Ұл:Қайда барасың? Қыз:Өзін-өзі тану апталығына бара жатырмын



Дата07.03.2022
өлшемі12,93 Kb.
#134484
Байланысты:
сценарий


Ұл:Қайда барасың?
Қыз:Өзін-өзі тану апталығына бара жатырмын.
Ұл: өй қызық емес қой
Қыз: неге сен ол пәннің біздің рухани азығымыз екенін білесіңбе?
Ұл: жоқ
Қыз:Онда сен жүр
Ұл: онда барайын
Қыз: Олжас енді сен тыңда

9 сынып: Ұлттық сана, ұлттық тәрбие, бұл мәселелер қоғамымыздың өзектілігіне айналды.Сана мен тәрбиені қайдан бастаймыз?әрине отбасынан бөлек, мектепке, тәрбие мен бңлңм беріп жатқан ұстаздардың көмегіне жүгінеміз.Тәрбиенің ішіндегі рухани-адамгершілікке көңіл бөлетін бірден-бір пән ол өзін-өзі тану пәні.


9 сынып
2 оқушы:
Өзін-өзі тану адам болудың қыры мен сырын үйрететін пән.Нағыз адам болу Отан алдындағы борышты өтеу, адами қарым-қатынастың сыртқы ортамен байланысы, адамның ішкі жан дүниесін тәрбиелеу,ішкі жан дүиені сыртқа жеткізе білу бұл өте маңызды, себебі адамның жүрегі махаббатсыз, сезімсіз жетім.
3- оқушы:
Халқымыздың осы мәңгі рухани құндылықтарды бағалай білуі мен бүкіл өміріне ұстаным етіп алуы мемелекетіміздің шынайы қуаты, оның азаматтарының бақытты тағдырын анықтайды. Ақиқат бұл өзін-өзі танудың мақсаты, сүйіспеншілік бұл өзін-өзі танудың негізін қалаушы, дұрыс әрекет өмір негізі.

Мұғалім
Қазіргі таңда жастарды тәрбиелеуде өзін-өзі тану пәні өте маңызды. Қоғамда жастардың рухани тұрғыда бай болуына адамгершілік тұрғыда қалыптасыуна өзін-өзі тану пәннің маңызы зор.

9 сынып оқушысы
Бізге тәрбие екі түрде беріледі. Оның бірі бізге үйде берілетін тәрбие болса, екіншісі мектепте. Адами құндылығымыз бен рухани жағынан байытып, тұлға болып қалыптасуға көмектесетін пәндердің бірі өзін-өзі тану пәні деп білемін.

Қыз: Олжас енді түсіндің бе?


Ұл: ия түсіндім, өзін-өзі тану пәні бізге керек пән екен.
Қыз: Онда жүр, өзін-өзі тану апталығына белсене қатысайық

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет