Кюизенердіңәртүсті таяқшалары технологиясы


Дьенештің логикалық блогтары технологиясы



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі1,36 Mb.
#121841
1   2   3
Байланысты:
Кюизенер таяқшалары Дьенештің дамытушы ойын

Дьенештің логикалық блогтары технологиясы
Золтан Пал Дьенеш1916 жылы Австро- Венгрия да дүниеге келген. Балалық шағы Венгрияда, Австрия, Италия, Франция да өтті. Бала кезінен әкесі секілді математикаға деген қызығушылығыкөп болды. 16 жасында Великобританияға көшіп, сондағы Лондон университетін бітіріп, 1939 жылы математикадан докторлық дәрежені алды. Ары қарай психологиялық дәрежені алды. Өмірін математика мен психологияға арнады. 2014 жылы 11 қаңтарда Вулфвилл қаласында дүниеден озды.
Дьенеш әдістемесінде логикалық ойындарға үлкен мән беріледі, балалар математикалық тапсырмаларды немесе басқа тапсырмалар орындағанда балада логикасы, аналитикалық қабілеті дамиды. Бала ойнағанда логикалық ойлауын қолданып, заттарды сипаттап есінде сақтап жинақтайды. Дьенештің атақты логикалық блоктары мынандай алғашқы ұғымдарды қалыптастырады: логикалық әрекеттер, ақпараттық құрылым және әрекетті орындалу. Дьенеш әдістемесіндегі логикалық блог ойындары баланы тек ойлауға ғана емес, қозғалыстың үйлесімділігін бағдарлап баланың тілін дамытады.
Дьенештің әдістемесі бойынша ойын жаттығулар балаларды пішінмен, түспен, өлшеммен және қалыңдықпен, матеметикалық түсініктермен және ақпараттың негізімен түсінікті таныстырады. Блоктар балалардың ойлау қабілетінің дамуына: анализдеуге, синтездеуге, салыстыруға, жіктеуге, жинақтауға, және де логикалық ойлауға, шығармашылық қабілеттілігіне және танымдылық барысы - қабылдауға, есте сақтауға, зейінге және қиялға ықпал жасайды.
Дьенеш математиканы зерделеудің 6 сатылы теориясын жасады.
- Бірінші сатыдакөптеген адамдар бейтаныс тапсырмамен кездескенде сынама және қателік әдісіне жүгінеді. Дьенештің пікірінше, еркін ойынның бұл сатысы - оқытудың қажетті бастамасы. Осылайша болашақ оқушы шешуі керек болатын жағдаймен танысады.
- Еркін тәжірибелерден кейінгі әрекеттерде қандай да бір қайталанушылық, «Ойын ережелері» пайда болады. Бұл екінші сатыға көшуді білдіреді. Ережелерді зерделеу – маңызды оқыту айласы. Ережелердің негізінде оқытудың ең қиын «математикалық» бөлімі жатыр. Бұл педагогтің балаларға дереу айтқысы келетін ақпараты.
- Үшінші саты – салыстыру сатысы. Балалармен математикалық ойындарды ойнағаннан кейін, талқылау, ойындарды бір-бірімен салыстыру сәті келеді. Бұны түсіну – абстракцияны түсіну жолындағы өте қажет қадам.
- Төртінші сатыда – яғни, репрезентативті сатыда бала әр түрлі ойындарда сандардың абстрактілі мәнін түсінеді, осы жерде ойындармен ұқсастықтықты түсінуге көмектесетін әр түрлі диаграммалар мен кестелер орынды болып келеді. Әр ойынның картасын салуға болады.
- Бесінші сатыны Золтан Дьенеш символдық деп есептейді. Ойынның картасын сипаттау үшін арнайы тіл керек, бұл әдетте, символдар. Бұл тілмен эксперимент жасай отырып, жүйенің жаңа символардарын жасауға болады
- Алтыншы сатысы бәрінен де ұзақ болады. Бұл сатыда картаны сипаттаудың бірнеше нұсқаларын ұсынуға, ұқсас қорытындылар жасауға мүмкіндік беретін арнайы ережелерді айқындауға болады. Бұл жағдайда, біз бірінші сипатамалар - аксиомалар, ал біз жасаған қорытындылар - теоремалар болуы мүмкін дегенді және аксиомалардан теоремаларға жалпы қалай ауысу керек екендігін түсінуге алғашқы қадамдар жасаймыз.
Дьенеш әдістемесіндегі логикалық блогтардың ерекшеліктері: 4қасиеті

  • Блогтар пішіні;

  • Блогтар түсі;

  • Блогтар көлемі- үлкен-кіші;

  • Блогтар қалыңдығы.

Дьенештің әдістемелері

Дьенештің логикалық блоктарының жиынтығы 48 көлемді геометриялық фигурадан тұрады, форма, түс, өлшем және қалыңдық арқылы айыруға болады. Дьенеш блоктарының жиынтығында тіпті барлық қасиеттері жағынан да бір- біріне ұқсас екі фигура жоқ. Нақты қасиеттерінің нұсқаулары және фигураның өлшемі мен қалындығының айырмашылығын балалар оңай айырады және атайды.
Дьенештің «символкарточкалары»
Блоктар «үлкен-кіші»

Блоктар «қалың-жұқа»

Блоктар «түстер дағы»




Блоктар «пішіндер түрі»

Кіші сәбилер тобы үшін деңгейі жеңіл жаттығулар ұсынылады:



  • Барлық блогтарды бөліп, бір түске бірақ бөлек пішіндерге немесе бірдей пішіндер бөлек өлшемді т.с.с. жинақтау.

  • Барлық блогтарды бөліп, қандай да бір белгілері бойынша ( көлемі, түсі, өлшемі) жинақтау.

Дьенештің логикалық ойындары
«Шыршаны безендіру»
Көрнекілік: шырша бейнесі, 15 белгімен карточкалар, логикалық фигуралардың жинағы
Мақсаты:
-Құрамын талдау, анықтау
-Сызбаны оқыта білу
-Тәртіптік санақ үрдістерін бекіту
Барысы: Шыршаны ойыншықтармен безендіру керек. Шыршада мойыншақтардан бес қатар болуы керек, әр қатарда үш моншақтан, карточкадағы сан моншақтардың жібінің реттік номерін көрсетеді, бірінші қатардағы моншақтар ілеміз (1 карточка) Боялған шеңбер моншақтың жіптегі орнын көрсетеді, бірінші моншақ кішкентай сары шеңбер, екіншісі үлкен сары шаршы, үшіншісі кішкентай сары үшбұрыш, осылайша қалған моншақтарды ілеміз
«Логикалық поезд»
Құрал-жабдықтар: 3 әр түрлі поровоз (сары, көк, қызыл). Әр поездың сандары(1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12) 4 вагон.Символдардың өзгеру карточкалары, сандар арасындағы байланыс карточкасы. Дьенештің блоктары немесе логикалық фигуралары.
Мақсаты: Логикалық ойлауын дамыту, карточкадағы суреттердің мағынасын ашу, карточкадан суреттерді схема бойынша өзгерте алу, ережелерді сақтап, бірізділікпен орындай алу.
Барысы: ойынды 9-12 адам топ топқа бөлініп ойнайды. Алдымен тәрбиеші одан кейін балалар ойнайды. Үстелге құралдар қойылады: поезд, вагондар, әр вагонға құрамы өзгертілген карточка қойылады (карточка өз еркімен таңдалады) және сандық қатынасы бар карточка қойылады. Біздің жүк поездымыз ерекше және логикалық. Ол тасып келе жатқан жүктер вагоннан ауысады. Әр вагонда ережеге сай өзгерістер болып тұрады, карточкадағы бейнеленген сурет бойынша. Балалар поездарға бөлінейік.

Қортындылай келе Дьенештің әдістемесі бойынша логикалық блоктармен ойнау балаларды тек қана ойлауға, іс-қимыл жұмысын басқаруын қадағалауға емес, сондай- ақ тілдің дамуына мүмкіндік тұғызу. Балалар салыстыру,біркелкі заттардың топтасуының негізінде күрделі грамматикалық құрылым сөйлемдерді пайдалана бастайды. Дьенештің блоктарымен әр түрлі жастағы балалар ойнай алады: сәбилерден бастап (екі жастан) бастапқы (тіпті орта) мектепке дейін.
Дьенеш блоктары ойындарының көмегімен балалар математика және информатика негіздерін: алгоритмдерді, мәліметтер кодтауды, логикалық операцияларды одан ары табысты меңгереді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет