Тақырыбы: Санды теңдіктер, теңсіздіктерді салыстыру.
І деңгей
Теңдік түрінде жаз:
20 және 7 сандарының қосындысы 27-ге тең .
39 және 30 сандарының айырмасы 9-ға тең.
ІІ деңгей
Тура теңсіздікті тап және сыз.
а) 65 >60+5 в)65< 60+5
с) 54 < 55 г) 65-60 < 10
ІІІ деңгей
х, 20,50 сандарды пайдаланып теңдеу құрастыр және оны шығар
Тақырыбы: Жақша.
І деңгей
Есепте
(20+50)-30= 58 - (1+7)= 30+(40-10)=
ІІ деңгей
Өрнекті жаз және оның мәнін тап
а) 80 мен 10-ның айырмасына 8-ді қос
ә) 80-нен 50 мен 20-ның айырмасын азайт
б) 10 мен 20-ның қосындысына 10-ды қос
ІІІ деңгей
Теңдіктер тура болатындай етіп,жақшаларды қой
6+3-2=7 90+20-10=100
Тақырыбы: Өрнектің мәні.
І деңгей
Есепте:
24+3= 26+30= 58-4 = 73-20=
Достарыңызбен бөлісу: |