Л. Ж. Ахметова, С. Ж. Нурушева -теректі ауданы, Аңқаты жюббм



бет9/29
Дата07.02.2022
өлшемі3,06 Mb.
#96376
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
Қызықты математика 2-4сынып2017-18-1 (1)

"Тапқырлар" тобы.
Ұраны:"Оқу-білім бұлағы,Білім-өмір шырағы".
"Ойшылдар" тобы.
Ұраны:"Оқу-білім азығы,Білім-ырыс қазығы".
"Білгірлер" тобы.
Ұраны:"Білімдіге дүние жарық,Білімсіздің күні кәріп".
"Алғырлар" тобы.
Ұраны:"Оқусыз білім жоқ,Білімсіз күнің жоқ".
1-сайыс.
"Жаңылтпаштар сайысы"
Әр топтан бір оқушы шығып,жаңылтпашты қайталап жарысады.

  1. Ұшып кетті үш құс

Ұшып келді ұшқыш.

  1. Жоғалды бес шыбыш

Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды бес шыбыш.


2-сайыс.
"Амал таңбаларын қою"
Төрт плакатқа үш теңдіктен жазылған.Сол теңдіктер тура болатындай етіп,амал таңбаларын,жақшаларын қою керек.
1. 27□36=63 2. 63□27=36
35□49=84 84□35=49
16□8□8=0 19□15□4=2

3. 64□16=48 4. 80□20=100


81□51=30 89□19=70
12□5□2=5 63□7=70
3-сайыс.
"Жеміс жинау" сайысы
Бұл сайыста әр топтан бір оқушы "Жеміс жинауға" барады. Ол жемістерді алу үшін қызықты әзіл есептерді шешу керек.

  1. Маратта бар бес іні,

Мұратта бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Неше болады шешуі? (Шешуі,7).

  1. Көлден ұшып жеті қаз.

Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі? (Жаубы:5).

  1. Табақта бес алма

Қолымда екі алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма? (Жауабы: 7 алма).

  1. Алма ағашта бес алма

Қандай тәтті.жесе алма
Бесеуінде жеп қойсам,
Қалады онда неше алма? (Жауабы: 0).


4-сайыс.
"Геометриялық фигуралардан адам бейнесін салу"
-Бір минутта геометриялық фигуралардан адам бейнесін салып және әр мүшесін қай фигурадан салғанын айтып өтеді.












5-сайыс. "Жанкүйерлер жарысы".
-Қазақ халқында үш деген сан өте киелі сан.Сол санға байланысты сұрақтар қойылады.Сол сұрақтарға жауап беріп,топтарына ұпай жинап,олардың сайыста жеңіп шығуына көмектесіңдер.
1. –Үш арсыз деп нені айтады? (ұйқы,күлкі,тамақ).
2. –Үш биді атаңдар. (Төле би,Әйтеке би,Қазыбек би).
3. –Үш дананы атаңдар. (Абай,Шоқан,Ыбырай).
4. –Үш тәттіні атаңдар. (Ананың сүті,туған жер,баланың күлкісі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет