Лекция: 0 Семинар: СӨЖ: 97 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылау (АБ): 60



бет44/75
Дата24.04.2022
өлшемі1,07 Mb.
#140636
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75
Байланысты:
Abenova.KazAd

Бақылау сұрақтары:

  1. Қорытынды сабақтарды ұйымдастыру жолдары.

  2. Оқушылардың эмоциясына әсер ету.

  3. Әдеби айтыс, пікірталас өткізу.

  4. Көркем шығарманы түсініп талдаудың шешуші кезеңіне тоқталу.

  5. қорытынды сабақтардың бекітілуі

  6. Әдеби бағыттар

  7. Әдеби бағыттардың дамуы мен қалыптасуындағы тарихи-әлеуметтік себептер

  8. Әдеби шығармадағы реализм, романтизм ұғымдарының көрінісі

21- лекция. Тақырыбы: Ақын-жазушылардың өмірбаянын, шығармашылық жолын оқыту


Жоспары:

  1. 5-8 сыныптарда суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімділігі.

  2. 9-11 сыныптарда ақын-жазушы өмірбаянын тарихи әдебиеттік ізбен берілуі.

  3. С. Сейфуллин өмірбаянына арналған хронологиялық кесте.



Лекция мақсаты: Мектепте ақын-жазушылар өмірін оқытудың маңызы зор, әрі ол әдебиетті оқудың күрделі бір саласы болып табылатындығын студенттерге жеткізу. 5-8 сыныптарда суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімді жолдары. 9-11 сыныптарда ақын-жазушы өмірбаянын тарихи әдебиеттік ізбен берілетіндігі. С. Сейфуллин өмірбаянына арналған хронологиялық кесте арқылы ақын өмірінен мәлімет беру


Лекция мәтіні: Бағдарламада ақын, жазушы өмірбаянын оқыту 9-11 сыныптарда тарихи әдебиеттік ізбен беріледі. Ал 5-8 сыныптарда әдебиеттік оқуларда өмірі емес, жекелеген шығармаларын талдау ұсынылады. Сол себептен де әр оқушы өздері оқып жатқан шығарма кімдікі, шығарманың жазылу тарихы туралы тұжырымды түрде хабар алса, артық болмайды. Сондықтан 5-8 сыныптарда да суреткер өмірінен мәліметтер берудің тиімділігі бар. 5-сыныпта М. Шахановтың «Отырар дастаны» шығармасын оқу алдында оқушыларға әңгімелеу әдісімен Мұхтардың қысқаша өмірін таныстырып, әсіресе, Желтоқсан, Арал мәселелеріндегі азаматтық, күрескерлік, ұлтжандылық қасиеттерін айтып берудің маңызы зор. 8-сынып оқулығында Абайдың Әбіш туралы өлеңдері беріледі. Әбіш кім болған (оқулықта қысқа ғана мәлімет беріледі), Абай оған неге бірнеше өлеңдер жазған, ол өлеңдер әкенің баласын жоқтауы ғана ма деген сұрақтарды мұғалім ақын өміріне шолу жасай отырып, түсіндіреді. Тіпті, берілген шығарманы талдау, оған қызықтыру үшін де бұл тәсілдің маңызы ерекше, мұғалім әңгімелей отырып, Абай өлеңдерінің басты-басты кезеңдеріне тоқталады. Халық үшін «мыңмен алысқан» ұлы ақын өз балаларын сол «Халық ұлы, адам ұлы» болу үшін тәрбиелегенін, әсіресе, Әбішінен үлкен үміт күткенін, бірақ Әбіш қазасы ол үмітті үзіп, ақынды орны толмас қайғыға ұшыратып, қолына қағаз алғызғанын әңгімелеудің тиімділігі зор. 5-8 сыныптарда суреткердің бүкіл өміріне тоқтаудың қажеті жоқ. Өміріне тұжырымды түрде шолу жасап, әсіресе, оқығалы отырған шығармаға байланысты мәселелерге ғана көбірек көңіл бөлу керек.
Тәжірибеде суреткер өмірбаянына арнайы сағаттар бөліп, шығармашылығын талдау алдында оқыту және оны шығармашылығымен қоса, хронологиялық жүйемен оқыту орын алған.
Суреткер өмірбаянын өтуде оның өмір кезеңдерінің басты оқиғалары, оларға байланысты туған шығармалары туралы маңызды мәліметтерді жинақтап, хронологиялық кесте жасап, пайдалануға болады:

Үлгі: Сәкен Сейфуллин (үзінді)





Жылы

Негізгі оқиғалар

Жазған шығармалары

1894

Ақмола уезі, Нілді болысы, 1-ауылда дүниеге келді

Үлкендердің өтінішімен өлең шығара бастауы (толық сақталмаған).

1905

  1. Нілді зауытына келіп, Лаврентийдің қолында орысша үйрене бастады

  2. Жұмысшылар көтерілісінің куәсі болуы




1913
1914
1916

Омбы қаласында семинарияда оқуы, саяси жұмыстарға қатысуы

Қазан қаласында «Өткен күндер» өлеңдер жинағының басылуы

Осындай кестелермен бірге, суреткердің жүріп өткен жолдары,шығармаларының жазылып, басылған, әрі тараған жерлері, шет елдерде аударылып, жарық көруі, өмірінің басты кезеңдері өткен мекемелер, т.с.с. маңызды мәселелерді қамтыған карта жасап, пайдалануға да мұғалім ерекше ден қойғаны жөн. Ақын-жазушылардың ата тегі, шыққан руы, ұшқан ұясы, ұрпағы жайында да мәліметтер беріп отырудың маңызы бар.


Суреткер өмірі мен шығармашылығын өтуде өмірбаяндық шығармаларды да пайдалану тиімді болмақ. Мысалы, Сәкен («Тар жол тайғақ кешу»), Сәбит («Өмір мектебі», «Есею жылдары»), т.с.с. өмірін өткенде сол тарихи шығармалар бойынша оқушыларға қысқаша хабарлама-әңгімелер жасатудың, мұғалімнің өзінің де керекті жерінде оларды негізге алып, оқытуының маңызы зор. Көптеген ақын-жазушылардың өздері туралы жазған өмірбаяндары бар. Мысалы, Ғ. Мүсіреповтің «Автобиографиялық әңгімесі», Жамбылдың өзі туралы айтқандары, т.б. материалдар баршылық. Суреткердің өмірбаянын өзінен артық кім біледі? Сондықтан бұл материалдарға да мұғалімдер назар аударуы керек. Ақын-жазушы еліне сырттай саяхат жасау, бар болса, мұражайына, ескерткішіне бару, тіпті алғашқы сабақты сол жерлерде өту, оларды көрген, дәмдес болған, немесе шәкірті, туысы болған адамдармен кездесу сабағын ұйымдастырудың орны ерекше. Ал мұндай мүмкіндік болмағанда, мұғалім оқушыларының, үйірме мүшелерінің көмегімен кабинетті безендіріп, өткелі отырған суреткер туралы көрме жасап, сабағына тиімді пайдаланады, сабақты сол жерде өткізеді. Бұл орынға оқушыларды алдын ала алып келіп, таныстырып, ынтасын, қызығушылығын арттыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет