Лекция : Кіріспе. Топырақтың минералды бөлігі. Қазіргі топырақ химиясы, оның мазмұны және міндеттері



бет7/8
Дата27.01.2023
өлшемі4,65 Mb.
#166580
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
топырақ лекция

Топырақ буферлігінің қисықтары


15-ЛЕКЦИЯ.ТОПЫРАҚТЫҢ ГАЗДЫҚ ФАЗАСЫ. ТОПЫРАҚ АУАСЫ.
ТОПЫРАҚ АУАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ТОПЫРАҚТЫҢ ГАЗ ФАЗАСЫ ТОПЫРАҚ АУАСЫ БОЛЫП САНАЛАДЫ. ТОПЫРАҚ АУАСЫ ТОПЫРАҚ ПРОЦЕСТЕРІНЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСАДЫ.
ОНЫҢ МӨЛШЕРІ МЕН ҚҰРАМЫ ОСЫ ПРОЦЕСТЕРДІҢ БАҒЫТЫН (АНАЭРОБТЫ НЕМЕСЕ АЭРОБТЫ, ТОТЫҚСЫЗДАНУ НЕМЕСЕ ТОТЫҒУ ПРОЦЕСТЕР ЖӘНЕ Т.Б.) ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАЙДЫ.
ТОПЫРАҚТАҒЫ АУАНЫҢ МӨЛШЕРІ СУМЕН ҚАМТЫЛМАҒАН ҚАТТЫ БӨЛШЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕРДІҢ КӨЛЕМІМЕН БАҒАЛАНАДЫ. ТОПЫРАҚТЫҢ ЖАЛПЫ ӨТКІЗГІШТІГІН ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ЫЛҒАЛ МӨЛШЕРІН БІЛЕ ОТЫРЫП, АЙЫРМАШЫЛЫҚ БОЙЫНША ТОПЫРАҚ АУАСЫНЫҢ КӨЛЕМІН ЕСЕПТЕУГЕ БОЛАДЫ.
СУ МЕН АУА ТОПЫРАҚТА БІРІН-БІРІ АЛМАСТЫРАТЫНЫ АНЫҚ: СУ НЕҒҰРЛЫМ КӨП БОЛСА, СОҒҰРЛЫМ АУАҒА АЗ ОРЫН ҚАЛАДЫ.
ЖОҒАРЫ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ ТОПЫРАҚТА АНАЭРОБТЫ ЖАҒДАЙЛАР ПАЙДА БОЛАДЫ. ТОПЫРАҚ ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫНЫҢ АУЫТҚУЫ ТОПЫРАҚТАҒЫ АУА МӨЛШЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘКЕЛЕДІ.
ТОПЫРАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҒЫ (ОДАН ТОПЫРАҚ АРАЛЫҚТАРДЫҢ ЖАЛПЫ КӨЛЕМІ МЕН ӨЛШЕМДЕРІ ТӘУЕЛДІ БОЛАДЫ) БІРДЕЙ ЖАҒДАЙДА ТОПЫРАҚ АУАСЫНЫҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАЙДЫ.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТОПЫРАҚТА, АГРЕГАТТАР ІШІНДЕГІ КАПИЛЛЯРЛАРДЫ ЫЛҒАЛМЕН ТОЛТЫРУМЕН ҚАТАР, АГРЕГАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ҮЛКЕН КЕУЕКТЕРДЕ АУАҒА ОРЫН БОЛАДЫ.
ҚҰРЫЛЫМСЫЗ НЫҒЫЗДАЛҒАН ТОПЫРАҚТА СУ МЕН АУА АРАСЫНДАҒЫ АНТАГОНИЗМ ӘСІРЕСЕ АЙҚЫН КӨРІНЕДІ.
ТОПЫРАҚ АУАСЫНЫҢ МӨЛШЕРІНЕ:

  • ҚҰРЫЛЫМЫНАН БАСҚА, ТОПЫРАҚТЫҢ ТЫҒЫЗДЫҒЫ ӘСЕР ЕТЕДІ.

  • НЕҒҰРЛЫМ ТОПЫРАҚ ТЫҒЫЗ БОЛСА, СОҒҰРЛЫМ АУА АЗ БОЛАДЫ.

  • ТОПЫРАҚТЫҢ ЖҰМСАҚТЫҒЫ АЭРАЦИЯНЫ АРТТЫРАДЫ.

  • АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨСІМІДІКТЕР ТОПЫРАҚТЫҢ АУАСЫНА ӘСЕР ЕТЕДІ.

ТОПЫРАҚТЫҢ АЭРАЦИСЫНА, ЯҒНИ АУАСЫНЫҢ МӨЛШЕРІНЕ, ТОПЫРАҚ ПРОФИЛІ ҚАБАТТАРЫНЫҢ СУ СІҢІРГІШТІГІ ӘСЕР ЕТЕДІ.
Топырақтан су астыға тез сіңіріледі. Босаған кеуектер ауамен толтырылады. Егер топырақтың беткі қабатынан су сіңіргіштік емес қабаты жақын орналасса онда мұндай топырақта су көп уақыт тұрып қалады. Бұл кезде анаэробты жағдайлар пайда болады және саз процесі дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет