Тәрбиелік жағдаят. Педагогикада мінез-құлықты диагностикалауда тиімді амалдарды қолданады. Мысалы, тәрбиелік жағдаят әдісі: 1) талап етілетін сапа деңгейін диагностикалауға қол жеткізеді; 2) сол сапаны тәрбиелейді. Тәрбиелік жағдаят – бұл табиғи немесе алдын-ала жасалынған жағдай, онда тәрбиеленуші әрекет етуге мәжбүр болғандықтан, өзінің қандай да бір деңгейін көрсетеді. Соңғы жылдары педагогикада проблемалық жағдаяттар ойластырылуда.
Проблемалық жағдаяттар.
Жасанды жасалған жағдаятта бала проблемаға кезігеді де, оны өз деңгейінде шешеді. Мұндай жағдаяттың: тексеру, тәрбиелік, бақылау, бекіту, тәрбиеші ойластырмаған, бірақ пайдалы, тәрбиеші ойластырмаған, бірақ зиянды немесе кедергі келтіретін деп аталатын түрлері де бар. Тәрбиелік жағдаяттың зерттеу нысаны: оқушылар тұлғасының дамуы; сынып ұжымының қалыптасуы; сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының сынып өміріне қанағаттанушылық сезімі.
Тәрбие үрдісінің тиімділігі. Тәрбие үрдісінің тиімділігі дегеніміз - бұл алға қойылған мақсат пен тәрбие практикасында қол жеткізген нәтижені салыстыратын теңестіру. Тәрбиенің негізгі мәні оның дамытушылық ықпалында, сондықтан бала тұлғасында болып жатқан өзгерістер ғана білім мен тәрбиенің тиімділігін куәландыра алады.
Сыныптың тәрбиелік үш мүмкіндігі. Ұйымдастырушылық - оқушылар ұжымы өзінің қоғамдық пайдалы әрекетін өздері көрсетеді. Идеялық-тәрбиелік - оқушылар ұжымы идеялық-адамгершілік сенімдерді тасымалдаушы болып қалыптасады. ынталандырушы - оқушылар ұжымы өзінің мүшелерінің тәртібі мен олардың өзара қарым-қатынасын реттеуші болып барлық қоғамдық пайдалы істердің адамгершілік құндылықтардың ынталандырылуының қалыптасуына ықпал етеді.
Тәрбие үрдісінің нәтижесі.Тәрбиелік деңгей: оқушының қоршаған әлеуметтік орта мен жалпы қоғаммен өзінің қарым-қатынасын реттей алуға дайындығы, адамның қоғам мен ұжымға, адамдар мен өзіне деген қарым-қатынасы жүйесі, оқушының өмір жолын таңдауы мен білім алуын жалғастыруға дайындығы.
2.Әлеуметтік-педагогикалық кешенді ұйымдастыру әдістемесі
Әлеуметтік жұмыс әмбебап қызмет түрі болғандықтан, жұмыстың жалпы, жалпыадамзаттық сипатқа ие құндылықтарын бөлуге болады: ізгіліктік, әлем, адам құқығы, әлеуметтік әділдік, заңдылық, альтруизм, қоғамдық, топтық және жеке қызмет үйлесімділігі, өзіндік қамтамасыз ету, демократизм, толеранттылық, әлеуметтік жауапкершілік, сенімділік, құзіреттілік, құпиялылық т.б.
Ізгіліктік адамды жоғары құндылық ретінде қабылдайды, оның қадір-қасиетін, азаматтық құқығын қорғайтын, тұлға қабілетін еркін және жан-жақты көрсетуге жағдай туғызатын әлеуметтік жұмыстың жетекші құрылымы б.т.
Міндетті нұсқаулар, бұйрықтармен реттелетін ресми қатынастардан өзгешелігі, әлеуметтік жұмысшы және клиент арасындағы формальды емес байланыс, ең бастысы жеке қасиеттердің психологиялық сәйкестігі, қызығушылықтардың ортақтығы, симпатия және антипатия негізінде туындап құрылады. Әлеуметтік жұмыстағы формальды емес қарым-қатынас сипаты психологиялық феномен ретінде болса да, әлеуметтік жұмысшылардың міндетті қызметіне, оның қызметтік міндетіне жатпайды.
Әлеуметтік жұмыс демократизмі клиентпен психологиялық байланыс орната білу, қарым-қатынас нормаларын және ережелерін сақтау, клиент тұлғасын сыйлау және көңіл аудару, клиентті тұлғалық мәселесінің шешімін іздеуде белсендендіре білуді талап етеді.
Өмір әрқашан теориялардан байырақ, нұсқаулардан жан - жақты. Үнемі өзгеріп отыратын өмір жағдайлары, мәдениет деңгейі бойынша әлеуметтік топ және адамның әртүрлілігі (білім, жыныс, жас ерекшелік, еңбекке орналасуы, біліктілік, денсаулық) әлеуметтік педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер кездесіп отыратын әлеуметтік мәселенің үнемі жаңаруын және ерекшеліктерін алдын-ала анықтайды. Міне сондықтан да әлеуметтік жұмыстың тұлғаның өміріндегі нақты жағдайлармен байланысы ең алдымен жағдайды талдау және бағалауды, адамның өмірлік жағдайын әлеуметтік диагностикалаудан тұрады. Бұл принцип әлеуметтік жұмысшыны әлеуметтік жұмыста мақсатқа жету үшін тікелей маңызды болуы мүмкін әлеуметтік жағдайлардың ерекшеліктерін анықтауға бағыттайды. Ол дерексіз теорияны, шаблон, инерция, формализмді қолданбайды.
Заңдылық - әлеуметтік жұмыстың негізгі принципі және құндылығының бірі ретінде. Заңды қатаң орындау және барлық мемлекеттік органдар, міндетті адамдар, қоғамдық ұйым, азаматтардың құқықтық актілерін қатаң түрде орындауды негіздейді. Нормативті-құқықтық акті мемлекет саясаты, соның ішінде әлеуметтікке кіретін форма б. т. Құқық ролі және орны ең алдымен саясаттың жүзеге асуына қызмет етуден тұрады, алайда осы құқық ролін оны бүкіл нормалармен қатаң сақтағанда ғана орындауға болады. Осыдан жалпы заңдылық, әлеуметтік жұмыстағы, былайдағы да бірінші және соңғы талабы шығады.
Әлеуметтік саясат, адам қызығушылығын қай формада болсын көрсетсе де, сонда да маңызды болады, егер ол істе жүзеге асып, егер оның жүзеге асуының нәтижелерін адам практикада түсінсе ғана. Декларация және ұран, нақты әрекеттермен олардың шынайылыққа айналуға бекітілмеген ,- бұл тек олардың дискредитациясының бір тәсілі ғана. Халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған шараларды сәтті жүзеге асыру көбінде әлеуметтік жұмыста кәсіби принциптерді қадағалаумен анықталады, соның ішінде әлеуметтік, әлеуметтік қызметкерлерді басқару органдарының технологиялық құзіреттіліктерін бөлуге болады.
Технологиялық құзіреттілік - әлеуметтік қызметкерлердің туындаған мәселені шешудің жағдайы және технологиясы жөніндегі терең білімі, өз білімін практикада сауатты жүзеге асыра алуы, жүйелі оқу және кадрларды қайта даярлау, нақты ақпарат, басқарудың барлық салаларындағы талдау және болжамдық іс-әрекеті, әлеуметтік жұмыс, оның типологиясы, объектілері жөніндегі жан-жақты білімі, әлеуметтік қызметтің клиенттерімен жұмыс істеудегі іскерлік және ұйымдастырушылық.
Бұл топтың ең маңызды принциптерінің бірі – әлеуметтік белсенділікті ынталандыру- аламдарды, оның күшін, қабілетін, нақты әлеуметтік маңызды мақсатқа жету үшін адамгершілік және еріктік потенциалды жүзеге асыруда белсенділік көрсетуіне итермелеу. Осы жерде қызметтің әр түрінде еліктірудің қайнар көзі адамда өздігінен пайда болатын қызығушылықтары, қажеттіліктері емес, олардың қанағаттандырылу деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстағы ынталандыру принципі оның формасының идеялық және материалдық бірегейлігін және сәйкестігін талап етеді; құралдардың адекваттылығы және ынталандырудың жеке, кәсіби, тұлғаның білім беру мәдениеті және психологиялық ерекшеліктеріне негізделген тәсілдер; адамның іске, оның өмірлік іс-әрекетінің әлеуметтік құндылықтарына қатысты бағалаудағы объективтілік және дауыстылық.
Әлеуметтік жұмыстың маңызды басқарушылық принципі - орындауды бақылау және тексеру б.т. Әлеуметтік қызметтің бақылау-тексерушілік функциясы - бұл әлеуметтік жұмыстың қандай да бір өзінше шекарасы емес, ал оның бөлінбес компоненті. Әлеуметтік қызметті және басқару органдарын бақылау-тексеру қызметінің мағынасы мынада, яғни мемлекет кепілдік берген халықтың әртүрлі топтарын әлеуметтік қорғау шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету б.т.
Әлеуметтік жұмыстың ең негізгі ұйымдастырушылық принциптерінің бірі - әлеуметтік қызмет кадрларының құқық және міндеттерінің, жауапкершіліктерінің біртұтастығы әлеуметтік қызмет іс-әрекетінің тәжірибесін, олардың басқару органдарының қызметін зерттеу көрсеткендей, олардың нақты қызметтері әлеуметтік жұмыстың әр маманының өзіндік қызметі және міндеттері жөнінде анық білуі негізінде болады.
Әлеуметтік жұмыс теориясында және практикасында психологиялық-педагогикалық принциптер үлкен роль атқарады, олар әлеуметтік жұмыстың формалары және әдістері, клиентке ықпал ету тәсіліне деген талаптарды анықтайды.
Бұл топтағы әлеуметтік жұмыстың негізгі принциптерінің бірі - кешенді тұрғы б. т.
Әлеуметтік жұмыста кешенділік бір жағынан әлеуметтік жұмыс объектісіне ықпал етудегі тұтастық және жан-жақтылық, ал басқа жағынан адамдардың қызығушылығын, қажеттіліктерін, көңіл-күйін зерттеу және есепке алу, олардың мінез-құлқына және өзіндік сезіміне ықпал ету сипатын болжамдау, сонымен бірге адамдардан шынайы тұлғаны көруді білдіреді.
Әлеуметтік жұмыстың психологиялық - педагогикалық принциптерінің ішінде адамдарға деген дифференциалды тұрғыны бөлуге болады. Ол әртүрлі топ, мамандық, жас ерекшелік өкілдерінің материалдық және рухани құндылықтарға, қоршаған орта шынайылығына деген көзқарасын және қатынастарын анықтауға негіздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |