Курстық жұмыс


ІІ БӨЛІМ.ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӨЗГЕШЕ ӘДІСТЕМЕСІ



бет5/8
Дата29.06.2020
өлшемі93,64 Kb.
#74683
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Назым кіріспе

ІІ БӨЛІМ.ТІЛ ҮЙРЕНУДІҢ ӨЗГЕШЕ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1. ТІЛ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ

Қазіргі Қазақстандық қоғам көпұлттық, көптілділік және көпмәдениеттілік жағдайда. Сондықтан осы қоғамға бейімделген көп тілді меңгерген мәдениетті тұлға қалыптастыру - өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген кезінде : «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі - Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болу керек» деген болатын. Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолдарымен де таныстырып өтті. Тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс, және ағылшын тілдерін еркін білуі керек екендігін айтты. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескере отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырды. Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Үнді-еуропа тілдерінің батыс герман тілдеріне жатады. Ағылшын тілі құрылымы жағынан флективті. Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Жаңа Зеландияның мемлекеттік тілі болып табылады. Канадада (француз тілімен қатар), Ирландияда (ирланд тілімен қатар) мемлекеттік қос тілдің бірі. БҰҰ-да қабылданған ресми алты тілдің негізгісі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында Ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді.

Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы - дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім.

Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді. жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.

Әдіс- оқу- тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жеті үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі.Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл- ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе- оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Егеменді еліміздің қарқынды даму саясатының негізінде қоғамы- мыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіліп жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік негіздегі сапалы білім беру мақсатына орай ҚР-ның білім беру жүйесіне жаңаша көзқараспен қарау міндет болып табылады. Бүгінгі таңдағы ұстаздардың міндеті - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру. Яғни, заман талабына сай білімді де, білікті маман иелерін даярлау. Нарық заманының бәсекесіне құзыретті білім деңгейінің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін көрсете алатын маман- дарды тәрбиелеу. Біліктілік - әр маманның үнемі жетілдіріп отыратын дайындық дәрежесінің деңгейі. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» - дегендей жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім бүгінгі күннің талабы. Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарды дамытуға мүм-кіндік беретін тұлға аралық және мәдени аралық қарым-қатынастың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттердің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық жэне зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілінің сұранысқа ие болуын қажет етіп отыр.

Тіл, сонымен қатар,ұлттық ойдың, ұлттық сананың көрсеткіші. Ағылшын тілін білу өмір талабы. Шетел тілін үйрету - қиын да қызықты жұмыс. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған ағылшын тілін меңгеруін, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару - біздің қазіргі басты міндетіміз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып элуеметтік өркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгеруін талап етеді. «Жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандартының» талабына сай ағылшын тілін оқыту қазіргі мектептерде төменгі сыныптан басталады. Ағылшын тілін оқытудың мақсаты - оқушының ағылшын тілінде қарым-қатынас алу, негізін менгеру болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативтік даму біліктілігін, оқушының қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілде сөйлеуге мүмкіндік алады. Шетел тілін оқытуда, тәрбиелік мақсатқа да көңіл бөлген жөн. Текстерді оқыған кезде оқушыларда интернационализм сияқты түсінік қалыптасады. Шетел тілін оқығанда әр уақытта сөздік пен справочник қолдану керек. Сондықтан ағылшын тілі сабағы оқушылардың өздігінен ізденуіне көмектеседі. Қазіргі таңда жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне көңіл аудара отырып, сапалы білім беру талаптары алға қойылып отыр.

Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың негізін құрайтын басты тетіктердің бірі болып саналады. Шетел тілін оқытуды жақсарту - заман талабы .

Менің оқушыларға ағылшын тілін үйрету барысындағы алдыма қойған мақсатым: «Оқушыларға ағылшын тілінде ауызша сөйлеу іскерліктерін дамыту». Осы мақсатты алдыма қоя отырып, әр сабағымды қазіргі жаңа технологиялық әдістерді қолданып, түрлендіріп өткізуге тырысамын. Жаңа технологияларды игеру мүғалімнің танымдық, кәсіптік, берік қарым қатыныстарының, адамгершілік рухани азамматтық және басқа да көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Оқу процесін жеделдетумен байланысты шетел тілдерін оқытуда жаңа әдіс тәсілдерді қолдану қажеттілігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдіс тәсілдерді қолданбау керек деген пікір тумайды. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негіз салады. Атап айтқанда, әртүрлі сөйлемдерді меңгеру, қайталату, текстті жаттату, бірнеше рет естеріне түсірту және тағы басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып шаршататыны мәлім. Сондықтан ағылшын тілін оқытуда төменгі сыныптарда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысына ойын түрлерін пайдалану өте тиімді. Қазіргі кезде оқушыларға ойын түрлерін қазақ халқының ұлттық ойындарымен байланыстыру,оқушыларды ұлттық тәрбиегеде үйретеді. Мысалы: «Орамал тастау» ойыны сөздік қорын кеңейту мақсатында қолдануға болады. Орамалды бір-біріне үйлестіріп беру арқылы сөздерді аудармасымен айтады, білмей қалған оқушы ойыннан шығады. Ойын элементтерін пайдалана отырып,оқушыларды сөйлеуге үйрету, олардың шығармашылық қабілеттері мен пәнге деген қызығушылықтарын арта түсетіндігін сабақ кезінде байқауға болады. Мысалы: “Әдемі доп” ойыны. Оқушылар сыныптың ортасына дөңгелене тұрады. Бір оқушы допты екінші оқушыға лақтыра отырып сұрақ қояды:

- Have you a dog?

- Yes, I have.

- Are you a teacher?

-I’m not a teacher. I’m a student.

Методистер бұл жастағы оқушыларға өз бетінше іздендіру мақсатындағы жұмыстарды беріп, ойын түрлерін творчестволық мәніңде ұйымдастыру пайдалы екендігін атап көрсетеді. Жоғарғы сыныптарда өздігінен орындалатын жұмыс түрлері бірте-бірте күрделірек болады, яғни оқушыларға творчестволық мәндігі мақсаттарындағы тапсырмалар орындаттылады. Мысалы: белгілі бір текстті ұсынып ,оның негізгі идеясымен мазмұндарын айтқызу. Тексті мәнерлеп оқуға дағды беру, ең қажетті материалдарды таңдап ала білу сияқты жұмыс түрлері оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыт береді. Демек мұғалім әр оқушыға қамқорлықпен қарауға тиісті. Оқушыға қашан өздігінен білім алу жолдарына жаттығып төселгенше мұғалім оған көмек жасап, оның жолдарын көрсету керек, яғни оқушының өздігінен орындайтын жұмыстарына сенімділікпен қарау дұрыс. Өйткені ол психологиялық ситуация туғызумен қатар білімді саналы меңгеруге жағдай жасайды. Мүндай икемділік дағдыларын ұлы педагог В.А.Сухомлинский дәлелдеп көрсеткен болатын. Жалпы оқытудың білімділік мақсатын түсіну үшін, шетел тілі пәнінің ерекшелігін түсіну қажет. Ағылшын тілі пәнін үйретуде ауызша сөйлеу іскерліктерін дамыту барысында диалог пен монолог түрлерін қолданған дұрыс. Диалог - бұл екі не одан да көп адамдардың кезіндегі қарым - қатынасы. Біреуі тыңдаушы, біреуі сөйлеуші болып табылады. Монологтық сөйлеу логикалық құрылған сөйлемдердің бір-бірімен байланысты болуы. Жалпы бұл әдісті қолданғанда оқушының өз өмірімен байланыстырып алған тиімді. Мыс:

-Who is your friend?

What is his/her name?

Ал, монологтық тәсілде өз досы жөнінде айту .

I have friend His name is Mike He is eleven a pupil. Осындай жұмыс түрі оқушыға тиімді, әрі қызықты, өйткені оқушы тек кітаптан оқып қана қоймай өзі туралы айтуға үйренеді және ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйренеді.

Ағылшын тілін үйрету барысында ең басты мақсат көбірек грамматикаға көңіл бөлу керек. Оқушылар грамматиканы дүрыс білсе, ағылшын тілінде сөйлемдерді де дұрыс құра алады. Оқушыларға бірден барлық грамматикалық құбылыстарды меңгерту мүмкін емес. Соңғы кезде сөйлеуде грамматикалық құбылыстардың еріктен тыс еске сақтау процесіне көп мән беріліп келеді. Негізінен 2 процеске көңіл бөлгеніміз жөн: -Еске сақтау

-Меңгеру


Мектеп программасында грамматикалық материалдар лексикалық материалдармен тығыз байланысты. Грамматикалық тапсырмаларды беру мүғалімнің өз әдіс - тәсіліне байланысты. Мұғалім оқушыға қандай тапсырма арқылы тез ұғындыра алады, бәлкім ол тест, ойын, карточка т.б болуы мүмкін. Жалпы грамматиканы төменгі сыныптан бастаған жөн. Тіл бейнелігінің бірден-бір көрсеткіші мақал-мәтелдер. Мақал- мәтелдерден халықтың ой санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл өнегесі мол көрініс табады. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, тұр жағынан ықшамдығымен ерекшеленеді. Шетел тілінде сөйлеуді меңгеріп қана қоймай, шет тілде әдемі, шебер, көркем сөйлей білуіміз керек. Ол үшін алдымен ана тіліндегі мақал-мәтелді жақсы білу қажет. Себебі қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің ағылшын тіліндегі баламасын ауызекі сөйлеуде қолдану керек. Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдерде қазақ тіліндегідей өң бойында поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ырғақтылық байқалады. Мысалы: East or West, home is best. Өз үйім өлең төсегім.

Қазіргі елімізде оқыту мазмұны жаңартылуы, жаңа жүйеге көшуі әрбір мүғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылықпен жұмыс, ізденіс оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын талап етеді. ¥лы неміс педагогы А.Дистервергтің әйгілі «Неміс мүғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде: « Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» - деген.

Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI – ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.

Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап түсіну – сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процесс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:

- Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы – оқушылардың пассивтік және потенциальдық сөздік қорын байыту;

- Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушы өз мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жолы – сабақта техникалық құралдарды жиі қолдану керек;

- Мұғалім әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның айтқан сөзін түсінсін дегендік. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл қиындықты сабақта тек техникалық құралды қолдану арқылы жеңуге болады;

- Мұғалім сабақта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Оқушылар осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, сондықтан мұғалімнің мақсаты оқушылардың тыңдаған мәтіннің мазмұнын бір – ақ рет тыңдағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда оқушылар мәтіннің мазмұнын бір рет тыңдағанда түсінбесе, оны екінші рет тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы мұғалім тыңдайтын мәтінге қосымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне , оқиға уақытына , оқиға жеріне және т.б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;

Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет -әлпетіне көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл – қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді, бірақта мұндай жағдай ылғида бола бермеуі мүмкін. Жоғарыда айтылған қиындықтарды жеңудің алғы шарты – мұғалімнің сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалануы және тыңдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра алуы.Бірінші топ жаттығуларының мақсаты – мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою.Үшінші топ жаттығудың мақсаты – мәтін мазмұнын толық түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы, тыңдаған мәтіннің тақырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және т.б. Үшінші топ жаттығуларын орындау барысында оқушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т.б. ұсынуға болады.

Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Бірақ өкінішке орай ата-аналар арасында «ағылшын тілін білмейміз, көмектесе алмаймыз» деушілер көп. Бұндай жағдайда мен интернетті қолдануға, сөздіктерді пайдалануға ақыл-кеңес беріледі.(мысалы: google-переводчик).

Сонымен қатар оқушылырдың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Мысалы, жаңа сөз бірліктерін енгізуде міндетті түрде суреттермен көрсету, сөздерді қайталау, жатқа айту сияқты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың есте сақтауы артып отырады. АКТ құралдарын пайдалану арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары артады, сабақта белсенділік танытады.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дегендей, әр сабақ барысында әр түрлі ойын элементерін пайдаланылуы тиіс. Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады.

Əлемдік тілдерді игеру - əлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашады. Олай болса, əлемдік деңгейдегі қолданбалы жəне іргелі зерттеулерді əрі дамыту үшін казіргі таңдағы халықаралық талаптарға сəйкес жоғары оқу орындарын бітірген түлектер ауадай қажет. Оларға жоғары білім жүйесін дамыту арқылы ғана жеткілікті дəрежеде сапалы білім беруге болады. Солардың бірі - оқытылатын ел тілінің тіл білімі материалдарын ана тілімен, ана тілінің өзіндік лингвистикалық аспектілерінің ерекшеліктерімен - cалыстыра отырып игеру. Өзі игерген тілдің даму заңдылықтарын терең зерттей білу - тілді ғылыми білу болып табылады деген пікірді С.Аманжолов былайша пайымдайды: "Тілді ғылыми білудің негізгі шарты - оның грамматикасын, грамматикалық құрылысын, негізгі сөздік қорын, дыбыстық жүйесін, сонымен қатар оның құрылысын жəне даму тарихын зерттеу. Бөгде тілге байланысты этнографиялык, тарихтық, əдебиеттік мəселелерді қамти отырып, жақын, туыс емес тілдердің материалдарын салыстыра тексеруді керек етеді."- дейді. Олай болса, тіл- коғамдық қарым - қатынас кұралы болғандықтан, оны даму заңдылықтарын зерттеудің өзінше ерекшелігі бар, зерттеп қарайтын, қамтитын мəселелері жеткілікті ғылым. Сол тіл ғылымы зерттеп қарайтын мəселелердің ішінде оның тиісті салалары болып табылатын қазіргі заман талабына сай шет тілін оқытудың мақсаты қандай əдіс - тəсілдерге негізделетінін қарастырамыз. Дəстүрлі қабылданған отандық əдіс - тəсілдерде, коммуникативті дəріс беруден алдыңғы орынды иемденуші, профессор Е.И.Пассованың липецтік мектеп өкілдерінің еңбектері негізінде төменде біз қарастырғалы отырған мақсаттар кешені ерекшеленеді.

Шетел тілін жаңаща оқыту соңғы жылдары жоғары қарқынға ие болды. Ұстаздардардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі студенттердің шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады . Олар аз уақытта жаңа технология жәрдемінде үлкен жетістіктерге жете алады . Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды және әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда : тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т б . Оқытушылардың біліктілігі олардың педогогикалық қарым- қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, студенттер де таңдау және бақлау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек ғана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу- тәрбие үрдісіне қолдана білу.


Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор.

Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару оқытушының басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тілді жетік меңгеруді, қастерлей білуді мақсат етіп қою керек. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты болуға, тіл үйренуге талпыну керек. Бұл жастардың болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.

Қорытындылай келе, ағылшын тілі – байланыс тілі. Ағылшын тілі қазіргі заман талабына сай, кең ауқымда қолданылатын тіл. Жаһандық экономикадағы тіл десек, кем түспес едік. Ағылшын тілі заманымызда өте маңызды рөл алып отыр. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі, қазіргі XXI ғасырда тереңдетілген, маңызды рөл болып саналуда. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде, осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады.Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді.Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. содан бері қарай көптеген өзгерістер енгізілді. ххі ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болыптабылады.Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына,өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде танылып, әдістемелік-теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды. Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары жүйесін негіздеп,олардың педагогикалық,психологиялық шарттарын жасау арқылы айқындалды.

Инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту-мақсатты түрде жобаланып саналы түрде ұйымдастырылатындығы зерттеу барысында нақтыланады, ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің өзара байланыса, араласа қолданылуы зерттеуде айқын көрінеді.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы жалпы білім беретін орындарда ағылшын тілін ақпараттық коммуникативтік технологиялар жүйесімен оқытудың әдістемелік тұғыр арқылы жасалған өзіндік құрылымдық –мазмұндық болмысы мен технологиясы туралы теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас бөлшегі ретінде ағылшын тілін жаңаша жаңғыртып оқытуға қосылған үлес ретінде таныла алады. Зерттеудің практикалық құндылығы жұмыста қарастырылған нәтижелер жалпы білім беретін мектептерде шет тілін оқытуда оқушыларды коммуникативті оқыту технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде ақпараттық технологияны, компьютерді мультимедианы қолданудың артықшылығы тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді. Зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі сабағында қолдануға болады.Бірінші тараудың бірінші тарамшасында ағылшын тілін оқытудың құрылымдық және мазмұндық негіздері сипатталады. ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді, әрине осыншама уақыт ішінде оқыту әдістемесі де әр кезеңде тілдің әр аспектісіне назар аудара отырып көптеген өзгеріске ұшырап отырды.Ағылшын әдіскері г.пальмер бұл кезең туралы былай деген екен: «take care of the first two stages and the rest will take care of itself». Бұл кездегі бағдарламада оқыту,түсіну және шет тіліндегі мәтінді аудара білу. ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма

қойылады. 1961жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. ауызша сөйлеуде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға(монолог)және ағылшын тілінде әңгіме жүргізе білуге(диалог)мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. Орта мектепте мынадай талаптар қойылды: ағылшын тілінде әңгімелесе білу , сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну, оқи білу. жазуға көмекші рөлі берілді. Лексиканың көлемі азайды, бағдарламада тілді тәжірибелік білу жағына басты назар аударылды. Тіл — сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады. Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет