Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары



бет57/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

2.Волонтерлердің іс-әрекеті.
Қазақстанда Ұлттық волонтерлік желісі жұмыс жасайды, оның құрылған уақыты: 2010 жылғы 30 сəуір. БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы жəне Қазақстанның Азаматтық Альянсының жобасы Волонтерлік ұйымдарды, волонтерлермен жұмыс жасайтын ҮЕҰ-ларды, сонымен қатар, волонтерліктің дамуына қызығушылық білдіретін жеке тұлғаларды біріктіреді. Мақсаты: еріктілік бастамалардың əрі азаматтық қоғамның толыққанды жəне үдемелі дамуы. ҚР-да волонтерлік мəдениетті дамыту. Желінің дамуы: ҰВЖ мүшелерімен жұмыс: ақпарат алмасу, білім əрі машықтарға үйрету, қолдау көрсету жəне т.б. (қазіргі уақытта желіге бүкіл Қазақстан бойынша 18 волонтерлік ұйым кіреді). Білім беретін волонтерлік лагерлер/мектептер: 2010 жылдың қараша айында волонтерлермен жұмыс істейтін ҮЕҰ-ларға арнап, Бурабай жерінде халықаралық волонтерлік лагерь өткізілді. Оған Қытайдан келген эксперттер, БҰҰ волонтерлері, АҚШ Бейбітшілік Корпусының волонтерлері қатысты. Биылғы жылдың жаз мезгіліне волонтерлер мектебі жоспарлануда. Халықаралық қызметтестіктің дамуы: Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасы, АҚШ Бейбітшілік Корпусы, ASA германдық қызметі. Желіге мүше болу арқылы Волонтерлік туралы ақпарат пен қорларға қол жеткізу. Волонтерлікті дамытуға қызығушылық білдіргендерге өзара көмек, өзара қолдау көрсету əрі өзара байланыс орнату.
Білім алу мүмкіндігі; іссапарлар, гранттар алу жəне бірлескен желілік жобаларды іске асыру мүмкіндігі жəне т.б. ие болады. ҰВЖ-мен серіктестікте көптеген шаралар өткізілген. Мысалы:

  • Азия-Тынық мұхиты аймағы елдері Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-шы конференциясы (MCED-6).

  • ЕҚЫҰ Саммиті.

  • 2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындары.

  • Аталмыш шаралардың топтар көшбасшыларын жəне волонтерлерін дайындау бойынша негізгі жаттықтырушылар - ҰВЖ мүшелері.

  • «Бірлігіміз жарасқан! Көптің тілегі –күш!» атты концерт-фестиваль, Астана қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының 17 сессиясы.

Қазақстандағы волонтерліктің даму проблемаларына келер болсақ, волонтерліктің де басқа елдердегі сияқты тарихы тереңде жатыр. Бірақ волонтерлікті дамыту жəне қолдау мəселелері əлі де өзекті болып отыр. Бұл əртүрлі себептер мен проблемаларға байланысты:

  • Бүгінгі шынайылықпен өзекті болып табылатын волонтерліктің заманауи интрепретациясының жоқтығы;

  • Волонтерлік бастамалардың мемлекеттік деңгейде қолдау таппауы, ал бұл мемлекет халқының арасында этикалық жəне моральдық құндылықтарды қалыптастырудың идеологиялық құралы;

  • Волонтерлік бастамаларды, халықтың волонтерлік туралы «дұрыс» ұғымын қалыптастыруды жариялаудағы бұқаралық ақпарат құралдарының төмен белсенділігі;

  • «Волонтерлік қызмет туралы» Заң жоқ, соған сəйкес волонтердің де мəртебесі анықталмаған. Бұл орайда олардың əлеуметтік маңызын ескере отырып еріктілер қызметі туралы жеке заң жобасын əзірлеу өте дұрыс болмақ.

Волонтерлікті дамыту үшін ұсыныс: Осыған байланысты, төменде келтірілген ұсыныстар Қазақстан Республикасындағы волонтерлікті дамытуда септігін тигізеді:
Мемлекет үшін:

  • Волонтерлік туралы заң елімізде волонтерлік статустың жоғарылауымен, жағдай жасау мен волонтерлік құжаттамасы, сонымен қатар волонтерлік институттың қалыптасуы мақсатында қабылдау керек. Волонтерлерді құқықтық қолдау арқылы біз волонтерлер тегін жұмыс күші ретінде пайдалануды тоқтатуда, статусын жоғарылату үшін, волонтерлардың жақсылық жасауына жағдай жасау жəне халық арасында волонтерлік мағынасын түсіндіруде пайдалану;

  • Волонтерлардың ел экономикасына үлес қосып жатқандығы туралы ресми зерттеуін қолдау;

  • Ауылдық жерлердегі волонтерлік ҮЕҰ қолдау көрсету.

  • Мектеп жасынан бастап волонтерліктің дамуын мойындау жəне колледж, университетте оқып жүріп волонтерлікпен айналысатындарға қолдау көрсету.

  • Тендер өткізу процесінде əлеуметтік тапсырыс ретінде волонтерлікті дамытуды қосу.

  • БАҚ пайдалана отырып Қазақстан бойынша əлеуметтік жарнама жасау жəне оған қолдау көрсету.

  • Орталық Азиялық немесе халықаралық волонтерлермен алмасу бағдарламасын жүзеге асыру.

ҮЕҰ үшін:

  • Волонтерлік туралы заң қабылдауын қадағалау;

  • Волонтерлік туралы əлеуметтік жарнамалардың алға басуын қадағалау, соған байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыру, БАҚ бірлесу;

  • Волонтерлік қызметке аға буын өкілдерін шақыру;

  • Ұлттық Волонтерлік желіге ақпарат жəне тəжірибе алмасу үшін қосылу;

  • Ата-аналармен, ұстаздармен, ұйымдармен, волонтерлермен ақпараттандыру істерін жүргізу, ол мəліметтер өте қажет болуы мүмкін. Жас волонтерларды елге қаншалықты маңызды əрі қажет екендігін түсіндіру;

  • Мектептерде, колледждерде, университеттерде дамуына септігін тигізу;

  • Бизнес құрылымы үшін, жергілікті бірлестіктер үшін əлеуметтік жарнама жүргізуде волонтерларды жəне волонтерлік ұйымдарды қатыстыру;

  • Волонтерлік тəжірибені жұмысқа орналысуда ескеру;

  • БАҚ əлеуметтік жарнамалардың жарнамалауына қолдау көрсету.

Осы секторлардың серіктестігі, сонымен қатар халықаралық ұйымдар арқылы Қазақстандағы волонтерлік мəселесінің дамуын жаңа сатыға шығаруы мүмкін. Волонтерлік қозғалыстар сонда да еліміз үшін жаңа құбылыс, өзіндік перспективті қиыншылықтары бар. Волонтерліктің құрылуы азаматтық қоғам тарапынан тиянақты үлес қосуды, мемлекеттік құрылымдар тарапынан түрлі қолдау көрсетуді жəне бизнестің назар аударуын талап етеді. Міне, сонда ғана волонтерлік қоғамда өзіндік маңызды орынға ие болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет