Оқу сауаттылығы – адамның ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну және интерпритациялау қабілеті болып табылады. Оқушының бұл басты төрт оқырмандық құзыреттілігі оның коммуникативтік дағдыларын анықтайды. "Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау". Оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы бар,олар: жағдай, мәтін, аспект.
құрамдауыш: Жағдай
Жағдайдың санаттары: жеке пайдаланым үшін оқу, көпшілік пайдалану үшін оқу (қоғамдық), жұмыс жасау үшін оқу және оқыту үшін оқу.
құрамдауыш: Мәтін
Мәтін формасы: тұтас және жадағай. Мәтін типі: сипаттама, мазмұндау, мазмұндама, аргументациялау, нұсқау, келісім.
құрамдауыш: Аспект
Аспектілер – бұл оқырман мәтінде, мәтін айналасында және мәтін арасында аталған тәсілдерді келісу үшін пайдаланатын психологиялық стратегиялар, тәсілдер және тапсырмалар. Оқу сауаттылығы тапсырмаларын әзірлеумен айналысатын бес аспект:
Әр оқушы оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы: мәтін, жағдай, аспект түсініктерін күнделікті сабақта оқып, түсініп, тапсырмаларын мұқият орындауы шарт, ал мұндай тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру жауапкершілігі мұғалімге жүктелетіні сөзсіз. «Оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар жинағында» оқушылардың жоғарыда аталған дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар құрастырылған. Оқушылар өздері оқығандары мен тыңдағандарының ішінен оқиғаларды және фактілерді тауып, соған өздерінің қөзқарасын қысқаша айтып берулері тиіс. Олар өз пікірін айту үшін мәтінді жоспар жазбаларын пайдалануына болады.