XVІI-жазғы Олимпиадалық ойындар.
Рим 1960 жыл. XVІIІ-жазғы Олимпиадалық ойындар.
Токио 1964 жыл.
Жоспар
1.ХVІІ жазғы Олимпиадалық ойындар.
2.ХVІІ жазғы олимпиада ойындарындағы Социалисттік мемлекеттердің спортшыларының жетістіктері.
3.ХVІІІ жазғы Олимпиадалық ойындар.
4.Токиодағы ХVІІІ жазғы олимпиада.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.
Негізгі
1.“Спортивная атрибутика”. М. Құрастырған В Кудряшов
2.“Физкультура и спорт” 1976. С73 120 с.с ил.
3.“Спортивная атрибутика”. А. Колесов
Қосымша:
4.“Спортивная атрибутика”.В. Штейнбах
5.“Спортивная атрибутика”.И. Петрович
Лекцияның мәтіні:
XVІI жазғы олимпиадалық ойындар 1960 жылы Римда өтті. Бұл олимпадаға 84 мемлекеттен 5384 спортшы қатысты. Рим стадиондарында, бассейндарда, спорт залдарында өтілген спорттық сайыстар 18 күнге созылды. Бұл олимпиадада совет спортшыларының көрсеткіші жоғары болды, олар 43 алтын,
29 күміс, 31 қола медалымен 683,05 ұпаймен бұл жолыда жалпы есепте бірінші орынға шықты. Биіктікке секіруде Р. Шавлакадзе мен В. Брумель алдын рекорд орнатып, рекордсмен болып тұрған америкалық Д. Томастан басым түсті. Совет спортшылары Римда бірінші рет семсерлесу, велоспорт, парус және атқа міну спорт түрлерінде алтын жүлдеге иеленді.
Социалисттік мемлекеттерден Румыния, Венгрия, Польша, Чехословакия, Болгария спортшылары жоғары орындардан көрініп жоғары жетістіктерге жетті. XVІI олимпиадада Африкалық мемлекеттер Эфиопия, Марокко, Гана спортшыларыда жоғары орындардан көрінді.
Мельбурн мен Римде жалпы есепте совет одағынан ұтылғаннан соң буржуазиялық мемлекеттердің олимпиадалық делегациясының басшылары спортшыларын дайындауды күшейтуге мәжбүр болды. Сол себептен америка президенті Л.Джонсонның қолдауымен спортшылардың дайындығына совет құрылды, олимпиада ассоцияциясынан спортшыларға жоғары мөлшерде ақша бөлінді. Сөйтіп АҚШ спортшылары реванш алуға ұмтылды, өзінің әлем спортыда басым екендігін көрсетуге тырысты.
Бұл олимпиадаға 94 мемлекеттен 5558 спортшы қатысты. Ойындардың Азияда бірінші рет өтіліп жатқандықтан бұл ойындар бес континенттің назарында болды.
Достарыңызбен бөлісу: |