Х қысқы Олимпиадалық ойындар
Гренобль (Франция) 1968 жыл ХІ қысқы Олимпиадалық ойындар
Саппоро (Япония) 1972 жыл
Жоспар
1.Гренобльдағы (франция) Х қысқы Олимпиадалық ойындар.
2.Совет спортшыларының Х қысқы олимпиададағы көрсеткіштері.
1.ХІ қысқы Олимпиадалық ойындар.
2.Совет спортшыларының ХІ қысқы олимпиададағы жетістіктері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Х –шы қысқы Олимпиадалық ойындар 1968 жылы 6-18 ақпан аралығында Гренобль (Францияда) өтті. Ойынға 37 мемлекеттен 1158 спортшы қатысты. Бірінші рет қысқы олимпиадалық ойындарға Марокка спортшылары қатысты.
Ойын бағдарламасы: биатлон, бобслей, тау шаңғысы спорты, шаңғы спорты, транплиннен секіру, шана спорты, солтүстік көпсайыс, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, хоккей. Совет спортшылары бобслей және шана спортынан басқа қойылған бағдарламаның барлық түріне қатысты. Жалпы есепте бірінші орынға 103 ұпаймен Норвегия спортшылары иеленді. Олар 14 медальға иеленді оның 6 алтын, 6 күміс, 2 қола. Кеңес одағының спортшылары хоккей, биатлон, мәнерлеп сырғанау, трамплиннен секіру спорт түрлерінен жақсы жетісмтіктерге жетті. Ойынның қаһарманы болып франциялық тау спортшы Ж.К Килли болды, ол алдыңғы олимпиаданың қаһарманы Австриялық Зайлердің нәтижелерін қайталады.
ХІ қысқы Олимпиадалық ойындар 1972 жылы 3-13 ақпан аралығында Саппоро (Япония) өтті. Ойынға 35 мемлекеттен 1012 спортшы қатысты. Бірінші рет қысқы олимпиада ойындарына Филиппин спортшылары қатысты.
Ойын бағдарламасы: биатлон, бобслей, (екеулік, төртеулік), тау спорты, шаңғы спорты, трамплиннен секіру, шанга спорты, солтүстік қос сайыс, коньки тебу, мәнерлеп сырғанау, хоккей. Совет спортшылары бобслейден басқа қойылған бағдарламаның барлық түріне қатысты. Совет спортшылары 16 медальмен, оның 8 алтын, 5 күміс, 3 қола жеңіп алып жалпы есепте 120 ұпаймен бірінші орынға иеленді. Екінші орынға ГДР құрамасы, үшінші орынға Норвегия құрамасы иеленді. Совет спортшылары биатлон, шаңғы спорты мәнерлеп сырғанау, хоккей спорт түрлерінен жоғары жетістіктерге жетті. 2 алтын, 1 күмісті атақты шаңғышы Совет шаңғышы В.Веденин 3 алтынды Г.Кулакова иеленді.
№ 14 Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |