Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе



бет29/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)

Бірінші фаза - балалар ДЮСШ-ға келмей тұрып яғни 7-8 жас аралығында басталады және 4-5 жыл жалғасады. Жаттығулар бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшілігімен өткізіледі.Бұл уақытта оқушылардың жалпы физикалық қимылы, денсаулығы тексеріледі, мұзда сырғанаудың әдіс-тәсілдері үйретіледі. Бұл этапта жас конькишілер жасөспірімдер разрядың алуға сынақтар тапсырады, соларға дайындалады. Екінші фаза – базалық мамандандырылған жаттығулар ДЮСШ-да оқу-жаттығуы біткенше пайдаланылады. Оның мақсаты- жас конькишіге арнайы физикалық, моралдық, техникалық дайындығының арқасында спорт шебері етіп дайындау.
Үшінші этап – мектептерде, жоғары оқу орындарында, әскери бөлімдерде, аудан-ауылдарда жалпы дене тәрбиесін қалыптастыру және конькимен жүгіру жаттығуларын ұйымдастыру. Осы арқылы жас конькишілер ауылдық, аудандық, қалалық құрама командалардың мүшесі болады. Осы командалар болашақта біздің еліміздің намысын қорғайтын, ел үшін жанын беретін ер-жүрек азаматтар болып шығады.[1]
Шайбалы хоккей шайбамен мұз үстінде ойналатын командалық спорт ойыны. Шайбалы хоккейдің отаны — Канада. Канаданың табиғат жағдайы қазіргі хоккейдің дамуына үлкен әсер етті. 1879 жылы Монреаль университетінің студенттері хоккей ережесін жазды.
1908 жылы Шайбалы хоккейден бірінші халықаралық турнир Францияда өтті әрі сол жылы халықаралық лига құрылды. 1910 жылы Шайбалы хоккейден Еуропа чемпионаты өтті. 1924 жылы қысқы олимпиялық ойындар бағдарламасына енгізіліп, 1930 жылдан әлем чемпионаты өткізіле бастады. Шайбалы хоккей командасы 17 — 20 адамнан құралады, бірақ бір мезгілде әр командадан 6 адам ойнайды, ойыншы ауыстыруға шектеу жоқ. Қазақстанда Шайбалы хоккей 1950 жылдан басталды. Алғашқы респуб. чемпионат Алматыда өтті. Оған республиканың 6 командасы қатысты. Өскемен хоккейшілері бірінші болып еліміздің аймақтық біріншілігіне (1958) жеңімпаз атанып, КСРО халықтарының қысқы спартакиадасына (1962), РКФСР біріншілігіне (1963), “Б” (1963) және (1965) “А” класының ойындарына қатысты. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан құрама командасы қысқы Азия ойындарында 2 рет чемпион атанды (1996, НаганоЖапония, 1998, КонгвонОңтүстік Корея), қыздар құрама командасы қысқы Азия ойындарының чемпионы (2002, БусанОңтүстік Корея).
Ойын ережелері[
Шайбалы хоккей ойналатын мұз айдынының Ұзындығы 51 — 61 м, ені 24 — 30 м, айнала шетінің биіктігі 1,10 — 1,22 м етіп қоршалған алаң. Алаңның дәл ортасынан қызыл сызық (ені 30 см), әр қақпадан 18 м қашықтықтан көк сызық тартылады. Қызыл сызық алаңды екіге, көк сызық үшке бөледі. Көк сызықпен бөлінген алаңының екі шеткісін қорғаныс алаңы, ортаңғысын орталық алаң дейді. Қақпа сызығының дәл ортасына ені 183 см, биіктігі 122 см қақпа қойылады. Ойын үш кезеңде (әр кезең 20 мин.) өтеді. [1][2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет