«Аушылар мен үйрекшілер» Ойнаушылар саны – 20-40 адам.
Орны – зал, алаң.
Дайындық. Ортаға үлкен шеңбер сызады. Ойнаушыларды екі командаға бөледі: «аңшылар» мен «үйректер». «Аңшылар» шеңбер сыртында тұрып, доп алады (волейбол добы). «Үйректер» шеңбер ішіне орналасады («Көл»).
Ойын сипаты. Жетекші белгі берісімен «аңшылар» шеңберге енбестен допты «үйректерге» тигізуге тырысады. Олар жалт береді, шеңбер ішіндегі қауіпсіздеу орынға қашады. Доп тиген «үйрек» ойыннан шағыды. Барлық «үйрекке» доп тигенше ойын жалғасады. Бұдан соң ойнаушылар орын ауысады. Аз уақыт жұмсаған немесе аталған уақытта келесі командаға қарағанда «үйректі» көп дәлдеген команда жеңеді.
Ереже. 1) «Аңшылар» шеңбер ішіне кіруіне рұқсат етілмейді, онда оның добы есептелмейді.
2) «Үйректерге» шеңберден шығып кетуге болмайды, ойын ережесін бұзған ойыннан шығады.
3) Бастан басқа дене бөлігіне тиген доп есептеледі және доп еденге түспеу керек.
4) Доп тиген ойыншы комагда ауысқанша ойыннан шығады.
Әдістемелік нұсқаулар. Әріптестер арасында көптеп доп беруді пайдаланып, ойнаушылар ұжымшылдығын тәрбиелеу қажет. Кей жағдайларда жетекшінің өзінің де ойынға қатысқаны дұрыс.
Ойынның әдістемелік мәні. Оны шабуылдағы доп беруге оқыту үшін допты қағып алу мен беру әдіс-дағдыларына үйрету үшін пайдаланады. Ол бағдарлау мен жауап беру шапшаңдығын, пайымдауды, ептілік пен қимыл дәлдігін жетілдіруге және ұйымшылдықты дамытуға, шабуыл мен қорғаныста дұрыс орын табуға үйретеді және жетілдіруге көмектеседі. Бұл сапалар мен білімдер тең жағдайда мақсаты доппен белгіленген нысанаға дәл тию болып табылатын кез-келген командалық ойындарда өте маңызды әрі қажетті. Ойын баскетбол мен гандболға дайындық қатарына жатады.
«Жылдам шаңғышы» Ойыншылар саны – шектеусіз.
Орны – тегіс алаң.
Дайындық. Сөре сызығын, одан 30 м-де мәре сызығын белгілейді.
Ойыншылар сөре сызығында бір ғана шаңғышмен тұрады (таяқсыз).
Ойынның сипаты. Жетекші бұйрығымен ойыншылар бір аяғымен тебіліп, шаңғымен мәреге қарай жылжиды. Мәре сызығына бірінші жеткен ойыншы жеңеді.
Ереже. 1) Белгі берілгеннен соң жылжиды.
2) Шаңғысын жоғалтқан ойыншы, жоғалтқан жерінде қайтадан аяғына бекітуі керек.
Ойынның педагогикалық мәні. Он бір шанамен сырғанағанда тепе-теңдікті сақтай білуді жетілдіріп, шапшаңдық пен ептілікті дамытуға көмектеседі.