ІV.Дидактикалық материалдар ---------------------------------------------52-64бет
V.Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------65бет
Түсінік хат
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің Орта білім берудің (бастауыш) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2-4 сыныптардың «Қызықты математика» қосымша курсына аптасына 1 сағаттан,
барлығы 34 сағат бөлінген.
«Қызықты математика» қосымша курсының басты мақсаты:
Баланың танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа бейім құзыретті тұлғаның дамуына, логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.
« Қызықты математика» қосымша курсының міндеттері:
- Математиканы үйренуге ынтасын арттыру, оқушыларды қызықтыру әрекеттерін қалыптастыру.
- Ойын дәлелді жеткізе білуге жаттықтыру.
- Математикалық сөйлеуді, логикалық ойлауды дамыту.
- Шығармашылық ізденіске жетелеу.
- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша өзгертіп шығаруға жаттықтыру.
- Талдау, жинақтау, ұқсастықты табу,ерекшелікті ажырату әрекетін дамыту.
- Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
«Қызықты математика» бағдарламасы тапсырманы әр түрлі тәсілдермен шешуге, логикалық ойлауға, оның тереңдігі мен икемділігін қарқынды дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі жолдармен есеп шығарудың негізін әзірлейді, тұлғалық –бағыттық тәсілді жүзеге асыруға ықпал етеді. Түрлі жолдармен есепті шешу оқушының өз бетінше айналысуына қосымша мүмкіндік туғызады,күнделікті өмірдегі кездейсоқ жағдаяттардан жол табу қабілеттерінің дамуын қалыптастыратын әрекеттерді дамыту бағытын ұстанады.
Достарыңызбен бөлісу: |