Лекция №1 Пәнге кіріспе


Лекция №9 Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі



бет51/76
Дата01.05.2022
өлшемі472,51 Kb.
#141659
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76
Байланысты:
Лекция №1 П нге кіріспе

1. Лекция №9 Әлеуметтік жаңғыру – қоғамның әл-ауқат тірегі
2. Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер туралы нақты мысалдар арқылы көрсету. Салыстырмалы әдістер арқылы студенттердің қортынды жасау қабілетін дамыту.
3.Лекция мазмұны.
1. Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару.
2. Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттері.


1. Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік жаңару.
Кеңестік кезеңнен кейінгі республикалардың экономикалық және әлеуметтік жағдайының тұралауына КСРО-ның ыдырауы өзіндік әсер етті. Алып империяның құлауына байланысты қоғамның әлеуметтік құрылымы, адамдардың социалистік ұжым құндылықтарымен өмір сүру дағдысы өзгерістерге ұшырады. Бәрін бұрынғыша басқару мен қабылдау, сол қалыпта жүре беру мүмкін емес еді. Қоғам даму мен оның талаптарынан бұл көрініс айқын аңғарылды. Экономика деңгейі 55 пайызға төмендеді. 1991 жылы өнеркәсіп өндірісінің құлдырауы – 8%-ға жетті.
1991жылғы 16 желтоқсанда Республика тәуелсіздік алды. Жоспарлы экономикадан нарықтық жүйеге көшу оңай тимеді. Бұрынғы КСРО-нің одақтас республикалары арасында экономикалық байланыстар үзіліп, бір бірінен алшақтай бастады. Республикалардың әрқайсысы шиеліністерден шығу жолында тек өз күші мен қабілетіне сүйенді. Баға босатылды. Негізгі тұтыну тауарлардың жетіспеушілігі байқалды. Республика азаматтарының тұрмыс жағдайы одан әрі нашарлап, халық қарапайым тіршілік үшін күресті. Жұрттың жалақысы тек азық-түлік алуға зорға жетті. Еуропалық ұлттар өкілдері өз еліне қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды. Көптеген завод, фабрикалар жұмысы тоқтап қалды. Жұмыссыздық өсті. Отбасы қатынастарының бұзылуы, ажырасулар мен әлеуметтік проблемалар көбейді. 1993-1994 жылдары өнеркәсіптік өндіріс көлемі екі есе, ауылшаруашылықта – үш есе, транспорттік жүк тасымалдау үштен екі есе қысқарды.
Халықтың кіріс денгейі күрт төмендеді. Инфляция денгейі 3000% және одан да жоғары болды. Нарықтық экономикаға көшуде 15000-дей өнеркәсіп орындарды жекешеліндіруде біраз қателіктер жіберілді. Мүлік талан-таражға түсіп, берекесіздік тудырып, ақыры экономикалық терең дағдарысқа ұшырауына басты себебіне айналды. Осындай жағдайда шешуші әлеуметтік-экономикалық шаралар қажет болды.
1991 жылдың бюджет тапшылығы 20%-ға артты. 1992 жылдың қаңтар айында Ресей ТМД елдерімен алдын-ала кеңеспей, бағаны ырқына жіберді. Екі ел арасында ежелден сауда қарым-қатынасы қалыптасқандықтан, Ресейдің бұл қадамы Қазақстанға едәуір экономикалық шығын алып келді. Елімізде кейбір тауар түрлерінің бағасы шарықтап кетті. 1992 жылдың жазында елдегі экономикалық дағдарыс өрши түсті. Дағдарыс бұрынғы КСРО аумағында тауар өндірушілер тағайындаған монополиялық жоғары бағадан, халықтың табысының өсу қарқыны бағаның өсу қарқынынан кейін қалғандығынан болды. Халық табысын негізінен тамақ өнімдерін сатып алуға жұмсады. Соның салдарынан баға мен жалақы арасында қарама-қайшылық күшейе түсті. Табысты индексациялаудың тиянақты жүйесі жасалмады. Индексация уақытынан кеш, әрі ретсіз жасалды. Оның инфляцияға қарсы әсері жеткіліксіз болды. Бірыңғай ақша жүйесі күйреу жағдайына жетті. Республикада бюджеттік шығынды өз бетінше ұлғайту әрекеттері ақшаның одан сайын құнсыздануына әкелді. Инфляция деңгейі 1992 жылы 3061%-ды, ал 1993 жылы 2265%-ды құрады.
Қазақстанда 1990-1994 жылдары өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі тең жартысына кеміді. Ауыл шаруашылығы саласы 3/1, көлік тасымалы 3/2-ге дейін құлдырады. Өнеркәсіп алыптары тоқтап, жұмыссыздық өршіді. Мемлекеттің кәсіпорындарды басқаруға мүмкіндігі болмады. Көптеген кәсіпорындарда өнім және тауар айналымынан түскен қаражат шет елдерге асып кетті немесе талан-таражға салынды. Халықтың кіріс деңгейі күрт төмендеді. Жұрт бірнеше ай бойы жалақыларын алмады. Зейнетақы мезгілінде берілмеді. Халықтың жинаған қоры шектен тыс инфляция салдарынан да кеміді. Банк жүйесінің жетілмеуі экономиканы тежеді. Дүкендерде азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауарлар тапшылығы байқалды. Осының бәрі қылмыстың өсуіне, жауапсыздыққа, немқұрайлылыққа әкеп соқтырды.
Күнделікті қажеттілікті қанағаттандыру, отбасын асырау мақсатында жоғары білімді мамандар қызметтерін тастап, күнкөріс қамына кірісті. Еңбексіз табысқа бет бұрды. Сауда жасауға ауысты. Жоғары білімді, тәжірибелі мамандардың кәсіби мамандығынан кетуі білім беру, денсаулық сақтау салаларының сапасына айтарлықтай әсер етті. Алайда, жұмыссыздық пен нарық жағдайына бейімделген маман жұмысшы күшінің жеткіліксіздігі әлеуметтік маңызды мәселе күйінде қала берді. Жұмыссыздық көлемі: 1991 жылы – 0,05%, 1992 жылы - 0,95%, 1993 жылы – 1,2%-ға жетті.
1993 жылдан жұмыссыздар санының біртіндеп ұлғаюы байқалды. Қазақстанда тұратын адамдардың өмір сүру, адам даму потенциалы көрсеткіші 1992 жылғы мәлімет бойынша – 0,798. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз 174 елдің арасында 64 орынды иеленіп, адам даму потенциалы орташа деңгейдегі елдер тобын бастап тұрды. 1993 жылы 0,740 немесе 72-орында. 1990-1995 жылдары Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы – 4,7 жылға кеміді. Бұл – 1991-1995 жылдары адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендегенін көрсетеді.
Тұрғындардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына мемлекеттің әлеуметтік инфрақұрылымда жасаған реформаларының да әсері болды. Тегін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету қысқара бастады. Сонымен қатар бұл салаларда мемлекеттік емес қызмет көрсету түрлері қалыптасып үлгермеді. Егер еңбекақы, зейнетақы және басқа да төлемдер көлемі жыл сайын ұлғайып отырған жағдайда, бұрын тегін қызмет көрсеткен салаларды біртіндеп ақылы түрге көшіруге болар еді. Алайда, елдегі әлеуметтік-экономикалық қиын ахуал, халыққа қызмет көрсету салаларын жекешелендіріп, шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік бермеді. 1993 жылдың қараша айынан, яғни ұлттық валюта енгізілген кезден бастап 1996 жылға дейін баға 35 рет өсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет