Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №14 Бала тәрбиесі туралы әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті



бет29/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Лекция №14
Бала тәрбиесі туралы әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті


Лекция жоспары:
1. Бала тәрбиесі туралы дауларды шешудегі әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті.
2. Баланың білім алуға деген құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.


Лекция мәтіні:
1. Бала тәрбиесі туралы дауларды шешудегі әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті.
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Әлеуметтік педагог жұмысының мақсаты - баланың тұлғалық дамуы үшін қолайлы жағдай (әлеуметтік, рухани-адамгершілік, зияткерлік) тудыру, кешенді әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, сонымен қатар баланы оның өмірлік кеңістігінде қорғау. Әлеуметтік педагог бала мен ересек, бала мен оның ортасында дәнекер, сонымен қатар бала және оның ортасымен тікелей қарым-қатынас жасай отырып, кеңесші де болады. Әлеуметтік педагогтың отбасымен қызметіне әлеуметтік-педагогикалық көмекті құрайтын үш негізгі құрамдас бөлік кіреді: білім беру, оқуға көмектесу және тәрбиелеу.
Қолайсыз отбасы - бұл өмір сүрудің белгілі бір бағытында немесе олардың бірнешеуінде қатар әлеуметтік статусы төмен, оларға артылған қызметтерді атқара алмай отырған отбасылар, олардың бейімделушілік қасиеттері біршама төмен, баланың отбасылық тәрбиесінде үлкен қиындықтар бар, нәтижесі аз.
Бұл жұмыста қолайсыз отбасы ұғымында біз мынаны меңзейміз, бұл отбасында құрылым бұзылған, ішкі шекара байқалмайды, басты отбасылық қызметтер ескерілмейді және құнсызданады, тәрбиеде айқын немесе жасырын ақаулықтар бар, осыған сай ондағы психологиялық климат бұзылады және «қиын балалар» пайда болады.
Қолайсыздығы айқын көрінетін отбасының ерекшелігі - отбасы өмірінің бірнеше саласында бірдей ашық көрінетін сипаты бар ( мысалы, әлеуметтік және қаржылай деңгейде), немесе тек қана тұлғааралық қарым-қатынас деңгейіндегі сипаты айқын, бұл отбасылық топтағы қолайсыз психологиялық ахуалға әкеледі.
Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысының бір түрі - әлеуметтік патронаж, алдын-алу, бақылау, бейімдеу мақсаттарымен отбасының үйіне бару, бұл отбасымен ұзақ мерзімді байланыс ұстауға мүмкіндік береді. Оның проблемалық жағдайы дер кезінде анықталып, уақтылы көмек көрсетіледі.
Қолайсыз отбасының түрлерін атап өтетін болсақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет