XІX-жазғы Олимпиадалық ойындар.
Мехико 1968 жыл. XX-жазғы Олимпиадалық ойындар
Мюнхен 1972 жыл
Жоспар
1.ХІХ жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.Латын Америкасында өтілген ХІХ жазғы олимпиададағы спортшылардың жетістіктері.
1.ХХ жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.ХХ жазғы олимпиададағы қойылған рекордтар.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні
Латын Америкасында бірінші рет өтіліп жатқан бұл олимпиадалық ойындарына 112 мемлекеттен 6059 спортшы қатысты. Мехикодағы олимпиададан бастап спорттық сайыстар теледидардан көрсетіле бастады. АҚШ Мехикоға жақын орналасқандықтан климат жағы қолайлы келді. СССР құрамасы олимпиада ойындарына қатысқалы бірінші рет жалпы есепте Америка құрамасына ұтылып қалды. Америка спортшылары 106 медальмен 709 ұпай иеленсе, совет спортшылары 91 медальмен 591,5 ұпайға иеленді. Американың бұл жетістіктерге жетуіне негр спортшыларының қосқан үлесі көп болды. 200м арақашықтыққа жүгірудегі жеңімпаздар негр спортшылары Т. Смитт пен Д. Карлос марапаттау кезінде қолдарына қара қолқап киіп жұдырықтарын түйіп жоғары көтеріп тұрды. Бұл тұрыстарымен олар, қалған мемлекеттердің негр спортшыларын Расизмге қарсы күресуге шақырып тұрды. Осы тірліктен кейін Смитт пен Карлосты американың олимпиада комитеті өзін-өзі ұстау ережесін бұзды деп олимпиада құрамасынан алып тастады. Африка мемлекеттері спорт жағынан дамып келе жатқанын Мехикодағы ойындарда дәлелдеді. Африка мемлекеттерінің Кения, Эфиопия, Тунис, спортшылары осы олимпиада ойындарында жоғары орындарға иеленді.
Мюнхен 1972 жыл. Бұл ойныдарға 121 мемлекеттен 7147 спортшы қатысты. Албания, КНДР, Габон, Сомали, Того, мемлекеттерінің атлеттері олимпиада ойындарына 1-ші рет қатысты. Расизмге қарсы күрес жүргізіліп жатқандықтан Оңтүстік Африка және оңтүстік Родезия мемлекеттері жарысқа жіберілмеді. Бұл ойындарыда 52 мемлекеттің спортшылары ұпасыз қалмады. Ең көп ұпайды совет спортшылары жеңіп алды. 666,5 ұпай көрсеткішімен бірінші орынды жеңіп алды. Ең аз ұпайды Португали және Сенегал спортшылары иеленді олардың көрсеткіші 1,0 ұпай. Мюнхенде өтілген ойындарда 49 әлем 103 олимпиада рекорттары орнатылды. АҚШ құрамасы 636,5 ұпайы мен 2-орынға иеленді. Кения жақсы көрсеткіштерге жетті олар жалпы есепте 9 медальға иеленді. Уганда 2 медальға иеленді, Эфиопиа, Гана , Азия және Латын Америка спортшылары да медальсыз қалмады.
№ 10 Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |