Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №27 Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жобалау мен жоспарлау



бет58/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Лекция №27
Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жобалау мен жоспарлау


Лекция жоспары:
1. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жобалау.
2. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жоспарлау.


Лекция мәтіні:
1. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетті жобалау.
Әлеуметтік жобалау әлеуметтік басымдық әрекеттер болуы тиіс, өйткені ол белгілі бір әлеуметтік ортаны идеалдарға сәйкес қайта жаңғырту қызметін атқара алады деп түсіндіреді. Сонымен қатар, олар әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың ғылыми контекстін жасаудың өзектілігін ұсынады.
«Жобалау» деген ұғымның өзі оның басқару қызметіне тән екендігін анықтайды, оның алға қарай қозғалыс бағытын білдіретін мәні, сонымен қатар, мақсатқа сай жүріп өтуге тиіс аралықты анықтайтын, алдын ала болжай алу қызметі. Жобалаудың басқа басқару амалдарынан ерекшелігі – әрекеттің нәтижелілігі мен тиімділігі мақсатты «алға қоймастан» бұрын белгіленетіні. Сондықтан, жобалау – қайта құру туралы ойға алынған ниет пен оны құрастыруды, орындауды, нәтижелері мен салдарларын біртұтас етіп біріктіру қызметі.
Педагогикалық жүйелер әлеуметтік жүйелердің ішіндегі болашақпен тығыз байланысты маңызды құрылым болғандықтан оның қызметі мен мазмұны әлеуметтік үдерістердегі өзгерістерді басқаруға ықпал етеді.Соған орай, педагогикалық жүйелерді институцияландыру, технологияландыру, жаңаша ұйымдастыру ең әуелі қоғамдық дамуды жүзеге асырудың басты бір жолы ретінде жобалау түрінде орындалуы тиіс. Басқару әрекеттерін ұйымдастыруда жобалаудың инструменталдық қызметі айқын көрінеді.
Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың заңдылықтары
Педагогикалық жобалаудың заңдылықтарын қарастыруда оның жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін, жүйенің өмір сүру және дамуы жағдайлары туралы түсініктерді ұғыну қажет. Сондықтан, жобалаудың өзіне тән заңдылықтары мен принциптерінің анықталуы және сақталуы тиіс. Мысалы, Ю.А.Конаржевский ұсынған басқарудағы демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын орындау түрлі деңгейдегі жүйелерді басқарушылардың, педагогтар мен білім алушылардың, ата - аналардың белсенділіктерін жобалауда пайдалануға ықпал етеді. Бұл шешім қабылдауда, қатысушыларды таңдауда, қажетті ақпараттарды алуда, педагогтардың ұйымдағы проблемалардан хабардар болуында аса маңызды.
Жобалау қызметіндегі ізгіліктік көзқарас – адамдардың бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру, олардың өзін-өзі басқаруға жағдай туғызу болып табылады. Ізгіліктік құндылықтарына сүйене отырып басқару әр адамның өзіндік құндылығын, адами көқарастарын дамытуды көздейді. Сөйтіп, барлық деңгейлерде субъектаралық қарым -қатынастың орнығуына негіз болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет