Лекция №25
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет әлеуметтік басқару ретінде
Лекция жоспары:
1.Әлеуметтік делдалдық технологиясы
2.Әлеуметтік-педагогикалық сараптама әдістемесі.
Лекция мәтіні:
1.Әлеуметтік делдалдық технологиясы
Әлеуметтік тануға байланысты өскен қызығушылық басқа жаңа технологиялардың келуіне себеп болып отыр. Әлеуметтік болжау инновациялық әректпен тығыз байланысты.
Әлеуметтік болжауда ақпараттық аспект ерекше орын алады.Қазіргі ақпараттық қоғамда ақпараттық технология арқылы ақпарат көлемі көбейіп өзгерді, оның сапасы да өзгерді. Қоғамда орын алған ақпараттар сапасы субъективтік пікірлер арқылы бағаланады. Сондықтан әлеуметтік болжауда қолданатын ақпараттар маңызды, көкейкестілі, келесідей талаптарға сай болулары керек: 1) атрибутивті (материалдық әлеуметтік бірлік) 2) прагматикалық (жаңалығы, құндылығы), 3) динамикалығы (қайталануы, көп рет қолдануы, ескіруі). Мазмұны жағынан ақпарат шынайы, жалған, ғылыми, ғылыми емес болады. Ғылыми ақпараттың ерекшелігі оның шындығында. Әлеуметтік болжау түрлері: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, заңгерлік болжау.
Әлеуметтік болжау - қоғам мен қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау.
Ғылыми болжам оқиғалар, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді. Модельдеу болжам жасаумен бірлікте болып, оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Модельдеу - көпаспектілі зерттеу әдісі, таным әрекетінің бір жолы. Ол нақты заттар, құбылыстар, әлеуметтік процесстер, органикалық, органикалық емес жүйелерді зерттейді.
Модельдеу - шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу - түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
Модельдеу - көпаспектілі зерттеу әдісі болғандықтан оны қолдану шексіз.Оның негізгі міндеті - ұқсастық негізінде түпнұсқаның қажетті жақтарының дәлме-дәл көшірмесін, аналогын жасау.Ол ұқсас болса да, бірақ түгелдей қайталамауы керек, онда модельдеудің мәні жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |