Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Кәмелетке толмағандардың еңбек іс-әрекетіне қатысу құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау



бет35/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

2.Кәмелетке толмағандардың еңбек іс-әрекетіне қатысу құқығын әлеуметтік-педагогикалық қорғау.
Кәмелетке толмағандар үшін жеңілдіктерді көздейтін заң нормаларының тегеурінді сипаты бар (мысалы, қысқартылған жұмыс уақыты және тыйым салулар). Мәселен, жасы 18-ге толмағандар түнгі уақыттағы жұмысқа пайдаланылмайды, кәмелетке толмағандар уақыттан тыс жұмысқа жіберілмейді. Кәмелетке толмағандар жұмысқа қабылданарда міндетті медициналық тексеруден өтеді. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жиырмаға дейінгі жас азаматтарды жұмысқа қабылдауға және кәсіби оқытуда бронь белгіленеді. Бронь есебінен жіберілген кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдаудан және кәсіби оқытудан бас тартуға болмайды.
Кәмелетке толмағандардың еңбегін қорғау, оқуын өнімді еңбекпен табысты ұштастыру үшін оларға қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында заңда олар үшін қысқартылған жұмыс уақыты көзделген. 16-дан 18-ге дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттық жұмыс уакыты белгіленген. Ал 14 пен 16-ға дейінгі жасөспірімдер үшін - аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты көзделген.
Кәмелетке толмаған қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты, оны жұмысқа қабылдау кезінде не кейін белгіленеді.
Кәмелетке толмаған қызметкерлер уақыттан тыс жұмыстарды атқаруға қатыстырылмайды.
Жұмыс берушілер 18-ге толмаған қызметкерлермен толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасаса алмайды. Бұл арада әңгіме оларға берілген құндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға немесе өндіріс барысында қолдануға тікелей қатысы бар қызмет не жұмыс туралы болып отыр. Жұмыс берушінің өз мүддесіне орай заңға сәйкес қызметкерді өз қаржысы есебінен оқытуға немесе кадрлар даярлау үшін оқуға жіберуге құқығы бар. Бұл жағдайда кадрларды кәсіби даярлау тікелей өндірістің өзінде ұйымдастырылуы, сондай-ақ бұған тиісті жағдайы мен алған рұқсаты бар мамандандырылған ұйымдарда не орта және жоғары кәсіби оқу орындарында ұйымдастырылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, заң жұмыс берушіні қызметкерді оқытуға міндеттемейді. Сонымен бірге жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даярлау кажет болған жағдайда жұмыс беруші өз қаржысы есебінен қызметкерлерді, әсіресе жастарды оқуға, қайта даярлауға және кәсіби шеберлігін жетілдіруге жібере алады.
Егер кәмелетке толмаған қызметкерді оқыту тікелей өндірістің өзінде ұйымдастырылса, онда даярлау, мамандықтар бойынша біліктіліктің бастапқы деңгейіндегі біліктілік сипаттамасы талаптарының көлемінде жүзеге асырылады. Бұл арада оқуға жіберілген кәмелетке толмағандардың жасы, жынысы және денсаулық жағдайы қазір қолданылып жүрген еңбек заңының талаптарына, экономиканың тиісті салалары жұмысшыларының, кәсіптері мен мамандықтарының еңбегін қорғау жөніндегі нормаларына сәйкес болуы керек. Тікелей өндірістің өзінде көсіби даярлықтан өтіп жатқан кәмелетке толмаған қызметкерге еңбек туралы заңның толықтай қатысы бар (жұмыс уақыты және тынығу уақыты, еңбек тәртібі және т.б.). Сонымен, еңбек заңында азаматты жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас 16 жас болып белгіленген. Жасы 15-ке толған адамдар орта білім алған немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда жеке еңбек шартын ата-анасының немесе қорғаншы-қамқоршысының келісімімен ғана жасаса алады. 14-ке толған оқушыларды оқудан қолы бос уақытта атқаратын жұмысқа ата-анасының біреуінің (қорғаншы-қамқоршысының) келісімімен ғана алуға рұксат етіледі. Соңғыларының келісімі жазбаша түрде (өтініш) беріледі.
Кәмелетке толмағандарды жұмысқа қабылдағанда мемлекеттік, қоғамдық органдардың келісімінің қажеті жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет