Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №21 Қоғамдағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі



бет45/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

Лекция №21
Қоғамдағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі


Лекция жоспары:
1.Микроортаны диагностикалау әдістемесі.
2. Әлеуметтік-педагогикалық кешенді ұйымдастыру әдістемесі.


Лекция мәтіні:
1.Микроортаны диагностикалау әдістемесі.
Диагностика - оқушының даму үрдісі мен нәтижесін талдау. Психологиялық-педагогикалық диагностика – бұл оқу-тәрбие жұмысын оңтайландыру мақсатында оқушының жеке-психологиялық ерекшелігін және балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық мінездемесін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі. Адамды барлық жағынан тәрбиелеу үшін, оны барлық жағынан білу керек.
Диагностиканың негізгі әдістемелік негізі. Мектептегі, сыныптағы тәрбие үрдісінің нақ осы кездегі даму ерекшеліктерін анықтау. Оқушы тұлғасының дамуына бәрінен аз әсер ететін тәрбие үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым тиімді педагогикалық құралын, формасы мен амалдарын анықтау. Тұлға мен ұжым дамуының мүмкін жолдарын болжау, тәрбие үрдісінің болашақта мүмкін күйі мен оның нәтижесін (балалар тәрбиелілігі тенденцияларын, ұжымның даму динамикасын) көре білу.
Диагностикалық әдістемелермен жұмыс істеу ережесі. 1. Диагностикалық әдістеменің мазмұны күтілетін нәтижеге бағытталуы керек. 2. Диагностиканың мазмұндық сипаты болуы шарт және зерттеушілік қызметке кең жол ашуы керек. 3. Диагностикалық зерттеудің нәтижесі сынып ісіне қатысы жоқ адамдардың талқысына салынбауы керек. 4. Кез келген нәтиже сынып оқушыларының игілігі үшін қызмет етуі керек. 5. Педагогикалық диагностиканың қажеттігі оқушыларға түсіндіріліп айтылуы керек.
Тәрбиелілікті диагностикалаудың төрт деңгейі. Жоғары деңгей: тұлға қарым-қатынас пен әрекет етуде өзіндік әрекетімен ерекшеленеді, өзін-өзі дамытуға қабілетті; жеткілікті деңгей: балада мінезінің ішкі реттеуіштері негізінен қалыптасқан, бірақ оған сын сағаттарда көмек қажет; төменгі деңгей: тұлға өз дамуында тоқтап қалған, педагогикалық қолдаусыз өзін-өзі жетілдіруге қабілетсіз; қанағаттанаралықсыз деңгей: ала-бөтен мінез-құлыққа бейім, өзін-өзі бұзушы тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет