Л. М. Түгелбаева Р. Ғ. Рысқалиева Р. К. Ашкеева



бет50/68
Дата29.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#183015
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
Байланысты:
Химия элемент китап

Цирконий жəне гафний


Жер қыртысындағы цирконий мен гафнийдің массалық үлес- тері 0,02 жəне 3,2·10-4 %-ды құрайды. Цирконий бірнеше мине- ралдар түзеді, оның ішіндегі маңыздысы – циркон ZrSiO4 жəне бадделеит ZrO2. Гафний қосылыстары цирконий минералдарына ұқсас келеді.


Цирконий жəне гафний – күмістей ақ металдар. Олар қиын балқиды, майысқақ келеді жəне суық күйінде иілгіш.
Олардың химиялық белсенділігі беткі қабатының оксид қабық- шасымен қапталуына байланысты жоғары болмайды. Цирконий мен гафний сілтілер, азот жəне тұз қышқылдарының ерітіндісі əсеріне тұрақты келеді. Олар қыздырғанда концентрлі күкірт

қышқылында жəне балқытқыш қышқылда комплексті қосылыс түзе ериді, мысалы:


Zr + 6HF = H2[ZrF6] + 2H2


Цирконий мен гафний өздерінің қосылыстарында негізінен +4


тотығу дəрежесін көрсетеді. Цирконийдің (IV) жəне гафнийдің

  1. оксидтері мен гидроксидтері ZrO2, Zr(OH)4, HfO2, Hf(OH)4 – екідайлы қосылыстар, алайда қышқылдар жəне негіздермен тек қатты қыздырғанда ғана əрекеттеседі. Цирконий жəне гафнийдің оксидтері мен гидроксидтерін сілтілермен балқытқанда цирко- наттар жəне гафнататтар, ал қышқылдармен оксотұздар тү- зіледі:

ZrO2 + 2KOH = K2ZrO3 + H2O Hf(OH)4 +2HCl = Hf(Cl)2O + 3H2O
Металдық цирконий өндірісі титанға ұқсас: оған цирконий ди- оксидін хлорлау үдерісі, алынған цирконий хлоридін магниймен тотықсыздандыру жəне йодидті əдіспен металды тазалау кіреді. Гафнийді кендерінен циркониймен қатар бөліп алады.
Цирконий жəне гафний өздерінің коррозияға төзімділігіне, механикалық беріктігіне жəне нейтрондарды тартып алу қасиет- теріне сай ядролық реакторлардың бөлшектері үшін конструк- циялық материалдар ретінде қолданылады.
Цирконий жəне оның негізінде алынған құймалар агрессивті химиялық заттар əсеріне тұрақтылығына байланысты химиялық машина жасау өнеркəсібінде пайдаланылады. Цирконийді мыс, темір жəне басқа да металдардың құймаларына коррозияға жəне ыстыққа төзімділігін арттыру үшін қолданады.
Ұнтақ цирконий детонаторларда (жарылғыш қоспа) оңай тұ- тануына жəне жылдам жануына байланысты тұтатушы ретінде қолданылады.
Цирконий диоксиді ZrO2 арнайы шынылар өндірісінде ших- та компоненттері – электр оқшаулағыштар ZrO2 жəне HfO2

дайындауға қолданатын отқа төзімді материалдар мен керамика- лық бұйымдар алуға қолданылады.


Цирконий жəне гафний карбидтері ZrС жəне HfС керамика өндірісінде жəне абразивті материалдар ретінде пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет