Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәнінің



бет64/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
2. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәнінің
басқа пәндермен байланысы
Әлеуметтік педагогиканың өзіндік парадигма негізінде дамуы оның мәні мен маңызын нақтылауға жағдай жасайды. Осылайша, әлеуметтік педагогика, біріншіден, адам мен қоғам жөніндегі ғылымның басқа салаларымен өзара әрекеттесуші педагогикалық ғылымның бөлігі, екіншіден, педагогикалық ғылымнан өсіп шыққан, онымен байланысын үзбеген әлеуметтік ғылымның саласы, үшіншіден, теория, практика және оқу пәні ретінде білімнің дербес саласы.
Әлеуметтік педагогика мына төмендегілермен байланысты практика болып табылады:
- адамның түрлі үдерістер (әлеуметтену, әлеуметтік тәрбие, әлеуметтік құрылу, әлеуметтік қалыптасу, әлеуметтік шынығу) шеңберінде әлеуметтік дамуы (қалыптасуы);
- педагогикалық әдістермен (ортаның педагогикалануы), соның ішінде, ауыл, қала, ірі қаланың әлеуметтік-педагогикалық инфрақұрылымын құрылымдау жолымен қайта құру;
- жеке тұлғаны әлеуметтік ортаға қосу және оны әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.
Бұл әлеуметтік педагогиканы басқа ғылымдардан ажыратуға мүмкіндік береді және оның негізгі бөлімдерін ғылыми пән ретінде негіздейді.
Әлеуметтік педагогиканың дамуы және оның негізгі бөлімдерін анықтайтын базалық факторлар әлеуметтік-педагогикалық практиканың ахуалы мен дамуына елеулі түрде әсер ететін құбылыстар мен үдерістерді білдіреді. Олар желілік болып табылмайды. Олардың жүйесі өзінің жүйесі бар әрқайсысы әлеуметтік-педагогикалық практиканың сол немесе басқа «учаскелерінде» «жұмыс істейді» және әлеуметтік педагогиканың нақтылы бөлімдерінен, теорияларынан, бағыттарынан теориялық көрініс табады.
Әлеуметтік педагогикада адамды әлеуметтік тәрбиелеудің жалпы факторлары жеткілікті түрде талданды.
А.В.Мудрик мыналарды бөліп көрсетеді:
- мегафакторлар ғарыш, ғаламшар, әлемге қатысты
- макрофакторлар – белгілі бір елдердің барлық тұрғындарын әлеуметтендіруге ықпал ететін ел, этнос, қоғам, мемлекет;
- мезафакторлар - адамдар тұратын елді мекендердің тұрғылықты жері мен тұрпаты (аймақ, ауыл, қала, кент) бойынша бөлінеді; ); бұқаралық байланыстың түрлі желілерінің (радио, теледидар т.б.) аудиториясына қарастылығы; субъективтік мәдениеттің түрлеріне қарастылығы;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет