Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Әртүрлі бағыттағы топтармен жүргізілетін жұмыстың әлеуметтік-педагогикалық әдістемесі



бет41/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

2. Әртүрлі бағыттағы топтармен жүргізілетін жұмыстың әлеуметтік-педагогикалық әдістемесі.
Білім беру екі бағытта жүргізіледі: білім беру және оқыта отырып тәрбиелеу. Осыған орай ата-аналарымен жұмыс бағыты да, ата-аналарға педагогикалық білім беріп, отбасында кездесетін қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктердің алдын алып, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және педагогикалық сауатын ашып, қарым-қатынас мәдениетін көтеру шараларын қамтиды. Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында әлеуметтік-педагогикалық білімі жеткіліксіз болса, бір ғана материалдық қамтамасыз ету ісін көздегенінен көптеген қателіктер кетіп жатады. Өйткені, материалдық қамтамасыз ету жас ата-аналар арасында тәрбилеу мақсатын дұрыс түсіне алмағандар, балаға екеуі бірдей талап қоя алмағаны, артық еркелетуі, не болмаса шектен тыс қаталдық баланың көз алдында өзара мәмілеге келе алмай, ұрысып керісуі, баланы ұрып-соғу, зеку, кемсіту, баланы бағып-тәрбиелеуді басқаларға сеніп тапсыратындар.Сондықтан, әлеуметтік педагог әке-шешелерімен мынадай іс-шаралар жүргізеді:

  • әке мен ананы болашақтағы бала тәрбиесіне педагогикалық және әлеуметтік -психологиялық даярлау;

  • ата-ананың бала тәрбиесіндегі беделінің маңызын және жеке үлгі-өнеге көрсетудің рөлін, өзара қарым-қатынастың мәнін түсіндіру;

  • баланы жолдастарының арасында өзін ұстауға, олармен қарым-қатынас орната білуге үйрету жолдарын меңгерулеріне үйрету;

  • тәрбиелеуде балалардың жас және тұлғалық ерекшеліктерін ескеруді қаперіне салу;

  • баланы өзіне-өзі қызмет етуге жаттықтыру, әдет-дағды қалыптастыру және оны ұйымдастырудағы отбасының рөлін анықтап көрсету;

  • мадақтау, мақтау және жазалау әдіс-тәсілдерін сауатты қолдана білу жолдарын қарастыру;

  • ата-аналарының тәрбиеде жіберген қателерінің себеп-салдарынан мәлімет беру, айғақтар мен дәлелдер келтіру арқылы дұрыс тәрбиенің мәнін ашып көрсету және сендіру;

  • балаларды еңбек етуге тәрбиелеп, кәсіп таңдауына байланысты ақыл-кеңестер ұйымдастыру, олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу жолдарын нұсқау;

  • оқу, еңбек, ойын, демалыс және бос уақытын дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға кеңестер беру;

  • мектепке даярлау және мектепке дейінгі мекемелерге орналастыруға көмектесу;

  • баланы құлықтық, дене тәрбиеі, эстетикалық, экологиялық, экономикалық жақтан отбасында тәрбиелеу қажеттігіне көз жеткізу және жолдарын көрсету;

  • жасында еліктеу арқылы пайда болатын жаман әдеттер: ішімдікке әуестену, шылым шегу, нашақорлықтың еліктеудің алдын алу шараларын үйрету және отбасының тұрмыстық жағдайын көтеруге, статусын жоғарылатуға көмектесу.

Бұлардың басқа кедей отбасы мүшелерімен бала тәрбиесіне байланысты семинарлық жұмыстар өткізудің де өзіндік орны және пайдасы бар. Мысалы, жас отбасына қаражатын дұрыс пайдалану туралы кеңестер, азықтану ережелерін сақтаудың жолдарын үйрету, санитарлық және гигиеналық ережелерін сақтау, отбасы қарым-қатынасын реттеу, туындаған мәселелерге байланысты тура жол тауып, шешу жолдары қарастырылады.
Әке-шешелерге беретін көмегі ақыл-кеңестер баланы тәрбиелеудегі мақсат пен міндетті түсіну, оның мүддесін қорғап, қажеттілігін қанағаттандыру, отбасы мүшелерінің ой-санасына, ақыл-есіне ықпал ететін әңгімелер өткізу, семинарлар мен сұхбат, дөңгелек үстел секілді басқа да іс-шаралар ұйымдастыру әлеуметтік педагогикалық қызметтің пәрменділігін көрсетеді.
Әлеуметтік жұмыс бірнеше бағытта балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелермен үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен, әлеуметтік қызметкерлердің мектеппен жұмысы және ақыл- есі артта қалған балаларға психиатриялық ауруханаларда қызмет көрсету сияқты бағытта жұмыс жүргізіледі.
1. Балаларға әлеуметтік көмек көрсететін мекемелердің (жағдайы нашар
отбасы балаларына тегін ) жұмыс мазмұнына:
- ата- аналарға кәсіби білім беретін және жұмысқа орналасу үшін көмек
көрсететін арнаулы топтар;
- күндіз және кешке жұмыс жасайтын ата-аналардың балаларын қорғауға
көмектесу;
- қалалық орталық денсаулық орталығында күйеуі жоқ аналарға қызмет
көрсету;
- зорлық-зомбылық көретін балаларды қорғау қызметін құру;
- балалар үйін құру және тексеру
- бала асырап алған отбасылармен жұмыс;
- баланың жаңа отбасына үйренуін бақылау;
- балалардың білім алуына көмектесетін әлеуметтік қызмет жұмысын
жандандыру;
- ата-аналарға үй шаруашылығын жүргізуде көмек көрсету;
- жетім балаларды асырап алуға көмектесу;
- төтенше жағдайда отбасының жағдайына қарамастан көмек көрсету кіреді.
2. Ақыл-есі артта қалған балаларға психиатриялық ауруханаларда қызмет көрсету жұмысының мазмұнына:
- интернат - үйлеріндегі балаларға қызмет көрсету;
- арнаулы стационарлар мен диспансерлерде әлеуметтік жұмысты
ұйымдастыру жатады;
3. Үйлерінен қашып кетіп, үйсіз жүрген балалармен жүргізілетін жұмыс
мазмұнына:
- балаларға арналған жатаханалар мен баспаналар бар
- жеке және топтық кеңестер өткізіледі;
- балаларын қайтадан үйге қайтару мақсатында ата-аналармен әңгімелесу;
- қайтадан балаларымен қосылған ата-аналармен жұмыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет