3. Шылаудың түрлері: жалғаулық, септеулік және демеуліктер
1.Жалғаулықтар – лексикалық мағынасы жағынан, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді әр түрлі мағыналық қатынаста салыстыра байланыстыратын сөздер. Мысалы: Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй.
А.Ыңғайластық жалғаулықтар – мен, және, да, де, әрі.
Ә.қарсылықты жалғаулықтар – бірақ, дегенмен, әйтпесе.
Б.Талғаулықты жалғаулықтар - әлде, біресе, болмаса, немесе.
В.Себеп-салдар мәнді – себебі, өйткені, неге десең.
Г.Шартты мәнді жалғаулықтар – егер, егер де, онда.
2. Септеуліктер – қазіргі қазақ тіліндегі септеуліктер сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бірін екіншісіне бағындыра, яғни, сабақтастыра байланыстырып, өзінің алдында тұрған толық мағыналы сөздердің белгілі бір тұлғада тұруын талап етіп, әр түрлі грамматикалық, мезгілдік, мекендік, мақсаттық, қатынастарды білдіреді.Мысалы: Ел үшін еңбек ет. Ана тілі халық тілі болып жасалғаннан бері адам жан дүниесінің айнасы.
Септеуліктер сөздердің мына тұлғаларынан кейін жалғанады. 1.Сөздің түбірі я негіз тұлғасы сөзбен тіркесетін септеуліктер – үшін, сайын, сияқты, туралы, жайында, шамалы, шақты. 2.Барыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер – дейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта, таяу. 3.Шығыс септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер – кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі, бетер.4.Көмектес септігіндегі сөзбен тіркесетін септеуліктер – бірге, қатар, қабат.
3. Демеуліктер - өзі шылауында тұрған сөздерге әр түрлі грамматикалық мағына, реңк үстейтін модальдық – экспрессивтік сипаты зор, семантикалық мүмкіндігі мол сөздер.
Демеуліктер негізгі сөзге үстейтін мағыналарына қарай бірнеше топқа бөлінеді:1.Сұраулық – ма,ме,ба,бе,па,пе,ше. 2.Күшейтпелі – ақ, ай, ау, әсіресе,да,де,та,те. 3.Шектеу (тежеу) – ғана (қана), тек, ақ. 4.Болжалдық - мыс, міс, ау. 5.Болымсыздық, қарсы мәнді, салыстыру мағынасындағы – түгіл, тұрсын, тұрмақ, құрылым.6.Нақтылау мәнді – қой, ғой, ды, ді, ты, ті. 7.Қомсыну мәнді – екеш.
Достарыңызбен бөлісу: |