Курстық ЖҰмыс



бет1/3
Дата21.10.2019
өлшемі165 Kb.
#50349
  1   2   3
Байланысты:
Заңды тұлға ұғымы Алия 45

Қарағанды "Bolashaq" жоғарғы колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Пәні: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы


Тақырыбы: «Заңды тұлға ұғымы »

Орындаған: Абильдина А.А.

Ғылыми жетекші: Тусупбаева А.А.


Тіркеу нөмірі:


Бағасы

Қолы:
Қарағанды 2019ж.


Мазмұны

КІРІСПЕ ...............................................................................................................3



1. ЗАҢДЫ ТҰЛҒА АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЬЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ

1.1 Заңды тұлға түсінігі.........................................................................................4

1.2 Коммерциялық ұйым түрлері.........................................................................9

1.3 Коммерциялық емес ұйым түрлері..............................................................19

ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................................24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................................25

ҚОСЫМША.........................................................................................................26

Кіріспе

Заңды тұлға түрлерінің құқықтық мәртебесі әркез өзекті болып келе жатқан салиқалы тақырыптардың бірі. Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларғаға да тән. Азаматтық Кодекстің 33-бабы, 1тармағында, оған мынадай ұғым берілген: “Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тәнқасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарт арқылы, не тек құрылтай шарт негізінде жүзеге асырады.

Нарықтық ұстанымға көшкен Қазақстанның аталған саладағы Азаматтық кодексін заман талабына сай қайтадан жасауды қажет етті. Яғни, бүгінгі үрдіске сай жетілдіруді талап етті.

Қазақстан Республиксаның жаңа Азаматтық кодексі және сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілері заңды тұлғаның құқықтық қабілеттілігін ұлғайтты деп қадап айтуға болады. Сонымен қатар әлі де болсын, заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесін асыру үшін үнемі соны қадамдар жасалып келеді. Мысалы, осы жылдың басында-ақ Парламент “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңды қабылдады. Онда жеке және заңды тұлға­лардың құқы мен бостандығын қорғаудың мемлекеттік кепілдігін күшейту мақсаты басты орынға қойылды. Заң арқылы барлық мем­лекеттік органдарға жеке және заң­ды тұлғалардың өтініштерін бірың­ғай қарау тәртібі де бекітілді. Осы ар­қылы лауазымды тұлғалар сөзбұй­далық пен бюрократтыққа салын­бас үшін заңдылықты қамта­масыз ету жағдайы жасалды. Сондықтан заңды тұлға түрлерінің құқықтық мәртебесі турасындағы ілгерілеулерді нақты мысалға ала отырып, бұл салада әлі де болса, шешімін таппаған кейбір өзекті мәселелер туралы сөз ету кусртық жұмыстың негізгі ұстанымы болып отыр.

Осы курстық жұмыстың мақсаты азаматтық құқықтағы заңды тұлғаның құқықтық жағдайын және мәртебелік мазмұнын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыста келесі міндеттер көзделді:

- заңды тұлғаның құқықтықсубъектілігі мәселесін көрсету, оның пайда болу мен ұйымдық-құқықтық нысанын сипаттау;

- заңды тұлға» және басқа ұғымдардың құқықтық табиғатын талдау, олардың функционалдық сипаттамасын зерттеу;

-мемлекетте  заңды тұлғаларлың қалыптасу, құрылу және қызмет ету жағдайында қоғамда алатын орны мен рөлін зерттеу болып табылады.
1 Тарау Заңды тұлға азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
1.1 Заңды тұлға түсінігі
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларғаға да тән.

Азаматтық Кодекстің 33-бабы, 1тармағында, оған мынадай ұғым берілген: “Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады”.

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Шет елдің азаматтық құықығының белгілі зерттеушісі М.И.Кулагин «Государственно-монополистический капитализм и юридическое лицо» атты еңбегінде тағыда 2 белгісін атайды, және де оларды алдыңғы орынға қояды – өз қызметінде құрамына кіретін қатысушыларынан заңды тұлғаның тәуелсіз болуы және де басқа тұлғалардың еркімен тұспа-тұс келмейтін дербес еркіндікке ие болу дейді [14,87].

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тәнқасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдары бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарт арқылы, не тек құрылтай шарт негізінде жүзеге асырады.

Сондықтан заңды тұлғаның белгісі туралы айта кете, оның заңды ұғымын, анықтамасын шығарамыз.

Мұндай жағдайды негізді деп санай алмаймыз себебі, ұғым (анықтама) белгіні ашу емес пәннің мағынасын ашуы қажет. Осыдан заңды тұлға құқықтық категория ретінде заң әдебиетінде бір келкі анықтамасын таппады.

Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуальдық-құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасауға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.

Заңды тұлға басшының, мелекеттің, құрған адамның атынан әрекет жасай алмайды тек өз атынан әрекет етеді. Бұл маңызды құқықтық мағынаға ие, дегенімен нақты құқықпен міндеттің және жауапкершіліктің субъектілерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал заңды тұлғаның атынан әрекет етуші теке өкілі болып табылады.

Мысалы бір іс бойынша, кәсіпорын директоры кәсіпорын атынан кепілді міндеттеме берген. Біраз уақыттан соң директор басқа адамға ауыстырылған еді. Енді кепілді міндеттемені орындау уақыты келгенде жаңа директор кепілді алдынғы директордың жасаған кепілді хаттың жарамсыздығын айтып орындаудан бас тартты [16,88].

Соттың істің қарауында, директор заңды тұлғаның органы болып табылады, ол болса азаматтық айналымда өз атынан әрекет етеді, сондықтан міндеттеме директорда емес заңды тұлғада пайда болды, жауап беретін директор емес заңды тұлға деп шешім шығарды. Сондықтан директордың ауыстырылуы міндеттеменің жарамдылығына әсер етпейді делінген.

Сондықтан қорыта келе айтумызға болады, еш бір ұжымдық құрылым, өзіне мүліктік оқшаулығы, ұйымдық бірлігі, дербес мүліктік жауапкершілігі және азаматтық айналымда өз атынан шығу белгілерін біріктірмесе заңды тұлға деп таныла алмайды.

Азаматтық заңнама заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және комерциялық емес.

Коммерциялық заңды тұлға пайда табуды басты мақсат қылып көздейтін ұйым. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым болып табылады (“Коммерциялық емес ұйымдар туралы” Қазақстан Республикасы Заңның 2-бабы).

Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық Кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым-заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:

1) коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;

2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойлуы мүмкін;

3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді;

4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;

5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды.

Ол жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсатына пайдалануына жол беріледі [17,91].

Ғылыми әдебиеттерде заңды тұлғаларды бөлудің басқалай амалдары қарастырылып жатыр. Мысалы И.П.Грешников, коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалардың айырмашылығы оның ұйымдық-құқықтық нысанында емес тіпті көлемінде және қызметінің сипатында емес оны құрайтын құрылтайшылардың ниетінде (ықыласында) жатыр деп пікір айтады.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:

а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;

б) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;

в) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.

Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінің білдіреді.

Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шарушылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жатады. Шарушылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болды.

Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер жатады (Азаматтық Кодекстің 36-бабының 4-бөлігі).

Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық Кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатың мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектеліп қалуға болмайды, себебі “коммерциялық емес ұйым” заң құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін.

Азаматтық Кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекеленген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодексті 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін.

Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады [18,86].

Азаматтық Кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.

Заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарт деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Жарғы құжат ретінде егерде заңды тұлғаның құрылтайшысы жалғыз болса, ал құрылтай шарты егерде құрылтайшылар бірден көп болса жасалынады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1)мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін-құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін- жарғы болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындау үшін міндетті.

Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-қайшылық болған жағдайда:

1) егер, олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;

2) егер, олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары қолданылуға тиіс. Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады.

Шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс. Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарт енгізілген жағдайда Азаматтық Кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескертілген.

Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5-тармағында қамтылған. Жарғының міндетті шартының тізбесінде бірқатар шарттар қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды және тағы басқаларды енгізу қажеттілігін міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама- қайшылық туындаған жағдайда:

1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы шарты;

2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.

Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуға құқылы. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі егжей-тегжейлі, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірінде шыққан “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” заңдық күші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережесімен реттеледі.

Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді.

Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін негіз қылып тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері де қарастырылған. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:

1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда;

2) атауы өзгергенде;

3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі. Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды яғни юстиция органын бір айлық мерзімде хабардар етеді.

Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады [19,127].

Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленді.

Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленгеді.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады.

Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі, сол лицензияны алған сәтте бастап пайда болады.

Мемлекеттік тіркеу заңды тұлғаны құрудың ең соңғы кезеңі болып табылады. Сондықтан құрылтай шартын және жарғыны бекіту, ол құрылтайшылардың тек ниеті болып табылады. Бұл орайда Азаматтық кодекстің 1тармағы 42 бабындағы анықтама келіспеушілікті тудырады. «заңды тұлға юстиция органдарында тіркеуге мемелекеттік тіркеуден өтуге тиісті делінген» Біздің ойымызша «тіркелуге тиісті» деген сөз міндеттемелікті білдіріп тұрады. Мәнінде тіркеу әлі құрылмаған «заңды тұлғаға» тіркеу міндетін туғызып отыр.

Осыған орай, біздің ойымызша Азаматтық кодекстің 42 баптағы, 1- тармағын және 3-тармағын біріктіріп келесі редакцияда айтылғаны жөн болар еді: «заңды тұлға мемлекеттік тіркеу сәтінен өткен соң құрылды деп есептеледі » деп айтылса.

Сондықтан тек мемелекеттік тіркеу фактісі ғана заңды тұлғаның пайда болуы туралы айтуға негіз береді.

Азаматтық Кодекстің 35-бабының 1-бөліміне сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады.

1.2 Коммерциялық ұйымдар

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады. Шаруашылық серіктестік және оның жекелеген түрлері туралы жалпы ереже Азматтық заңнамаға енгізілген. Акционерік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерді құру мен олардың қызметі 2003 жылы 13-мамырда қабылданған Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” заңымен және 1995 жылы 2-мамырда қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің “Шаруашылық серіктестіктері туралы” заң күші бар жарлығы мен реттеледі. Шаруашылық серіктестік түрінде құрылған коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері арнайы заң актілерімен қаралуы мүмкін, ал олардың нормалары Азаматтық кодекске сай келуі тиіс. Азаматтық Кодексте шарушылық серіктестігінің төмендегідей түрлерін құру мүмкіндігі қарастырылған: 1) толық серіктестік; 2) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; 3) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік; 4) сенім (коммандиттік) серіктестігі. Шарушылық серіктестігінің құрылтайшылары тіркеуден өткеннен кейін қатысушы мәртебесін алады.

Шаруашылық серіктестігінің жалпы ереже бойынша заңды тұлға да, жеке тұлға да бола алады.

Толық серіктестік пен сенім серіктестігінің құрылтайшылары мен қатысушылары тек азаматтар ғана бола алады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам бір тұлғамен құрылуы мүмкін. Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп танылады. Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарды өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді [25,79].

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиеселі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізілген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктерімен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін бір немесе одан көп қатысушыларды да енгізген және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік болып табылады.

Заң серіктестік түрінің әрқайсысы үшін жарғылық капиталына, мөлшеріне ең төменгі мөлшерді белгілеп, оның тәртібі мен мерзімін өзгертуге белгілі бір талаптар қояды.

Серіктестікті басқарудың жоғары органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы- өкілдер жиналысы болып табылады. Серіктестіктің күнделікті қызметін жүзеге асыру үшін атқару органдары құрылады, ол алқалы немесе жеке дара билік етеді. Сонымен қатар шаруашылық серіктестіктерде бақылау органдары: қадағалау кеңесі және тексеру комиссиясы (тексеруші) құрылуы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 58-бабының 1-тармағында «жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады» деп жазылған. Қазақстан Республикасының заңдары 1998 жылғы 10 шілдеге дейін шаруашылық серіктестікдің мынадай 5 түрін көрсетті:

1) Толық серіктестік;

2) Сенім серіктестігі;

3) Жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

4) Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

5) Акционерлік қоғам.

Бұлардың ішінде біздің республикамызда және әлемде барынша кең таралғандары - жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік қоғамдар. Бұл ретте дүние жүзінің көптеген елдерінің (мысалы, Ресей Федерациясында, АҚШ-та және Англия) заңдарында акционерлік қоғамдар шаруашылық серіктестіктің түрлері болып есептелмейді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясында жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерді серіктестіктерге емес, қоғамдарға жатқызады екен. Коммерциялық ұйымдарды тұлғалардың (серіктестіктердің) бірлестіктеріне және капиталдардың (қоғамдардың) бірлестіктеріне бөлу бастапқы бөлу болып табылады. Мұның бірінші санатында тұлғалық жағдай айтарлықтай маңызды болады. Сондықтан жаң серіктерді қабылдау жалпы жиналыстың келісім беруін талап етеді. Екенші санатта тұлғалық жағдайдың айтарлықтай маңызы болмайды. Сондықтан қатысушылар құрамының өзгеруін еш нәрсе шектемейді және капитал айтарлықтай еркін ауысатын болады.

«Акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша Қазақстана Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі заңы акционерлік қоғамдарды серіктестіктердің қатарынан шығарып, оларға коммерциялық ұйымның дербес түрі рөлін берді. Тиісінше, АҚ-ның 2-тарауының 2-параграфының «Шаруашылық серіктестік» деп аталатын ІІ бөлігінің, «Жалпы ережелеріндегі» 1-бөлім тармақшасы осы уақыттан бастап акционерлік қоғамдарға таралмайды. Осыған қарамастан, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың құқықтық жаратылысында айырмашылықтардан гөрі ортақ нәрселер әлдеқайда көп болады. Шаруашылық серіктестіктер туралы заңдардың жалпы бөліміндегі нормалардың негізгі бөлігі акционерлік қоғамның құқықтық режиміне барынша сай келеді. Сондықтан акционерлік қоғамды «Шаруашылық серіктестік» ұғымының ауқымынан шығару қисынсыз және шетелдік заңдарды көшірудің жеткіліксіз дәлелі болады». Бұл автор сондай-ақ ағылышын-американ жүйесі елдеріндегі компаниялардың (акционерлік қоғамдардың) құқықтары заңды тұлғаның мәртебесін алуы арқылы серіктестіктерден өзгешеленіп тұратынын мысалы етеді. Сондықтан оларда акционерлік қоғамды серіктестіктерден ажыратудың Қазақстанда кездеспейтін маңызды негізі бар.

Шаруашылық серіктестіктің мүлкі болады. Оның дербес балансында көрсетіледі. Баланста көрсетілген заттар шаруашылық серіктестікке меншік құқығында тиесілі болады. Олардың құқықтық режимі АК-ның 2-бөлігінде баян етілген. Баланста көрсетілген қалған активтер мүліктік құқықтар болғандықтан, серіктестікке меншік құқығында тиесілі болмаса да, шаруашылық серіктестік мүлкінің құрамына кіреді. Мешік иелері мен олардың мүлкін айқын жіктеу заңгерлердің маңызды міндеті болып саналады. Даулы жағдайларда мүліктін меншік иесін анықтау қажет болады. Әрбір меншік иесі өз мүлкінің кездейсоқ жойылып кету қаупін сезеді және тек өз борыштары бойынша және тек өз мүлкімен жауап береді. Іс жүзінде, өкінішке қарай, бұл қағида кейде бұзылып жатады. Мысалы, мемлекеттік кейде өзі қатысатын коммерциялық ұйымдарды әлде бір іс-әрекеттер жасауға міндеттейтін шешімдер қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет