Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Күзембаева Мейрамгүл Қайыркенқызы
Қарағанды облысы , Шахтинск қаласы
Сайын Мұратбеков. «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян тағдыры.
Сабақтың мақсаты: а) жазушының өмірінен мәлімет беру, көркем шығарманы талдау арқылы әңгіменің құндылығын, өміршеңдігін таныту, ә)Шығарма кейіпкерлерін , Аян бейнесін талдау, б) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, мейірімділікке, достыққа баулу.
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап әдісі,талдау, суреттеу
Қолданылған технология: « Сыни тұрғыдан ойлау және жазу технологиясы» элементтері,ой қозғау, ой дамыту,топтастыру, суреттеу
Күтілетін нәтиже: С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесінің мазмұнын түсінеді, тақырыпты меңгереді.
Көрнекілігі: С.Мұратбеков портреті, кітаптары, тірек-сызбалар
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Ой қозғау.
Оқушыларға өзімнің де бала кезімнен қызыға оқыған , маған ой салған әңгімесі, мен үшін өте аянышты екенін айта келіп, оқушылардың өздеріне оқытамын. Балалар қандай әсерде болар екен ?!
Жас достар! Балғын балалық шақтары Ұлы Отан соғысы жылдарына дәл келіп, ерте есейген шығарма кейіпкерлерінің тағдыры сендерге де ой салары анық...
Сабақтың эпиграфы:
Сайын Мұратбеков өзіне ғана тән тақырыпты, жанрлық, стильдік даралығы, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармаларымен танылады.
(М.Серғалиев)
Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Балалар, Сайын атамыз биыл тірі болса неше жасқа толар еді? 80 жасқа деп оқушылар шулай жөнелді.Ақылдарыңнан айналайын балалар, Сайын атамыздың қандай шығармасын оқыдыңдар дегенде, оқушы-лардың «Жабайы алма», «Қылау» әңгімелерін де оқығандары мені қуантты.
Ой шақыру.
Жүгіртпе сұрақтар қойылады, оқушылар кезекпен жауап береді.
1.Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келген?
2.Әңгіме неге «Жусан иісі» деп аталған?
3.Аян үшін жусан иісі нені білдіреді?
4.Аян ертегіні қандай мақсатпен айтады?
5.Әңгіме сендерге қандай әсер қалдырды?
Топтастыру стратегиясы: Аян бейнесін құрастыр.
Аян
Мағынаны тану:
1.Аянның ең жақсы қасиеті қандай?
Аянның ең жақсы қасиеті- ешкіммен төбелеспейтіндігі, сөзге келмейтіндігі.
2.Аянның басқа балалардан ерекшелендіріп тұратын тағы бір қасиеті қандай?
Аянның ұстамдылығы, төзімділігі, қайғы-қасіретті қажыр-қайратпен көтере білетіндігі.
Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беріңдер.
Әңгіме кейіпкерлері
|
Адамгершілік қасиеттері
|
Қандай әсер қалдырды?
|
|
|
|
|
|
|
Әдеби-теориялық ұғымдар:
Прототип деген не? Прототип (грек: түптөркін, негізгі бейне)- әдеби шығарма кейіпкерінің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде бар адам,яғни, түпкі тұлға.
Тапсырма
Прототипке мысал келтіріңдер.
Біле жүріңдер.
Естірту туралы оқушыларға айта кетемін. Естірту дегеніміз- біреудің дүние салғанын, соның жанкүйер жақындарына естірту.
Сабақты бекіту: Ойтолғау жазу.
Оқушылардың қиялын ұштап, ойын дамыту мақсатында шығармашылық ізденістерге жетелейтін тапсырма. Аянның ертегілерін аяқтау...
Тапсырмалар
1.Хат жаза білеміз бе? Аян хатты қалай жазатын еді?
2.Жусан қандай өсімдік? Жусанның иісі...
3.Аманат, жақсыдан қалған тұяқ сөздеріне түсінік бер?
Сабақты қорытындылау.
-Балалар, біз бүгін Аянның бойындағы адамгершілік қасиеттерін дәріптеуге арналған әңгімені оқып талдадық. Сендердің бойларыңда да Аянның осы қасиеттері болуы керек деп ойлаймын. Өмірдің ащы дәмін ерте татқан Аян-ның келешектегі өмірі жарқын болсын дейік..! Болашағы нұрлы жас жеткіншектер! Сендерге айтарым, сендердің өмірлерің бақытты болсын!
Рефлексия.
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Оқушы пікірлері тыңдалады.
Бағалау парақшасы таратылады.
Үйге тапсырма: «Жусан иісі» әңгімесін оқу.
7-сынып
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзіндік пікір білдіру деңгейін, шығармашылық қабілетін дамыту, еркін ойлауға және тақырыпты ашық талқылауға бағыттау, ойын жазбаша түрде жүйелі баяндауын қалыптастыру; ұқыптылыққа, адамгершілікке баулу.
Міндеттері: өз бетімен білім алады; оқушының сыни ойлауы дамиды; шығармашылығы, ізденісі артады.
Күтілетін нәтиже: -оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы дамып, тілдік (сөздік) мәнері қалыптасады.
Түйінді идея: ізденіс- білімге жетелейді.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, СТО технологиясы Сабақтың барысы. І Ұйымдастыру кезеңі. ІІ Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы хабарланып, мақсаты айқындалады.
Ана тілі-жүрек үні.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. . Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Тіл – еліміздің іргетасы. Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы, тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.
Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
тапсырма.
1.Мемлекеттік тіл қай тіл?
А) қазақ тілі
Ә) орыс тілі
Б) өзбек тілі
|
2.Дұрыс құрастырылған сөйлемді белгілеңіз.
А) Менің ана тілің
Ә)Менің ана тіліңіз
Б)Менің ана тілім
|
Жауабы: 1А. 2Б. Бағалау критерийі: 1-2балл
2-тапсырма. Берілген сөздің анықтамасын жазыңыз.
Тіл_______________________________________________________________
Жауабы:Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.
Бағалау критерийі: 2-1балл
3-тапсырма. Мәтіннің тақырыбына байланысты бір-екі мақал-мәтелдер жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жауабы: Оқушы өзі білетін мақалды жазады.
Бағалау критерийі: 3-1балл
4-тапсырма.Төмендегі сөз тіркестерін қолданып, мәтінмен байланыстыра отырып сөйлем құраңыз.
Ана тілі
Қазақ тілі
Жауабы: Ана тілі – ең басты байлығымыз.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.
Бағалау критерийі: 4-2балл
5-тапсырма. Шығармашылық тапсырма
Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.
Түйінді ойларды теріп жазыңдар.
Тіл туралы өз пікірлеріңді жазыңдар.
«Кім жылдам?» ойыны
Шарты: төмендегі есімшелерге лайықты зат есім тауып тіркестіру.
а) еңкейген........ ә) сөйлер......
еңбектеген...... айтылар.....
жайнаған....... келер.......
масайраған..... бітер.......
марқайған....... б) алатын.......
қауқиған.... оқитын.....
ербиген.... істейтін......
селтеңдеген...... көретін......
Бағалау критерийі: 4-3 балл
ІІІ Тапсырма.
Мыналар сөз тіркесіне жата ма, жоқ па?
Қара бұйра, жетпіс бес, хат жаз;
Көргім келді, оқып отыр, үйге таман;
Аузымен орақ орған, мұртынан күлді, желдей есті.
Бағалау критерийі:4-4 балл
ІҮ Ойлан.Ізден. Тап. (Мына тізбек бойынша сөз тіркестерін жаса)
Зат есім+ зат есім
Сын есім+зат есім
Сан есім+ зат есім
Есімдік+ зат есім
Есімше+зат есім
Септеулі зат есім+ етістік
Бағалау критерийі:5 балл
Зат есім+ етістік
Үстеу+ етістік
Сын есім+ етістік
Сан есім+ етістік.
Сабақты қорытындылау.
Ұлы Абайдың өзі: «Қазақтың өзгелерден сөзі ұзын» немесе «өткірдің жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас» деп, өз ана тіліне таңырқап, тағзым еткені белгілі.
Тіл ұстарту жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ауыекі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне, сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.
ҮІ Үйге тапсырма.
Тіл туралы мақал-мәтел, өлең, мәтін жазып келу.
ҮІІ Бағалау парағы таратылады
Достарыңызбен бөлісу: |