Рауза. Бұл пәле қөп оқыған.
Жамал. Бәсе!
Ернар. Әлі-ақ менің айтқанымының бәрін мақұлдайтын боласыңдар.
Ернар кетеді.
Алқамбай келеді.
Алқамбай (жымиып). Не, тиісерге қара таппаған соң Ернарды айналдырыпсыңдар ғой екеуің. Ол ішкіштен не шығады?
Рауза (қылымсып). Ол маскүнемде не қалды дейсің айналдыратын?
Жамал (кең, мол). Соны айт. Қалай, құттықтап қайттыңдар ма?
Рауза. Кімді?
Алқамбай. Жобарысты.
Рауза. Онысы кім еді?
Жамал (Раузаны жақтырмай). Қаншаға келдің?
Рауза (бұртаң етіп). Не боп қалды сонша?
Жамал. Алпысқа келгенше Жолбарысты білмей, не қара басты сені, сол болып қалды. Жаңа әкім – ол.
Рауза. Ойбо – о – ой, Алеке, крутой екенсіз ғой.
Алқамбай (ындынсыз). Ардагерлер айтқан соң барып ем, әкім қабылдамады. Ардагерлердің бәрінің көңілі қалып қайтты.
Жамал. Ештеңе жоқ, ертең – ақ бәрің соның айтқанына көніп, айдауына жүресіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |