Кушерова Ж. Е., Кожахметова З. Р



бет3/6
Дата11.04.2022
өлшемі333,09 Kb.
#138856
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оқу сауаттылық жинағы

Мазмұны


Ы.Алтынсарин «Такаппарлық»


«Зор тұлға» Табиғат


Қышқыл жауындар
Тупиктер түндері
Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар? Сыныпқа мінездеме
Алтын сағат
Азық іздеу барысында Алисаның арманы Алып тістің құпиясы Балмұздақ
Қоян жер сілкінісі болатынын ескертеді Таңғажайып түн
Қасиетті адыраспан Темірқазық
Жасыл теңіз тасбақасының өмірлік саяхаты Кесек сазбалшық
Ұмыт қалған балауыз Патшаның қызы неге бақытсыз? Дәрілік өсімдіктер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ы.Алтынсарин «Такаппарлық»
Вениямин Франклин деген даңқты білім иесі, Америка жұртының кісісі, он сегіздегі жас күнінде, Медера деген қаланың бір қарт адамына қонақ болып, шығар уақытта қарт ішкергі бір есіктен шығарып салуға алып келіпті.
Франклин бұл кісіге сөйлесе келе жатып, алдында не барын аңғармай, есікке жақындағанда қарт дауыстапты: - Еңкей, еңкей - деп. Сүйдегенше болмай, есік аласа екен, маңдайшасына Франклин маңдайымен тарс ете түсіпті.
Сонда қарт күліп айтты дейді: - Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан
құтыларсың. Бұл сөзді Франклин сексен жасқа келгенше ұмытпай, "Сол қарттың ақылы маған көп пайда болды және басын жоғары көтерген тәкаппарлықтың әлек болғанын көзіммен көрдім" деп әрдайым айтушы еді.



  1. Америка жұртының даңқты білім иесі, Вениамин Франклин жас күнінде, не себепті Медера қаласына келді деп ойлайсыздар?

А) Бір қарт адамға қонақ болып келді. В) Қарттың немересі болатын
С) Қартты қарттар күнімен құттықтайын деген мақсатпен
D) Қарт көмекке шақырған еді Е) Америкаға қонақ болып келді.

  1. Франклин мен қарт сөйлесіп келе жатады, сол кезде Франклинге қарттың ескерткен сөзін мәтінге сүйене отырып себебін табыңыз.

А) Ұмытпағайсың, сен жассың
В) Бұл кішкентай реніш сізге екіншіде ақыл болар; ұмытпағайсың, сен жассың, өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүрсең, мұнанда артық неше соққылардан құтыларсың.
С) Өмірің алдыңда, басыңды тым жоғары ұстама
D) Басыңды тым жоғары ұстамай, төмен иіңкіреп жүр

  1. Мәтінде қарт шал Вениямин Франклинге айтқан кеңесін дұрыс деп ойлайсыз ба?

А) Иә, дұрыс, өйткені кішіпейіл болу керек В) Жоқ, еңкейген сайын басыну көбейеді. С) Иә, себебі ол қария.
D) Жоқ, келіспеймін.
Е) Жоқ, әркімнің сөзін тыңдамай, алған беттен таймау керек.



  1. Мәтіндегі негізгі ойды анықта:




  1. Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып жаз:






  1. Франклин Медера қаласына қонаққа барған кезінде неше жаста еді?

А) 18
В) 20
С) 80
Д) 70

  1. Франклин есікке жақындағанда қарт не деп дауыстады? А) тәкәппарланба деді

В) еңкей, еңкей деді С) төмен қара деді Д) абайла деді

  1. Франклинге қарт қандай ақыл айтты?




  1. Мәтін кейіпкерлерін сипаттап жаз.



«Зор тұлға»


Әр ғасырдың өзінің біртума азаматтары , аты аңызға айналған көрнекті тұлғалары болады. Солардың бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Есімі дүние жүзіне белгілі болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері. Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Верный қаласында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. 1931 жылы Д.А.Қонаев Мәскеудегі Калинин атындағы «Түсті металдар» институтына оқуға жіберілді. 1936 жылы осы институттың тау-кен факультетін бітіріп, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішіне кен инженері болып барды.
Мұнда Д.А.Қонаев қарапайым жұмысшыдан, кеніш директорына дейін көтеріледі. Ұлы Отан соғысы кезеңінде Риддер кен орнының және Лениногор кен басқармасының директоры болды. Кейін Министрлікте қызметін атқарды. 1952 жылғы сәуірде Ғылым Академиясының академигі және оның президенті болып сайланды.



  1. Мәтінде қай дәуірдің кезеңі баяндалған? А) Кеңес дәуірі

В) Қазақстан Республикасының алғаш құрылған дәуірі С) Азаматтық соғыс кезеңі
Д) Ақ патша дәуірі

  1. Мәтіннің тақырыбы:

А) Адам және оның қоршаған ортасы В) Білім және ғылым
С) Әлеуметтік қарым- қатынас Д) Мемлекеттер мен қалалар

  1. Қонаевтың зор тұлға екендігі қай тіркесте ашылып тұр? А) Біртума азамат

В) Социалистік Еңбек Ері
С) Ғылым Академиясының академигі Д) Аты аңызға айналған

  1. Қонаевтың еңбек жолын ретімен көрсет А) 1912, 1931, 1936, 1952

В) 1931, 1936, 1952
С) 1936, 1952
Д) 1912, 1931

  1. Д. А. Қонаев қай жылы кен инженері қызметін атқарды? А) 1936

В) 1938
С) 1941
Д) 1950

  1. ҰОС кезінде қандай қызмет атқарды? А) кен инженері

В) Қоңырат кенішінің директоры
С) Риддер кен орнының директоры Д) тау-кен факультетін аяқтады.

  1. 1952 жылғы сәуірде қандай қызметке сайланды?

А) Ғылым Академиясының академигі және оның президенті В) Қоңырат кенішінің директоры
С) Риддер кен орнының директоры Д) кен инженері

  1. Д. А. Қонаевты сипаттап жаз. Ол қандай тұлға?



_
Табиғат

Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады.


Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»),
Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали
атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.



  1. Суреттеу қай сөйлемде?

А) Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің
В) Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді
С) Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген.
Д) Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады

  1. Кейіптеу қай сөйлемде?

А) Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. В) Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті.
С) Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс
Д) Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын

  1. Тіршіліктің көзі не? А) Су

В) Табиғат С) Ауа
Д) Жаңбыр

  1. «Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.» Сөйлемнен ауыспалы мағынадағы тіркесті тап?

А) Көлдер қойнын ашса В) құстар қонар
С) қаңқылдап құстар Д) қойнын ашса

  1. «Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті» деп жырлаған кім?

А) А.Құнанбаев В).Ы.Алтынсарин С) М.Жұмабаев Д) Қ.Мырзалиев

  1. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындар нені білген? А) Табиғат сұлулығын

В) Табиғат құдіреттілігін С) Табиғат сырын
Д) Табиғат көркемдігін



  1. Өзің ұнайтын жыл мезгілін әсерлі, көркем сөздермен сипаттап қысқаша әңгіме жаз.



_
Қышқыл жауындар

Төмендегі берілген суретте Кариатидами деп аталатын, Афинадағы Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған мүсіндер келтірілген. Бұл мүсіндер мрамор деп аталатын тау жынысынан сымбатталған. Мрамор карбонат пен кальцийден тұрады. 1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды.


Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған. Қышқыл
жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді.



  1. Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына неліктен салған?

А) мрамордың құрғақ массасын өлшеу үшін
В) карбонат пен кальцийдің құрамын анықтау үшін С) қышқыл жауын құрамын анықтау үшін
Д) қышқыл жауынның әсерін білу үшін
Е) сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі бірдей болғандықтан.

  1. Мәтін қай стильде жазылған. А) публицистикалық

В) ғылыми
С) көркем әдеби Д) ресми
Е) ауызекі

  1. Мрамор неден тұрады?

_

  1. Мүсіндердің түпнұсқасы неліктен қышқыл жауындар деп аталған?



_

  1. 1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы қайда ауыстырылды? А) Акропольдың музейіне

В) Афинаға С) Акрополға Д) кең далаға

  1. Мраморды бір түнге сірке суына салып қойса не болады? А) Құрғақ мрамордың массасын өлшейді

В) газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. С) Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін
Д) Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей

  1. Тәжірибенің басы және аяғында нені өлшейді?

_

  1. 1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылған соң орнына не тұрғызылды?

_

  1. Мүсіндер неше жыл бұрын тұрғызылған? А) 2500 жыл

В) 2000 жыл
С) 2300 жыл
Д) 2400 жыл
Тупиктер түндері
Жыл сайын қызыл-сары тұмсығы бар қара-ала құстар Хеймаэй атты исланд аралына ұшып келеді. Бұл құстардың аты – «тýпиктер». Қызыл-сары
тұмсығы мен епетейсіз қимылдары үшін бұларды тағы «теңіз
сайқымазақтары» деп те атайды. Толық денелері мен қысқа қанаттарының кесірінен бұл құстарға ұшу мен қону өте қиын.
Халла Хеймаэй аралында өмір сүреді. Ол күнде аспанға қарайды. Биік
жартастың үстінде тұрып, биылғы алғашқы тýпикті көру үшін теңізге көзін тігеді. Ішінен «ланди» деп сыбырлап тұрады, бұл исланд тілінен аударғанда
«тýпик» деген мағынаны білдіреді.
Көп кешікпей олар бүкіл аспанда көрінеді – барлық жерде тýпиктер, тýпиктер. Олар қыстаудан теңізге оралады, Халланың аралы мен жақын арадағы адам тұрмайтын аралдарға жұмыртқа салып, балапандарын басып шығару үшін оралады. «Теңіз сайқымазақтары» жылдан жылға өз ұяларына қайтып ұшып келеді. Олардың жағаға шығатын жалғыз уақыты осы.
Халла және оның достары жартастардан құстарды бақылайды. Олар құстардың жұптары бірін-бірі тұмсықтарымен тоқылдатқанын көреді: тоқ, тоқ, тоқ. Көп кешікпей әрбір жұп тастардың арасына жасырылған
жұмыртқаларын қорғайды. Жұмыртқалардан балапандар шыққан соң, ата- аналары оларға балық әкеліп береді. Әрбір балапан жас тýпикке айналады. Әрбір жас тýпик алғашқы ұшуына кеткенде тýпиктер түндері басталады.
Тýпиктер түндеріне әлі бірнеше апта қалса да, Халла неғұрлым көп картон коробкаларын дайындап қоюды ойлайды.
Жаз бойы ересек тýпиктер балық аулап, балапандарына қамқорлық
жасайды. Тамызда жартастарды гүлдер басады. Гүлдер гүлдегенде, Халла уақыт келгенін түсінеді.
Балапандар өсіп, жас тýпиктерге айналды. Халла және оның достары үшін картон коробкалары мен фонариктерін шығару уақыты жетті. Осы кештен бастап екі апта ішінде тýпиктер қысқы мерзімге теңізге қайту үшін дайындықты бастайды.
Түн түсісімен тýпиктер өз ұяларын тастап, алғашқы ұшуларын орындайды. Бұл биік жартастардан қысқа ұшу. Құстардың көпшілігі теңіз бетіне сәтті қонады. Дегенмен құстардың жартысын ауылдағы шамдардың жарығы шатастырады. Мүмкін құстар бұл жарықтарды су бетіндегі ай сәулесі деп ойлайтын шығар. Міне сондықтан әрбір түні жүздеген тýпиктер ауылға келіп қонады. Олар жер бетінен көтеріле алмайды, ары-бері жүгіріп, жасырынбақ болады.
Әрбір түні Халла достарымен теңізге жете алмаған тýпиктерді іздейді. Бірақ бұларды ауылдағы мысық пен иттер де іздейді. Ал мысық пен иттер таба алмаса, машинаның астына түсіп кетуі мүмкін. Адасып қалған балапандарды балалар бірінші болып табуы керек. Сондықтан кешкі сағат оннан кейін Хеймаэй көшелерін балалар қаптап басып кетеді.
Халла достарымен балапандарды құтқарудан жарысады. Қолдарына фонарик алып, олар ауылдың қараңғы жерлерін қарайды. Халла тýпикті
көрді. Ол соңынан жүгіріп, ұстап алып, ақырын картон коробкасына отырғызды.
Екі апта бойы Хеймаэй аралының балалары түнде ояу болу үшін таңертең ұзақ ұйықтайды. Олар мыңдаған тýпиктерді құтқарады. Әрбір түні Халла және оның достары құтқарған тýпиктерді үйлеріне алып келеді. Келесі күні олар жағаға барады. Тýпиктерді жіберетін уақыт келді. Халла біреуін жібереді. Ол оны қанаттарын жайғанша қолында ұстап тұрады. Сосын
ақырын шайқап суға қарап жібереді. Тýпик шамалы ұшып барып, суға сәтті қонады.
Осылай күн сайын тýпиктер түндері аяқталғанша Халланың құстары теңізге жүзіп кетеді. Соңғы ересек және жас тýпиктер теңізге қыстауға кетіп жатқанын байқап тұрып, Халла олармен келесі көктемге дейін қоштасады.
Ол оларға сәтті сапар тілеп, «Қош болыңдар! Қош болыңдар!», — деп айқайлайды.

  1. Не үшін тýпиктерге ұшу мен қону қиын? А) олар мұзда тұрады

В) олар жағаға сирек шығады
С) олар биік жартастарда тұрады
Д) олардың денелері толық және қанаттары қысқа

  1. Тýпиктер қайда қыстайды? А) жартастар арасында

В) жағада С) теңізде Д) мұзда

  1. Тýпиктер аралға не үшін ұшып келеді? А) сақтану үшін

В) тамақ табу үшін
С) жұмыртқа салу үшін Д) ұшып үйрену үшін

  1. Жақында тýпиктер ұшатынын Халла қалай біледі? А) ата-аналары тýпиктерге балық әкеледі

В) гүлдер гүлдейді
С) балапандар жасырылады Д) жаз енді басталды

  1. Тýпиктер түндерінде не болады?

А) тýпиктер жұптары бірін-бірі тұмсықтарымен тоқылдатады: тоқ, тоқ В) тýпиктер алғашқы ұшуына шығады
С) тýпиктер жұмыртқаларынан балапандар шығады Д) тýпиктер теңізден жағаға шығады

  1. Ауыл тұрғындарына тýпиктер ауылға шатасып қонбас үшін не істеуіне болатын еді?

А) шамды сөндіруге В) коробка дайындауға
С) мысық пен иттерді қамап қоюға
Д) фонариктермен аспанға жарық түсіруге

  1. Тýпиктерді құтқару үшін Халла фонаригін қалай пайдаланатынын түсіндір.




  1. Тýпиктерді құтқару үшін Халла картон коробкаларын қалай

пайдаланатынын түсіндір.



  1. Мақалада тýпиктерді күтіп тұрған қандай қауіп туралы айтылған?

А) теңіз бетіне қонғанда суға шашалып қалу В) ұялар арасында адасып қалу
С) ата-анасынан балық ала алмау Д) машинаның астына түсу

  1. Не үшін тýпиктерді балалар күндіз жіберуі керек? Мақала мәтініне сүйеніп жауап бер.




  1. Тýпиктер Халла мен достары оларды жіберген соң не істейді?

А) жағада жүреді
Ә) жартастан ұшады
Б) ауылда жасырылады В) теңізде жүзеді

  1. Тýпиктерді бостандыққа жіберген соң Халла қандай екі сезімде болуы мүмкін екенін жаз. Не үшін екенін түсіндір.




  1. Сенің Халла және оның достарымен бірге тýпиктерді құтқаруға барғың

келе ме? Өз жауабыңды түсіндіргенде оқығаныңды қолдан.

Сіздер тістеріңізді қалай тазалайсыздар?


Тістеріңізді ұзағырақ және күш салып тазалағаннан олар тазарақ бола ма? Британ зерттеушілері олай емес дейді. Іс жүзінде тіс тазалаудың көптеген әр түрлі әдістерін байқап көріп, олар ақыр аяғында, ең тиімді нәтиже беретін
жолын тапты. Артық күш салмай, кәдімгі мәсуекпен екі минуттық тазалау ең жақсы нәтиже беретінін анықтады. Егер мәсуекке қатты күш салса, онда тісті тамақтың қалдықтары мен тіс қонуларынан арылта алмай, тістің эмалі мен қызыл иекке зақым келтіруге болады. Тіс тазалау маманы Бенте Хансен:
«Қарындашты қалай ұстасаңыздар, тіс мәсуегін де солай ұстаған дұрыс», – дейді. Ол: «Бір жағынан бастаңыздар да, тістің бүкіл қатары бойы мәсуекпен тазалап шығыңыздар», - деп кеңес береді. «Тілдеріңізді де тазалауды
ұмытпаңыздар! Онда ауыздан жаман иіс шығаратын көптеген бактериялар болуы мүмкін».

  1. Мәсуек деген не?

А) тіс тазалайтын таяқша В) тіс тазалайтын щетка С) тіс тазалайтын паста
Д) тіс тазалайтын ақ желкен Е) тіл тазалайтын құрал

  1. Тісті неге мәсуекпен тазалаған дұрыс? А) артық күш салмау үшін

В) қызыл иекті сақтау үшін
С) ең тиімді нәтиже болғандықтан
Д) тіс тазалауға ыңғайлы болғандықтан Е) қарындашқа ұқсағандықтан

  1. Мәтіннің жазылу стилі қандай? А) публицистикалық

В) ғылыми С) ауызекі Д) кітаби
Е) экспресивті- эмоцианалды

  1. Мәсуекке күш салуға болмайды себебі?: сай келмейтін жауапты белгіле.

А) тістің эмалі кетеді
В) тамақтың қалдықтарынан арылта алмайды С) тіс қонуларынан арылта алмайды
Д) қызыл иек зақымданады Е) тіл тазаланбайды



  1. Әңгімеге сүйене отырып, тіс тазалау ережесін құрастырып жаз.



Сыныпқа мінездеме


Сыныпта 26 оқушы бар. Оның ішінде 11 ұл бала, 14 қыз бала. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады.Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Үздік оқушылар жоқ, оқу екпінділері -10, білім сапасы -38%. Себепсіз сабақ босататындар жоқ. Сынып оқушыларының математика, физика, алгебра, геометрия, химия пәндерінен білім сапасы төмендеу. Сынып оқушылары қалалық, мектепішілік олимпиадалардан
жүлделі орындарды иеленіп жүр. Үйірмелерге қатысу туралы: қыздар көбіне би үйірмесіне, ұлдар спорттық үйірмелерге қатысады. Оқушыларды осындай сайыстарға қатыстырып,қаржылай да, рухани дем беріп жүрген ата-аналарға айтар алғысымыз шексіз. Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып старостасы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі. Сынып іші топ- топқа бөліну, бір-бірімен араласпай жүру деген сияқты жаман қылықтардан аулақ. Оқушылар ұйымшыл. Сабақ үстінде бір-біріне үнемі көмектесіп
отырады. Сыныптағы ұлдар мен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы. Сондықтан сыныпты жақсы сынып деп санаймын.

  1. Сыныптың танымдық бағытының орташалығын қалай байқауға болады? А) Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған

В) Әлеуметтік құрамы орташа. С) Сынып оқушылары ұйымшыл
Д) математика, физика, алгебра, геометрия, химия пәндерінен білім сапасы төмендеу.
Е) Үздік оқушылар жоқ, білім сапасы -38%

  1. Мәтіннің жазылу стилі қандай? А) публицистикалық

В) ғылыми
С) көркем әдеби
Д) ресми іс- қағаздар Е) ауызекі сөйлеу

  1. Мәтін желісі бойынша сөздерді рет- ретімен орналастыр.

А) қарым- қатынас, сыныпқа сипаттама, жүлделі орындар, ата- аналар, сыныптан тыс жұмыстар
В) сыныпқа сипаттама, жүлделі орындар, ата- аналар, сыныптан тыс жұмыстар, қарым- қатынас
С) сыныпқа сипаттама, жүлделі орындар, қарым- қатынас, сыныпқа мінездеме
Д) қарым- қатынас, сыныпқа мінездеме, жүлделі орындар, ата- аналар Е) сыныпқа сипаттама, жүлделі орындар, сыныптан тыс жұмыстар, ата- аналар,қарым- қатынас

  1. Ата- аналарға алғыс не үшін айтылды? А) сайыстарға қатыстырғаны үшін

В) қаржылай көмек үшін
С) рухани қолдағандары үшін
Д) сайыстарға қатыстырып,қаржылай да, рухани көмек үшін Е)» Ең дәмді наурыз көже» дайындағаны үшін

  1. Сыныпты жақсы сынып деп айта аласың ба?

А) иа, себебі сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады В) иа, ата- аналар үнемі көмек беріп отырады
С) иа, оқушылар себепсіз сабақ босатпайды
Д) жоқ, себебі сыныптың танымдық қабілеті орташа Е) жоқ, себебі үздік оқушылар жоқ

  1. Пайымдау қай сөйлемде?

А) Сынып оқушылары қалалық, мектепішілік олимпиадалардан жүлделі орындарды иеленіп жүр
В) Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
С) біріншіден сынып оушылары өте ұйымшыл,екіншіден себепсіз сабақ босатпайды сондықтан сыныпты жақсы сынып деуге болады.
Д) Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып старостасы мен тәрбие секторы ұйымдастырады
Е) Сыныптың жалпы танымдық бағыты орташа. Үздік оқушылар жоқ.

  1. Мәтін мазмұны бойынша сыныпқа сипаттама бер.



_



  1. Өз сыныбыңа мінездеме жаз.

Алтын сағат


Тоғыз тарау Тентек өзенінен өтіп,Сайқан тауына бет алғанымызда, сәске түс мезгілі еді. Аспанды тұтас торлаған сұсты бұлт, екілене соққан суық жел көңілімізді жүдетіп жіберді. Күні кеше жайнап тұрған жанға жайлы қоңыр күз оңтүстікке қарай ығысып бара жатқандай сезілді. Қасымдағы төртпақ қара шалды жол бастасын деп «Жаңаберген» колхозының бастығы қосып жіберген. Әңгімеге жарытады, ішінді пыстырмайды, осы төңіректің ой- шұқырына шейін білетін жершіл шал деп мақтаған оны. Сыпсып құйрық,
жатаған торыны сипай қамшылап, үзеңгісін шірене тебініп қояды Оңғарбай. Баратын жеріміз онша қашық болмаса да, жолға ермек болсын деген оймен шалға тіл қаттым:

  • Ақсақал,әңгіме айтыңыз, жол қысқарсын.

  • Жілігі татымайтын бірдеңе айтсам, қарның ашып қалар, шырағым,- деп, шал кеудесімен тұтас бұрылып маған қарады.- Сөзге орашолақ жанмын... Оңғарбайдың сөзшең адам екенін ауылында үш күн жатқанда талай адамның аузынан естігенім бар. Әйтседе бітегене жақын отырып әңгімелесудің орайы келмеген. Осы кемістігімнің орнын толтырайын деп ойладым.

  • Қандай әңгіме айтсаңыз да ерінбей тындайын! - Ойнақы теңбіл көк бестінің ауыздығын тартып, тізгінін тежеп қойдым.

  • Осы бастан көшіріп алайын,- деді шал қуақылана жымындап.- Найманның бір мылжың шалы қай-қайдағы бірдеңелерді айтып құлағымды сарсытты деп жүрме...

Баурынан жараған оқтаудай семіз аттар құлақтарын қайшылап, есіле аяндайды. Оқта-санда шоқырақтап желдіртіп аламыз. Айтатын әңгімесін
жүйелеп алғысы келеді ғой деймін, Оңғарбай біразға шейін үн шығармады. Бір белестен асып, құла беріске құлдилай бергенімізде қария кенет сөз бастады:

  • Асыл анамыз ғой, жарықтық, әңгімені жер жайынан бастайын. Желмен желбіреп, кеңірдегіне үйірілген сирек тарлан сақалын умаждап қойды.

  • Құлағым сізде, айта беріңіз!

  • Артық жаралған жер ғой біздің Жетісу! Шөбі шүйгін, суы бал, берекетті өлке деп біздің қазақ осындай жерді айтады. Жер жүзінде, күн астында

Жетісудай ғажап өңір бар дейсің бе, тегі... Жетісуды көтере мақтап қойды да, атының басын іркіп, кілт тоқтады.

  1. Кейіпкердің көңілі неге жүдеді?

А) ақсақал әңгіме бастамай қойған соң В) суық желден
С) сәске түс болған соң Д) жол алыстығынан
Е) жілігі татымайтын әңгіме болған соң

  1. «Қоңыр күз оңтүстікке қарай ығысып бара жатқандай сезілді» деген тіркестен нені байқауға болады?

А) қыстың жақындағанын В) ауылдың артта қалғанын С) жаздың аяқталғанын
Д) суық желдің соққанын Е) жол ұзақтығын

  1. Оңғарбайды не үшін жіберді? А) әңгіме айту үшін

В) сөзшең болғандықтан С) жол бастасын деп
Д) жолға ермек болсын деп Е) жұмыс істеу үшін

  1. Оңғарбайдың бейнесі қалай суреттеледі? А) әңгімеге жарытады, ішінді пыстырмайды

В) осы төңіректің ой-шұқырына шейін білетін жершіл шал С) торыны сипай қамшылап, үзеңгісін шірене тебініп қояды
Д) Оңғарбайдың сөзшең адам екенін ауылында үш күн жатқанда талай адамның аузынан естігенім бар
Е) . Қасымдағы төртпақ қара шалды жол бастасын деп «Жаңаберген» колхозының бастығы қосып жіберген.

  1. «Жілігі татымайтын бірдеңе айтсам, қарның ашып қалар, шырағым» деген тіркестен Оңғарбайға қандай мінездеме беруге болады?

А) сөзшең В) ақылды С) тәкәппар
Д) көңіл- күйі жоқ
Е) сөз құдіретін түсінеді

  1. Мәтінде сақалдың қай түрі кездеседі? А) ақ сақал

В) бура сақал С) тарлан сақал Д) қара сақал
Е) сақал түрі жоқ

  1. Жетісудың ғажап өңір екендігін қай тіркес дәлелдеп тұр? А) Артық жаралған жер ғой біздің Жетісу

В) Шөбі шүйгін, суы бал, берекетті өлке С) қазақ осындай жерді айтады
Д) Жетісуды көтере мақтап қойды
Е) Жер жүзінде, күн астында Жетісудай ғажап өңір бар дейсің бе...

  1. Жетісу жеріне қай мақал лайық?

А) жақсы жерге жатсаң жақсы- жақсы түс көресің В) жақсы жердің қадірін қожасы емес құл білер С) жерге түскен шгү болар, отқа түскен күл болар Д) жері байдың, елі бай
Е) жасыл желек жердің көркі
Азық іздеу барысында
Міне, жәндіктердің немен қоректенетіні және азығын қалай іздейтіні туралы үш жоба келтірілген. Алдымен сіз құмырсқалар, есекқұрттар және құрттарды тауып алуыңыз керек. Оларды мұқият зерттеп болғаннан кейін тапқан жерге қойғаныңызға көз жеткізіңіз.

  • құмырсқаның ізімен жүріңіз

  • есекқұрттарды зерттеңіз

  • құрттарға арналған шыны сауыт жасаңыз

Құмырсқаларды, есекқұрттарды және құрттарды қайдан табуға болады? Құмырсқаның есекқұрттар ылғалды, қараңғы іздері жаз мезгілінде жерлерді жақсы көреді. Оларды кіре берістің бөренелердің астынан, ескі жапырақтар бір жағында біраз азық үйіндісінің астынан және қабырғалардан табуға болады; ал екінші жағынан ұяға кіретін жолды табуыңыз керек. Құрттар жаңа ғана қазылған топырақтағы тастардың астында немесе тыңайтқыш үйіндісінің жанында өмір сүреді. Олар жердің бет үстіне түнде шығады.
Құмырсқаның ізімен жүріңіз. Құмырсқалар барлығы бірге илеуде өмір сүреді. Құмырсқа біраз қорек тауып алған кезде, басқалары артынан еретіндей із салады. Осы экспериментті жасау үшін, сізге құмырсқалардың илеуін табу керек. Сізге келесі заттар қажет болады: бір жапырақ қағаз, алманың кішкентай бөлігі, біраз топырақ.

  1. Алманың кішкентай бөлігін бір жапырақ қағазға салып, қағазды құмырсқалардың илеуінің жанына қойыңыз. Бірнеше құмырсқа алманы тапқанша күте тұрыңыз. Олардың барлығы сол ізбен жүру керек.

  2. Алманы жылжытыңыз. Құмырсқалар алмаға тура бара ма екен?

  3. Енді ізді жауып тастау үшін, қағазға топырақ шашып жіберіңіз. Құмырсқалар біраз айналуы керек. Олар жаңа із жасай ма?

Не болып жатыр? Алманы жылжытқаннан кейін де, құмырсқалар жаңа із салмайынша, ескі ізбен жүреді. Неліктен?
Құмырсқа біраз қорек тапқаннан кейін, хош иісті із қалдыратын арнайы химикаттар бөліп шығарады. Илеудегі басқа құмырсқалар өз антенналары немесе сезімталдығы арқасында хош иісті сезеді.
Есекқұрттарды зерттеу. Есекқұрттардың сезімтал антенналары бар. Мынадай қорап жасап, шыны сауытқа алты есекқұртты салып қойыңыз.
Оларды қорапқа салғаннан кейін жолды қалай табатынын қараңыз. Сізге қажеті: қақпағы бар кішкентай бос қорапша, қайшы, пластырь және қурап қалған ылғалды жапырақтар. ашық жері жоқ картон жолақтар. Жапырақтар Мына жерден өтетін жол есекқұрттар үшін жеткілікті кең болуы керек

  1. Суреттегідей жүруге арналған ұзын жолақ жасау үшін, қақпақты пайдаланыңыз. Есекқұрттар оң жаққа қорегіне қарай бұрылады.

  2. Есекқұрттарды бір-бірден жіберіңіз. Өтетін жердің соңына жеткен кезде кейбіреулері солға, ал кейбіреулері оңға бұрылады. Есекқұрттар қорегін өз антенналарымен сезіне алады. Оларды ылғалды жапырақтарды жапырақты табу үшін қолданады.

Құрттарға арналған шыны сауыт жасаңыз. Құрттарды зерттеу қиынға түседі, себебі олар жарықты ұнатпайды. Жарық сезген сәтте, қайта қараңғы жер табу үшін иреңдеп жатады. Құрттардың немен қоректенетінін және қалай тіршілік ететінін білу үшін құрттарға арналған шыны сауыт жасаңыз. Содан соң екі- үш құрт тауып алып, шыны сауытқа салып қойыңыз. Құрттарды созуға болмайтынын ұмытпаңыз, себебі зақым келтіруіңіз мүмкін. Олардың үсті топыраққа тығыз бекітіліп алатын қылшықтармен жабылған.

  1. Аяқ киім қорабының бір жағын есік сияқты ашылатындай қорап қақпағымен байлап қойыңыз. Қораптағы құрттарға жарық пен ауа түсіру үшін, қораптың үстін тесіңіз.

  2. Бөтелкенің үстіңгі жағын кесіп тастаңыз. Содан кейін оны бос буып- түйілген топырақ және құм қабатымен толтырыңыз. Оның үстіне картоп пен пиязды шашып тастаңыз.

  3. Ішіне абайлап құрттарды салыңыз да, бөтелкені қорапқа салып, есігін жабыңыз. Оны 4 күн бойы далаға, құрғақ жерге қойып қойыңыз.

  4. 4 күннен кейін қайтып келіп, бөтелкені қараңыз. Топырақ пен құмда қандай өзгеріс болды?

Есіңізде болсын: осы жобаны аяқтағаннан кейін, құрттарды қайта бұрынғы орнына апарып қойыңыз. Не болып жатыр?
Төрт күннен кейін құм мен топырақ қабаты араласып кетеді. Неліктен? Құрттар қоректену үшін жоғары шығып, содан соң жарықтан қашып жер астына түскен кезде, құм мен топырақты араластырады.



  1. Мақаланың басты мақсаты қандай?

А) жүргізе алатын, әртүрлі эксперименттерді сипаттау В) құмырсқаның іздері туралы ақпарат беру

  1. жәндіктердің неге ұқсас екенін көрсету

  2. құрттардың немен қоректенетінін түсіндіру

  1. Тірі тіршілік иелеріне қамқор болу үшін не істеу керек? А) Оларды жартастар мен тастардың астынан іздеу керек В) олар туралы бәрін біліп алу керек

  1. барынша көп жинап алу керек

  2. тапқан жеріңе қайта апарып қою керек

  1. Неліктен сіз алманы құмырсқа илеуінің жанына қойдыңыз? А) құмырсқаның ізін жауып қою үшін

В) құмырсқалар жол салу үшін
С) құмырсқаларды әбігерге салу үшін
D) құмырсқалар айнала жорғалау үшін

  1. Құмырсқа біраз қорегін тапқаннан кейін, құмырсқа илеуіндегі басқа құмырсқалар оны қалай табады?

А) Олар бірінші құмырсқаны бақылап, артынан ереді. В) Азығын таппағанша, айналып жорғалайды.
С) Олар бірінші құмырсқа қалдырған иісті сезеді.
D) Олар қағаз бетіндегі қоректің иісін сезеді.

  1. Неліктен құмырсқалар топырақ шашқаннан кейін айнала жорғалайды?

_



  1. Есекқұрттар азығын қалай табады?

А) Олар жолдан түсіп кетеді.
В) Олар антенна-мұртшаларымен сезеді С) Олар иіс ізімен жүреді.
D) Олар қорегін қараңғыда көреді.

  1. Есекқұрттар жобасының 3 қадамында, егер ылғалды жапырақтарды қораптың сол жақ бұрышына жылжытсаңыз не болады деп ойлайсыз?




  1. Құмырсқалар мен есекқұрттардың қоректі табу жолдарында қандай

ұқсастық бар?


_

  1. Құрттарға арналған шыны сауыт жасау үшін, қадамдарыңыздың тәртібін нөмірлеңіз. Бірінші қадам жасалған.

бөтелкені аяқ- киім қорабына салыңыз
_1_ аяқ -киім қорабының үстін тесіңіз
оның ішіне құрттарды салыңыз
картоп пен пиязды салыңыз
бөтелкенің ішін топырақ пен құмға толтырыңыз

  1. Құм мен топырақ қабатын бөтелкеге не үшін салу керектігін түсіндіріңіз.

__

  1. Құрттарға арналған шыны сауыт жобасы үшін, пияз бен картопты топырақтың үстіңгі бетіне не үшін салу керектігін түсіндіріңіз.



__

  1. Әрбір жобада не болып жатыр және неліктен жеке шарттары бар. Осы шарттардың мақсаты неде?

А) Жобаның қадамдарын түсіндіру үшін

  1. жоба үшін не қажет екендігін көрсету үшін

  2. аяқтағаннан кейін не істеу керектігін көрсету үшін

  3. нені көргеніңізді түсіндіру үшін

14. Үш жобаның қайсысы сіз үшін қызықты болды? Жауабыңызды түсіндіру үшін мәтіндегі мәліметтерді пайдаланыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет