түрдегі ерекшеліктерін есте сақтауды, логиканы (сараптау, синтездеу, теңестіру, ақылды шешім табу), сенсорлық қабылдауды, мотивтік ортаны дамыту, мінез, еңбек сүюшілік, ерік, мақсаттылық, белсенділік, оқи ала білу арқылы тілдесе білуді, дамытуды қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде үзіліссіз тілді оқыту жүйесін жаңартудың қажеттілігі жөнінде көп айтылады. Мектеп жəне жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа тұжырымдамалары жасалуда, мамандарды дайындауда тілді оқытудың жаңа үлгілері пайда болуда, сонымен қатар оқытушы кадрларды дайындау жəне қайта дайындау саласында да, жеке тұлғаның қалыптасуында да осы сияқты өзгерістер шет тілін оқыту мақсатын түсінуге қатысы бар. Білімнің өзі, нақты шеберлік пен дағдыдан жəне оқу орнынан тыс жерлерде адамның білімді де шынайы іскер дайындықта болуын шеше алмайды. Кейінгі уақыттарда білім алудын мақсаты тек білім мен біліктілік қана емес, сонымен қатар жастардың қоғамда ары қарай дамуына өте қажеттіадами қасиеттерін, сөйлеу дағдыларының қайнар көздерін анықтау сияқты келелі мəселелер күн тəртібінде кеңінен қойылуда. Əр түрлі оқу орындарын бітірушілердің қазіргі нарық заманының енбек шарттарына орай бейімделіне алатын дайындығын жинақтап көрсететін бес негізгі сөйлеу дағдыларын айтуға болады. Осы сөйлеу дағдылары бүкіл Еуропа елдерінің өкілдері қатысып,1996 жылы наурыз айында "Еуропалық орта білім" шеңберіндегі жобада Бернде өткен симпозиумда тіркелді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет