ІІІ- жазғы Олимпиадалық ойындар.
Сент-Луис 1904 жыл.
Жоспар
1.ІІІ жазғы олимпиада ойындары
2ІV жазғы олимпиада ойындары
3 ІV жазғы олимпиада ойындарында болған жанжал.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекция мәтіні:
Үшінші олимпиадалық ойындар алдыңғы олимпиадалық ойындарға қарағанда көрсеткіштері жақсы болмағандықтан Америкаға берілді. Бұл олимпиадаға 8-мемлекет қатысты, бұл жылдары жарыс қандай тартысты болғанымен, жанкүйерлер 2000 мыңнан аспады. Олимпиадалық стадион болмағандықтан жарыстың көпшілігі Вашингтон университетінің спорт алаңында өтілді. Марофондық жүгіргірісте америкалық Лорз қулық жасады. Мәренің 15 шақырымында машинаға отырып мәреге 9 шақырым қалған кезде ондан түсіп қалады. Сүйтіп алда келе жатқан Хикстан озып стадионға бірінші болып келеді. Оның бұл тірлігін білмеген жанкүйерлер ду-қол шапалақпен қарсы алады. Оның бұл қулығы іске аспады, төрешілер біліп қойып жүлдеден алып тасталынды. Спорттық гимнастикадан немістер, жүзуден венгрлер Злота Халманмен Гизе Киш бас жүлдені жеңіп алады.
Лондонда бірінші болып үлкен жүз мың көрермен сиятын олимпиадалық стадион салынды, сонымен қатар жүзу бассейіні және күрес алаңы осы стадионның қарамағында болды. Лондонда 19-мемлекеттен 1500 спортшы қатысты. Ағылшындар қатты дайындалғанын білдірді, ашылу салтанатында ұлттық құрамалар арнайы спорттық киімдер мен қатысты. Бұл жарыста да жанжал болды, жанжал жеңіл атлетик америкалық пен ағылшындықтардың арасында болды. 400м жүгірудегі ақтық сайыста үш американдық пен бір ағылшындық қатысты. Жарыстың барысында америкалық Карпентер ағылшындық Халсуэлдың жолына бөгет болып оны ұрады. Төреші жарысты тоқтатып Карпентерді жарыстан шеттетді, осыған орай екі американдық жарысқа қатыспады сол себептен Халсуэл жеңімпаз атанды. Италияндық Дорандо марафондық жүгірісте жолы болмады, мәреге жақын қалғанда аяғынан күші кетіп құлады.оны жолдастары тұрғызып жібергенімен 5-6м жүгіріп тағы құлады. Оған қарамастан жолдастары Дорандоны көтеріп алып мәре сызығынан алып өтеді. Бұны көріп тұрған төреші есепке алмады. Сүйтіп американдық Хейс жеңімпаз атанды. Дорандоның бұл көрсеткен шыдамдылығын Кароль ескеріп алтын бакал сыйлады.
№ 3 Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |