Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, қосымша материалдар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау : Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын
б) Жаңа сабақты түсіндіру. Алып-Ер Тұңға - өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидың «Шаһнама» кітабының кейіпкері. Бұл кітапта Алып-Ер Тұңға - Афрасияп, Тұранның (Түр елі - түріктердің) патшасы болып суреттеледі.
Алып-Ер Тұңғаның Барысхан атты ұлы, Қаз есімді қызы болған. Қаздың екі шаһары Іленің маңайында. Ал Барысхан қаласының орны Ыстықкөлдің жанында.
Алып-Ер Тұңға қайтыс болғанда артында қалған елі жоқтау шығарған. Бұл жоқтау XI ғасырда Махмұт Қашқари жазған «Түркі сөздерінің жинағы» деп аталатын кітабында бар.
Бұл жырдан қазақтың жоқтау айту салтының өте көне заманнан келе жатқанын байқаймыз. Жырдың мазмұнында опасыз дүниенің Алып-Ер Тұңғаны аямағаны, түркілердің оның қазасына қатты қайғырып, бөрідей ұлып, жағасын жыртып жылағаны айтылады.
Алып-Ер Тұңға өлді ме?
Опасыз дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар...