Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет11/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)

Стратегиялық басқару
Команданы стратегиялық басқару команда ойынын тәсілдік үлгісін анықтау мен түзетулер ендіруді, өз команда ойынының тәсіл түрлері дайындығында белгілі қарсыласына орай өзіндік ерекшеліктерін зерттеуді қарастырады. Жарыстарға қатысу шарттарын зерттейді, жаттықтырушы күнтізбе кестесімен (ереже, бірізділігі, т.б.), ережесімен, жарыс орнының ерекшелігімен (ойын және бой жазу залының, киім ауыстыру бөлмесінің жағдайын, зал мен қонақүйдің, тамақтану орнының арақашықтығын, тасымалдау көліктері, т.б.)танысады. Климаттық жағдайын да ескереді.
Осыған сүйеніп әр жарыс күнінің және кездесу нәтижелерінің маңызына қарамастан әр қарсыласымен болатын ойынға даййындығының бүкіл жүйесінің ережесін жасайды.
Қарсыласын зерттеу үшін оның ойынын көреді. Онда белгілі бір ойыншы ойынын көруге өз команда ойыншыларын да жұмылдырады. Қарсыласы туралы ақпарат жинағанда жарыс хаттамаларын зерттеп, арнайы фильмдерді көреді, қарсыласымен тікелей кездесу өткізеді (бір немесе бірнеше).
Волейболдан халықаралық жарыстар 3-1-2-1 айналымы бойынша өтеді, яғни үш ойын күні, бір демалыс күні, сосын екі ойын күні. Басқа да үлгілер болуы мүмкін. (мысалы, 4-1-2-1). Осыған байланысты әр күннің тиімді ережесі жасалады, онда ұйқы, бой жазу жаттығулары, тамақтану, теориялық сабақтар, жаттықтыру, жарыстар, демалыс,массаж, т.б. қалпына келтіру іс-шаралары белгіленеді.
Жарыстан бос күнді оыншылардың қалпына келуі мен демалысы үшін пайдалану керек, бірақ міндетті түрде 1,5-2 сағат жеңіл жаттықтыру өткізу қажет, себебі доппен жаттығуды тоқтату толық демалыстан кейін өткізілген күнтізбелік ойынның нәтижесіне кері әсер етеді.
Қалыпты күн тәртібін күрт өзгертуге болмайды. Демалыс күні ұйымдастырылған жаттығулар мен бой жазулар жүргізіледі. Сонымен қатар іс-тәжірибе бірқатар командалар мен жекелеген ойыншылар жарыс күнінде де доппен жеңіл жаттықтыру өткізетінін көрсетті (кестеге байланысты таңертең немесе кешке), ол бұлшықеттің ойындық сезімін сақтау мен психологиялық дайындық үшін қажет.
Жедел басқару

Жедел басқару команданы алдағы жарысқа дайындауды, оны аталған кездесу барысында басқару мен қорытындылауды қарастырады.


Команданы алдағы жарысқа дайындау барысында қарсыласының ойынын тағы бір рет қарап шыққан дұрыс. Үлгіленген қарсыласына қарсы жаттықтырулар жүргізеді. Ойын жоспарын жасап, командаға нұсқаулар береді.
Қарсыласы туралы ақпарат алған соң ойынның тәсілдік жоспарын құүрады, онда негізінен қарсыласының күшті және әлсіз жақтары ескеріледі және оны өз командасының ақиқат мүмкіндіктерімен салыстырады. Жарыстың барлық күндерінде жақсы пайдалану үшін команда ойыншыларының күшін тең бөліп, барлық ойыншыларды бүкіл ойын барысында дұрыс пайдалану қажет.
Өз командасы мен қарсылас командасы ойыншыларының дайындығы туралы мәліметтерді талдаған соң жаттықтырушы аталған кездесудегі негізгі тәсілдік міндетті анықтап, оны қорғаныс пен шабуылда іске асыру мүмкіндігін, команданың бастапқы құрамын, мүмкін болатын ауысуларды, аймақтарда ойнау бойынша әр ойыншыға тапсырмалар беруді белгілейді.
Жалпы жиналысқа дейін жоспардың кейбір детальдарын жаттықтырушы нақтылай түсу үшін команда белсенділерімен (тәжірибелі ойыншылармен және капитанмен) бірге талқылайды. Сонымен қатар жаттықтырушы ойын сызықтары мен қызметтеріне қарай әр ойыншымен жеке әңгіме өткізеді.
Команда жиналысында жаттықтырушы ойынға нұсқау береді. Мұнда ол команданың турнир кестесіндегі орнын, алдағы кездесудің маңызын айтып, қарсылас команда мен оның жекелеген ойыншыларына, олардың әлсіз және күшті жақтарына сипаттама береді. Орналастыру бойынша ұсынылған ойын жүргізу тәсілін түсіндіріп, команданың басты тәсілдік міндеттерін, орналасу бойынша қорғаныс пен шабуылдағы іс-қимыл ерекшеліктеріне сипаттама береді. Сонымен бірге жаттықтырушы команданың бастапқы құрамын мен мүмкін болатын ауысуларды хабарлап, әр ойыншының нақты ойын жағдайларындағы нақты қарсылас ойыншысына қарсы жекелеген міндеттірін түсіндіреді.
Соңында ол ойыншылардың формасы, орны мен команданың ойынға жиналу орны туралы айтады.
Жаттықтырушының команданы, әрбір ойыншыны, ойынға, белсенді ойынға және жеңіске ынталандару іскерлігінің маңызы зор. Ойынға деген дайындық мұқият жүргізіліп, барлығын назардан тыс қалдырмау керек (су, сүлгі, тізеқап, доп, т.б.).
Жаттықтырушы өз командасының да, қарсылас команданың да ойын барысын, ойыншылардың психологиялық жағдайын бақылайды. Ол өз командасының шабуыл мен қорғаныстағы іс-қимылын бағалап, командалық, топтық және жеке міндеттердің қаншалықты орындалуын анықтайды. Кемшіліктер себебін анықтаған жаттықтырушы оларды жою үшін шара қолдануы тиіс, онда ойыншылардың жағдайы мен кездесу барысын қоса ескеретін үлкен педагогикалық іскерлік қажет. Үзілістер мен ауысуларды уақытысында және дұрыс пайдалану команда іс-қимылын қалпына келтіруге көмектеседі.
Жаттықтырушының беймезгіл араласуы, ойыншыларды қажетсіз ауысулармен мазалауы ойыншыларды ашуландырып, команда әрекетін шашыратады.
Команданы басқару ойыншылардың барлығына түсінікті түрде жаттықтырушыға сеніуіне негізделеді. Онда команда жеңілген жағдайда да ойын барысы мен одан кейін де кері әсерлер мен күмәнді ойлар туындамайды.
Мұнда бүкіл ұжымның әр ойыншыға деген сенім артуы маңызды болады. Әр ойыншы өзінің командаға көмек көрсете алатынын біледі. Қосымша ойыншылар да ойынға кіруге әр кез дайын болуы қажет, сонда команда жолдастарының қолдауы мен көмегін сезінетін болады. Бұл тәртіп жаттықтырушының жұмысын жеңілдетеді, ол ауысуларды сенімді жүргізіп, кенеттен өзгерген жағдайда да шешім қабылдай алады.
Жаттықтырушы партиялар кезіндегі, партиялар арасындағы және шешуші партиялар алдындпғы психологиялық ықпал ретінде үзілістерді іскерлікпен пайдалануы тиіс. Ол өз ойын барлығына бірдей айта бермейді. Ал қай амалды қай сәтте орындау қажеттігін түсіндіруге мүлде болмайды.
Нұсқаулар нақты және анық болуы тиіс: команда неліктен жеңілді, қарсыласының нақты ойыншысына қандай амал қолдану керек, орналастыруды қалай өзгертеді, қорғаныс пен сақтандыруда ойнау үшін қалай шығады, шабіылдағы тәсілдік амалды қалай қолданады, т.б.мұнда нақты екі немесе үш ойыншыға ғана айту керек. Жаттықтырушы ойынның қиын тұстарында өзіне сенімді болып, барлық жағдайда команданы сергітіп отыруы тиіс.
Жаттықтырушы үзілісті қай кезде алу қажеттігін сезуі тиіс, мысалы, партия басында, ортасында немесе соңында. Шешуші партия алдында барлық команданың, оның ішінде қосымша ойыншылар үшін де демалып, ескертулер беру үшін оларды киім ауыстыру бөлмесіне алып кетуі керек. Егер қажет болған жағдайда екі-үш ойыншыны доппен бой жазу жаттығуларын орындау үшін алаңда қалдыруға болады.
Ойынға талдау жүргізуді кезекті жаттықтыру немесе ойын сабақтарында өткізген дұрыс. Талдауға дайындалғанда жаттықтырушы жазбаларды, жарыстың техникалық хаттамаларын, алған әсерін талдап, оларды ойын жоспарымен салыстырады. Ойынға мына үлгіде талдау жүргізеді:

  • команданың және жекелеген ойыншылардың кездесуге деген көзқарасын бағалау (тәртібі, жауапкершілігі, т.б.);

  • басты тәсілдік міндеттердің орындалуын белгілеп, қорғаныс пен шабуылдағы іс-қимылдарды талдайды;

  • жеке міндеттердің орындалуын талдайды;

  • команда мен жеке ойыншылардың әдістік көрсеткіштерін айтып, оларды жоспарлы міндеттермен салыстырады.

Талдауды жалпы қорытынды жасаумен, келесі кездесу мен алдағы жұмыстар міндеттерін анықтаумен аяқтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет