Лекция №1 Лекция тақырыбы: Тәрбие-тәрбиелеу үрдісін ғылыми байыптаудың негізгі категориясы



бет6/8
Дата15.05.2020
өлшемі42,87 Kb.
#68648
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-лекция

Тәрбие процесінің мәні - баланың ұжым және қоғаммен қатынастарының жүйесін құру, педагогикалық жағдайлардың, тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу; Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру; тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу; қорытынды, есепке алу және бақылау.

Тәрбие диалектикасы сыртқы ықпалдық (объективті) адам санасына (субъективті) өтіп, іс-әрекет барысында көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында әлеуметік іс жағдай маңызды рөл

атқарады.
Тербие процесінде адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуына сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар ықпал етеді.

Сыртқы қарама-қайшылықтар:

• Қоғамдық ережелер мен адамдардық тәртібі арасындағы сәйкессіздік.
• Мұғалімнің талабымен оқушының тәртібінің арақатынасы.
Ішкі қарама-қайшылықтар:

• Тәрбиешінің талабы мен тәрбиеленушінің мүмкіндігінің ара- қатынасы.


• Тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен қанағаттандыру тәсілдерінің ара қатынасы.

"Қазақстан Республикасының Білім туралы" Заңы, Қазақстан мақұлдаған Бала құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы тәрбиені негізінен тұлға дамуын анықтайтын оқумен қатар білім берудегі екі компоненттің бірі деп қарайды.

Қазакстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгімақсаты- жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді кұрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет