Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары



бет54/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Модельдеу - зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект тұпнұсқа болады да, екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша тұпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі тұпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе тұпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен тұпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын тұпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен жинақтау әр түрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты тұпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (тұпнұсқаның толық көшірмесі болған модель, модель бола алмайды). Модельдің тұпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, тұпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде тұпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.Модельдеуде логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.
Қоғам дамуына саралау, талдау жасамаса саналы даму процесінің дамуы мүмкін емес. Саралау нәтижелі болуы үшін объективті ақпараттық базасы болуы керек.Оларды саралауда ЭЕМ-ді қолдануға болады. Бірақ барлық қоғамдағы әлеуметтік процесстерді өлшеу, тексеруге бола бермейді. Мысалы, әлеуметтік қатынас мәселелерін, себебі олар өте күрделі.Модельдеу түрлі эвристикалық функциялар атқарады: негативті тенденцияларды анықтайды, мәселелердің шешілуінің позитивті жақтарын белгілейді, альтернативті варианттарының түрлерін ұсынады.
Модельдеу болжам жасаумен бірлікте болып,оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Модельдердің бірнеше түрлері бар: танымдық эвристикалық, болашақ моделі, қажет болатын модель. Күрделі әлеуметтік мәселелерді модельдеуде жоғарыда көрсетілген модельдердің барлық типтері қолданылады. Модельдеу түрлі функциялар атқарады: эвристикалық, прогностикалық, прагматикалық. Модельдеу нәтижелеріне қойылатын талаптар: біріншіден, модель қарапайым, ыңғайлы болуға тиіс, екіншіден, объектінің жақсаруына мүмкіндік туғызуы керек. Негізіне келесідей талаптар алынады: 1) толықтығы, адекваттылығы, эволюциялығы; көп көлемді өзгерістерге енгізу, әлеуметтік объектінің, құбылыстың, процестердің көшірмесін жасау, 2) шамамен абстрактілі болуы, бірақ алынатын нәтиже пайдалы болуға тиіс, 3) белгілі уақыт шеңберінде өтуі, ;4) қоғамның даму кезінде қолданысқа ие болатындай болуы, 5) әлеуметтік объекті туралы пайдалы, жаңа ақпарат алу, 6) белгілі ұғымдарын пайдалану арқылы, 7) әлеуметтік объектіге сәйкестігі, алынған нәтижені тексеруге мүмкіндіктің болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет