Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе


Ойынды таңдауға қойылатын талаптар



бет32/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)

Ойынды таңдауға қойылатын талаптар

Ойынды таңдау нақты міндеттермен және оны жүргізу шарттарымен анықталады. Әрбір жастағы топтардың таңдау мен ойынды жүргізу әдістемесінің ерекшелігі бар.


Бастауыш сынып оқушылары қозғалысқа бейім және үнемі қозғалысты қажет етумен ерекшеленеді. Алайда ойынды таңдауда олардың ағзасы үздіксіз қысымға дайын еместігін ескеру қажет. Олар тез шаршайды, бірақ тез қалпына келеді. Сондықтан төменгі сынып оқушыларына арналған ойындар көп ұзартылмаған. Олар міндетті түрде демалыс үзілілстерімен алмасып тұруы керек.
1-2 сынып оқушылары үшін күрделі қимылдары және ойнаушылар арасында өзара қарым-қатынасы бар ойындар қолайлы емес. Оларды бейнелеу немесе оқиғалы сипаттағы ойындар қызықтырады. Ұжымда ойнау олар үшін күрделі, сондықтан оларға жүгіріп келетін, жүргізушіден айналып өтетін, секіретін, допты немесе түрлі заттарды қағып алып лақтыратын ойындар ұнайды.
9-10 жаста (3-4 сынып) балаларда дәлдік мүмкіндіктері елеулі жетіледі. Күш, төзімділік, ептілік және шапшаңдықтың қосылуы, өз денесін жетік меңгеруі, ағзасының дене жүктемелеріне лайықталуы бұл жастағы балаларға күрделірек ойын түрлерін ойнатуды ұсынады.
9-10 жастағы бала психикасында да өзгерістер болады. Күш пен нерв әрекетінің қозғалмалылығы зейінді тұрақтандыруға және бала қызығушылығының артуына әкеледі. Ойлаудың дамуы біршама қиын тактикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе мынадан көрінеді, яғни бұл жастағы балалар жеке қатысушылар емес ойын ұжымдары арасындағы жарыстық ойындарға қызыға бастайды.
9-10 жастағы ұлдар мен қыздардың ойындарында онша ерекшелік болмайды. Сонда да болса ұлдар жекпе-жек, бір-біріне қолдау көрсету және допқа таласу тәрізді ойындарға құмар щкеледі. Қыздар бірқалыпты қимыл мен дәл әрекетті (затпен, доппен, т.б.) ойындарды таңдайды.
Бұл жастағы балалар доппен ойдналатын, яғни доппен жүгіретін, кедергіден секіру, шағын заттарды лақтыру және жергілікті жерде әскер ойындарын ойнауды ұнатады.
9-10 жастағы балалар ойыны ұнаған ойындарының едәуір ұзартылуымен, ойын жүктемесінің қарқындылығымен, қатал төрешілігімен және зүнемі қолданылуымен ерекшеленеді. Ойындарда ойын жарысының элементтері жақсы көрінеді.
5-8 сынып оқушыларының ойындары төменгі сынып оқушыларының ойындарынан көп ерекшеленеді. Саны жағынан қысқарғанымен, олар мазмұны жағынан күрделенеді. Бұл өзгерістер жас ерекшелігінің дамуымен түсіндіріледі.
Ішкі органдар әрекетіндегі терең қайта құрулар жасөспірімнің қозғалыс қызметін жетілдіруді баяулатады. Дәлдіктің бұзылуы ағзаның жүрек тамыр және басқа да қызмет жүйесі жұмыстарының нашарлауына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінің қозуының артуынан байқалатын өзгерістер бас миының тежегіш күшінің өсуімен және қызметтік есеюімен жүргізіледі.
Бұл жасөспірімнің психикасына да әсер етеді, олар шыдамсыз болады және шешім қабылдауда көңіл-күйінің күрт өзгеруі байқалады. Бұл жастағы көрініс беретін есею, екінші белгі беру жүйесінің әсерінің күшеюімен түсіндірілетін өзіндік ойлау тактикасы бар командалық ойындарды да қолайлы етеді.
Олардың ойын әрекетінда аталған жас ерекшелігі кезіне тән көптеген белгілер сақталады (оқиғалы ойындарға қызығу, ұжымда керісіп қалу, ойын нәтижесіне қатты мән беру, т.б.), бірақ сандық жағынан біршама өзгерістер болады. Жасөспірімдерді батырлыққа баулитын, күрделі, оқиғалы және ойында өзінің шығармашылық әрекетін көрсетуге мүмкіндік беретін ойындар қызықтырады. Оларды күрделі тактикалық қарсы жекпе-жек баурайды. Үнемі жарысқа ұмтылу жасөспірімдердің спорт ойындарына немесе мазмұны жағынан соған жақын ойындарға қызығуын білдіреді. Оларға сондай-ақ «тапсырма» тәріздес (қимыл әдісін қатысушылар өздері таңдайды), күреске толы, қарсылықты, өзара көмек дкөрсететін ойындар, кедергіні бағындыратын эстафеталар ұнайды.
Жасөспірімдерге арналған ойындардың ұзақтығы мен қарқындылығы төменгі сынып оқушыларына қарағанда ұзақтау болады. Сондықтан жүйкеге және дене қысымына көп күш түсетін ойындарда оқушылардың мінез-құлқына көп көңіл бөлі қажет, қатты ашулану мен шаршауға жол бермеген дұрыс.
Бұл жастағы ұлдар мен қыздар бұрынғысына бірге ойнағанымен олардың ойын әрекетінде ерекшеліктер білінеді. Қыздарды негізінен ептілікпен қимыл дәлдігін талап ететін, би қимылдары аралас ойындар қызықтырады.
Қыздар мен бозбалалар (15-17 жас) дене дамуының жоғары деңгейіне жетеді және үлкен қимыл және ойын тәжірибесін біледі. Сондықтан мұндағы спорт даярлығы бірінші кезекке шығады. Қозғалыс ойындарын пайдалану осы басты міндетті шешуге көмектеседі.
Бозбалалар мен қыздар ойнағанда өз әрекетінің тактикасы мен нәтижесіне көп көңіл бөледі. Тактика мен жеңіске жету жолын таңдағанда олар үлкен дербестік танытады. Олардың көпшілігі бүкіл ұжым әрекетін ұйымдастырып, басқарушының немесе команда жетекшісінің ролін алады.
Бозбалаларды күш пен төзімділік танытатын ойындар көп қызықтырады. Түрлі эстафеталар, қарсылықты ойындар, дәлдікке, ептілік пен қимыл шапшаңдыңына жоғары талаптар қойылатын ойындар оларда кең қолданыс табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет