Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары



бет1/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция


Лекция №1
Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе


Лекция жоспары:
1.Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе
2.Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары әлеуметтік-педагогикалық ғылымдардың саласы ретінде


Лекция мәтіні:
1.Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе.
«Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары » пәні оқу жоспарына сәйкес 5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының жоғары білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша бакалаврларды даярлауда негізгі кәсіби пән болып саналады.
«Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары» пәнінің міндеттері:

  • Ғылыми-әлеуметтік-педагогикалық білімдерді қалыптастыру;

  • Студенттердің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің сипаты және өзіндік ерекшеліктері туралы теориялық және практикалық білімдерді меңгеруі;

  • Студенттерге әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиясы туралы білімдерді меңгерту;

  • Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың практикалық біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • Технологиялық, практикаға бағытталған және теориялық білімдердің интеграциясы арқылы болашақ мамандардың кәсіби ұстанымдарын қалыптастыру.

Пәннің негізгі мақсаты студенттерді «Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары» курсының ғылыми-теориялық негіздерімен таныстыру, соның ішінде әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясының негізгі ұғымдарын анықтау: әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мақсатын, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің әдістерін, «технология» және «әдістеме» ұғымдарының арақатынасын анықтау.
Пәннің негізгі бағыты – болашақ мамандарға әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет пен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиясын ұйымдастыру негіздерін меңгерту.
«Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары» пәнін оқу барысында студенттер білу керек:

  • Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясының негізгі ұғымдарын;

  • Жеке тұлғамен, топпен, қауыммен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін;

  • Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен мазмұнын;

  • Әлеуметтік-педагогикалық үрдістің мәнін;

  • Отбасымен, мектепте, қоғамда жүргізілетін жұмыстың әртүрлі әлеуметтік-педагогикалық технологиясының теориялық негіздерін,

  • Әлеуметтік педагогтың жалпы және өзіндік қызметін;

  • Әлеуметтік педагогтың мамандандырылуына байланысты әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті модельдеуді;

  • Әлеуметтік-педагогикалық технологияның ерекшеліктерін және оны қолдану тетіктерін;

  • Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің, әлеуметтік педагогикалық жұмыстың әдістемесін;

  • «технология» және «әдістеме» ұғымдарының арақатынасын;

  • Әлеуметтік-педагогикалық технологияның элементі ретінде іс-әрекет алгоритмін.

Студент мынандай біліктер мен дағдыларды меңгеруі керек:

  • Әлеуметтік көмек пен қорғауды қажет ететін әртүрлі әлеуметтік, жыныстық-жастық, діни, этникалық топтармен және жеке адамдармен жұмыс жасауды;

  • Отбасының, әртүрлі жастағы балалардың категорияларымен әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің және әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін іске асырудың тиімді жолдарын негіздеуді;

  • Өзінің тәрбиелік, алдын-алу, ұйымдастырушылық, диагностикалық, коммуникативтік дағдылары мен біліктерін жетілдіру үшін игерілген теориялық білімдерін практикада қолдануды;

  • Отбасын, мектепті, девиантты және делинквентті мінез-құлықты балаларды, ресми емес бірлестіктердегі жасөспірімдерді зерттеуде сәйкес технологияны таңдап алу үшін әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің әдістемесін жасауды және пайдалануды;

  • Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың теориялық-қолданбалы мәселелерін ұғынуды және аналитикалық баға беруді;

  • Әлеуметтік-педагогикалық практиканың теориялық-қолданбалы мәселелеріне аналитикалық баға бере білуді;

  • Меңгерген теориялық білімдерін іскерлік пен біліктіліктерін жетілдіру үшін тәжірибеде қолдана білуді;

  • Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті және әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жобалау мен жоспарлауды жүргізуді;

  • Девиантты және делинквентті мінез-құлықты балалардың өзіндік ерекшеліктеріне, әлеуметтік қараусыз қалған балалардың дамуы бірқалыпты балалардан айырмашылықтарына салыстырмалы талдау жасауды.

Осы пәнді оқыту келесі құзыреттіліктерді меңгеруге ықпал етеді:

  • жалпыға белгілі теориялар мен әдістердің негізінде адам туралы, оның рухани-адамгершілік дамуы, өзінің әрекеті мен іс-әрекетін негіздей алу біліктілігі туралы ғылыми-практикалық білімдердің жиынтығын игеру;

  • әлеуметтік қорғалмаған категориядағы тұрғындармен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау біліктілігі: мүмкіндігі шектеулі адамдармен, мигранттар отбасымен, әлеуметтік жағдайы нашар отбасылармен, олардың толық қанды өмір әрекеттеріне жағымды жағдай жасауға ықпал ету;

  • әлеуметтік-педагогикалық жұмыс тәжірибесін жалпылау және жариялау; әлеуметтік қызметтерді жарнамалауды ұйымдастыру және тұрғындар арасында ҚР құқықтық актілері мен заңдарын қарастыру;

  • балалар, жасөспірімдер және ересектердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне мақсатты бағытталған педагогикалық әсер етуге қабілеттілік; тәрбиелеу үрдісінде әлеуметтік институттардың құралдары мен мүмкіндіктерін пайдалану;

  • оның тиімділігін бағалау мақсатында, бала мен оның отбасына әлеуметтік-педагогикалық әсер ету барысын динамикалық бақылауды жүзеге асыру қабілеттілігі;

  • балалар мен жасөспірімдердің ауытқымалы мінез-құлықтарының себептерін, отбасылардың әлеуметтік қамтамасыз етілмеуінің себептерін айқындауға деген қабілеттілік;

  • балалар мен жасөспірімдердің ауытқымалы мінез-құлықтарының алдын-алуға арналған алдын-алу шаралар жүйесін ұйымдастыруға қабілеттілік.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет