Лабораториялық және биохимиялық зерттеулер


Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ)



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі34,83 Kb.
#93300
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бауырды зерттеу

Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ). Бұл тәсіл ӨҚТПА-ның механикалық сарғаю асқынуы туған жағдайда өт сұйығының қалыпты ағу жолдарындағы бөгеттерді және олардың орналасқан деңгейін анықтауда өте пайдалы. Бүл тәсілмен, қажет болған жағдайда, ұйқы безі мен оның түтігінің сырқаттарын және олардың даму ақаулықтарын да анықтауға болады. ЭРХПГ фибродуоденоскоптың көмегімен он екі елі ішектің үлкен емізшесі (Фатер емізшесі) арқылы өт жолдарына төменнен жоғары қарай (ретроградты бағытта) контрасты зат жіберген соң өт жолдарын рентгенологиялық суретке түсіру әдісіне негізделген. Өт жолдарында, өт сұйығының қалыпты ағуына кедергі туғызатын тастар (немесе басқа кедергі) орналасқан болса, олар рентген суретінде анық көрінеді (14- ші сурет).
Теріні және бауырды тесу (пункциялау) арқылы орындалатын хо-ланнгиография. ЭРХПГ тәрізді бүл тәсіл де механикалық сарғаюдың себебін анықтау мақсатымен қолданылады. Ол, негізінде, бауыр ішінде орналасқан өт жолдарындағы бөгеттерді анықтауда тиімді. Тәсілді орындау барысы: арнзйы, ұзын және атравматикалық инемен (Chiba инесі) тері қабатын, одан соң бауырды тесіп (пункция) бауыр ішінде орналасқан өт жолдарын табады (шприцке өт сұйығы шығуы). Одан соң өт жолына шприц арқылы контрасты зат жіберілінеді де, бауыр аймағы рентген суретіне түсіріледі.
Лапараскопия. Тәсіл іш қуысына арнайы аспап (лапараскоп) енгізіп ондағы орналасқан ағзаларды, атап айтқанда, бауырды, өт қуығын және оның айналасындағы тіңдерді көзбен көріп бағалауға негізделген. Лапараскопия бауырда, өт қуығы қабырғаларындағы және оның айналасында туған өзгерістерді, өт қуығы қабынуының түрін, сатысын, асқынуларын т.б. мәліметтерді анықтауға мүмкіншілік туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет