Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе


-5 сынып оқушыларына арналған ойындар



бет35/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)

4-5 сынып оқушыларына арналған ойындар.
«Қораздар шекісі»

Ойыншылар саны – 20-40 адам.


Орны – зал, алаң.
Дайындық. Балаларды олардың мүмкіндіктеріне қарай жұптастырып бөледі. Әр жұптағы ойыншылар бір-бірлеріне бір аяғын бүгіп, қолдарын артқа ұстап, қарама-қарсы тұрады.
Ойын сипаты. Белгі бойынша ойнаушылар иығымен итеріп, қарсыласын тепе-теңдіктен шығаруға, яғни оны екі аяқпен тұрысқа келтіруге тырысады. Әрбір ослындай әрекетке бір ұпай қосылады. Көп ұпай жинағаны жеңеді.
Ереже. 1) Қолмен итеруге болмайды.
2) Бұйрықсыз аяқты ауыстыруға болмайды.
Әдістемелік нұсқаулар. Ойынға арналған алаң тегіз, шұңқырсыз жазық болуы тиіс. Егер ойын залда өтсе, онда ойыншылардың тығыз болмауын, одан жарақат алып қалмауын қадағалау қажет.
Ойынның педагогикалық мәні. Бұл ойын қарсылыққа арналған. Ол күшті ептілік пен жауап беру шапшаңдығын дамытуға ықпал етеді. Оны сабақтың дайындық бөлімінде пайдаланады.
«Маршпен қуаласу»
Ойнаушылар саны – 20-30 адам.
Орны – зал, алаң.
Дайындық. Ойыншыларды екі командаға бөліп, алаңның қарсы бетіндегі сөре сызығына орналастырады.
Ойын сипаты. Жетекші бұйрығымен команданың біреуі саппен қарсыласының сөре сызығына жылжиды. Кенеттен берілген жетекші белгісі бойынша (сызықтан 3-5 м) команда кері бұрылып, артқа жүгіреді. Келесі команда ойыншылары оларды ұстап алады. Қол тигендері сол орнында қалады. Қуушы командаға әр ұсталғанына ұпай қосылады. Команданың ұпай санын есептеген соң, орындары ауысып, ойнауды жалғастырады.
Ереже. 1) Белгі берілмейінше тоқтауға болмайды.
2) Белгі берілгенге дейін сызықтан өтіп кетуге болмайды.
3) Сөре сызығына дейін ғана қашқандарды ұстай алады.
4) Алаң сыртына шығып кеткен ойыншы ұсталған есепте болады.
Әдістемелік нұсқаулар. Ойыншылар есеппен марш жасап, теңдікті сақтауы қажет. Егер ойынға арналған алаң екі жіңішке болса, онда балаларды екі қатарға тұрғызуға болады.
Ойынның педагогикалық мәні. Ол бағытын өзгертіп жүгіру дағдысын жетілдіруге көмектеседі, жауап ьеру мен бағдарлау шапшаңдығын арттырады, батылдық пен шешімталдыққа тәрбиелейді.
Ойын шаңғымен, конькимен немесе суда жүргізілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет