Лекцияның мәтіні
VІІІ қысқы олимпиадалық ойындар 1960 жылы 18-28 ақпан аралығында Скво-Велли (АҚШ)-та өтті. Ойынға 30 мемлекеттен 665 спортшы қатысты. 1960 жылғы олимпиадаға алғашқы рет барлық бес континенттің спортшылары қатысты. Ойын бағдарламасы: Биатлон , Тау шаңғысы , Шаңғы спорты , Трамплиннен секіру солтүстік көпсайыс, Коньки тебу, Мәнерлеп сырғанау. Кеңес спортшылары бұл жолы ойын бағдарламаларының барлығына қатысты. Бұл ойындарда кеңес спортшыылары 21 медальға иеленіп оны 7 алтын 5 күміс 9 қола сөйтіп жалпы есепте 146 ұпайға иеленіп АҚШ және Швеция құрамаларынан басым түсті. Кеңес спортшылары Биатлон, Шаңғы спорты, Коньки тебу спорт түрлерінен жақсы нәтижелерге жетті. Кеңес одағының спортшысы Е. Гришин алдынғы олимпиадағы жетістігін қайталап айтарлықтай табысқа жетті. Соңғы жетістігінде ол әлемдік рекордтан асып түскен жаңа олимпиадалық рекорд орнатты. Екі алтын медалды Скобликова жеңіп алды, ол 1500 -3000 м қашықтықта коньки тебуде жаңа олимпиадылық рекордпен жеңіске жетті.
ІХ қысқы Олимпиадалық ойындар 1964 жылы 29қаңтар 9-ақпан аралығында Инсбрук (Австрияда ) өтті. Ойынға 1111 спортшы қатысты. Бірінші рет қысқы олимпияда ойындарына Индия, КХДР, Манғолия спортшылары қатысты.
Ойын бағдарламасы: Биатлон, Бабслей, Тау спорты, Шаңғы спорты, Трамплиннен секіру, Шана спорты, Солтүстік көпсайыс, Мәнерлеп сырғанау, Коньки тебу,Хоккей. Совет спортшылары Бобслей және Шана спорт түрлеріне қатысты. Кеңес спортшылары жалпы есепте үш рет жеңіске жетті. Олар 162 ұпай жинап 25 медальға иеленді. Олардың 11 алтыны, 8 күміс, 6 қола. Ұпайлардың көпшілігін әйелдер арасындағы шаңғы жарыстары бойынша және коньки тебуде жеңіп алынды. ІХ-шы ақ олимпиаданың ең үздік спортшысы болып кеңестік конькиші қыз Скобликова танылды, ол коньки тебудің барлық төрт қашықтығында жеңіске жетті. Кеңес спортшылары алғаш ретмәнерлеп сыртғанаудан олимпиада біріншілігін жеңіп алды. Жұп болып мәнелеп сырғанауджа кеңес спортшылары Л. Белоусова мен О. Протопопов олимпиадалық чемпионы атанды. Хоккейден кеңес құрамасы бұл олимпиада жарыстарында жеңіліссіз аяқтады.
№ 13 Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |