Лекция №1 Тақырыбы: Таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе


-8 сынып оқушыларына арналған ойындар



бет37/39
Дата02.03.2023
өлшемі0,53 Mb.
#170767
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
лекция жинағы (копия)

6-8 сынып оқушыларына арналған ойындар.
«Квадраттағы күрес»
Ойнаушылар саны – 20-30 адам.
Орны – зал, алаң.
Дайындық. Зал ортасына үш квадрат сызады. Біреуінің көлемі 10х10м, қалған екеуі 5х5 м. Ойнаушылар бірінші квадратта тұрады.
Ойын сипаты. Белгі бойынша ойнаушылар күресті бастайды. Әрқайсысы өз қарсыласымен күресте бірінші квдратта қалуға ұмтылады. Сызықтан шығып кеткені келесі квадратқа өтеді. Белгіленген уақыттан щсоң жетекші белгісімен ойын тоқтатылады. Ойыннан шыққандар келесі квадратқа өтіп, сонда күресті жалғастыруға дайындалады. Бірінші квадратта қалғаны жеңеді.
Ереже. 1) Қарсыласының тек қолы мен дененің жоғарғы бөлігін ғана ұстап күрес жүргізуге рұқсат етіледі.
2) Ойыншыға ту сыртынан шабуыл жасауға болмайды.
3) Шектеу сызығынан екі аяғыда шығып қалған ойыншы ойыннан шығады.
Әдістемелік нұсқаулар. Ойын тек ұлдарға арналған. Күрек уақытын қатаң мөлшерлеу қажет – бір минуттан аспауы тиіс, содан соң түсіндіру мен ауысуға үзіліс жарияланады. Әр квадраттың өз төрешісі болуы тиіс. Күрес адал өтуі тиіс, сырттан немесе екеуі біреуге шабуылдамауы керек.
Нұсқа. Ойынды квадратқа бір-екі жұпты шақырып, кезекпен жүргізеді. Жұптасуда жеңісіне команда ұпай алады.
Ойынның педагогикалық мазмұны. Ойын жекпе-жек дағдыларын жетілдіруге көмектеседі, күшті, ептілікті, жауап беру мен бағдарлау шапшаңдығын дамытады, табандылыққа, шешімталдыққа, батылдық пен ұйымшылдыққа тәрбиелейді.


Кедергіні бағындырумен қарсы
кездесу эстафетасы.
Ойнаушылар саны – 20-30 адам.
Орны – зал.
Дайындық. Залдың қарсы бетіндегі қабырғадан 3-4 метрде екі қатар сызық хсызады. Ортасына төңкерілген гимнастикалық орындық қояды, сызықтан 5-6 м-де гимнастикалық ат пен бөрене қояды.
Ойнаушыларды екі командаға бөледі, олар өз кезегінде теңдей бөлінеді. Команданың бір бөлігі залдың бір бетінде, екінші бөлігі келесі бетінде орналасады.
Ойын сипаты. Белгі бойынша екі сызықтың бірінде орналасқан бағыттаушы колонналар қарсы колоннаға жүгіруді бастайды. Олар жолында бөренеден секіреді, аттың астынан өтеді және гимнастикалық орындықтың жіңішке тақтайымен жүріп өтеді. Сосын әрқайсысы сөзге сызығындағы кезекті ойыншыға қол тигізеді. Ол да соның жолын қайталайды, жүгіріп келген ойыншы колоннаның соңына тұрады. Ойыншылардың барлық өз жақтарын ауыстырып немесе өз орнына қайта келгенде ойын аяқталады.
Ереже. 1) Кезекті ойыншы қол тигізгеннен бастап, жүгіруді бастауға болады.
2) Кедергіні басып өту әдісін бұзуға ұпаймен айып салынады.
Әдістемелік нұсқаулар. Ойнаушыларды командаға бөлгенде, олардың күшін ескеру қажет. Төрешілікке көмекшілер келеді, оларға айып ұпай есебін жүргізу тапсырылады. Жеңімпаздың ұпайын алдын ала белгілеп, сосын одан айып ұпайларын алып тастауға болады.
Ойынның педагогикалық мазмұны. Ол түрлі кедергілерді бағындыру дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, ептілікті, тепе-теңдікті сақтауды, қимыл дәлдігін дамытып, ұжым алдындағы жауапкершілікке тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет