Қорытындылай келсек,
Орталық Азия аймағының ерекшелігі басқа
интеграциялық бірлестіктердің үлгісін механикалық тұрғыдан көшіруге
келмейді, оны жіті зерттеу мен бейімдеуді қажет етеді. Интеграцияның негізі
ретінде сауда-экономикалық және ұжымдық ынтымақтастықтың дамуы,
толыққанды және қорғалған ортақ нарықтың болуы керек. Оған ұлттық тауар
өндірушілерді қолдау, бірыңғай экономикалық кеңістікте өнеркәсіптік
қызметке жағдай жасау сияқты қажеттіліктерді жүзеге асыру керектігі
шығады. Орталық Азия аймағының негізгі бағыты интеграциялық
доктриналардың әлемдік тәжірибесімен санаса отырып, мемлекеттердің өзара
қарым-қатынастарының механизмін құрастыруы болуы қажет.