Лекция №1. Тақырып: Кіріспе. Картография пәнінің мақсаты мен міндеті. Географиялық карта туралы жалпы түсінік. Кіріспе


Тақырып: Картографиялық жалпыластыру (генерализация)



бет18/34
Дата12.02.2023
өлшемі1,28 Mb.
#168456
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Байланысты:
Лекция қосындысы

Тақырып: Картографиялық жалпыластыру (генерализация).
Лекция жоспары:

  1. Картографиялық жалпыластыру туралы жалпы түсінік.

  2. Картографиялық жалпыластырудың факторлары.

  3. Карталастырылатын құбылыстардың мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру.

  4. Карталастырылатын құбылыстардың сапалы көрсеткіштерін жалпыластыру.

1. Картографиялық жалпыластыру туралы жалпы түсінік.
Географиялық картада жер бетінің ірі учаскесінде орналасқан объектілерді кішкене қағаз парағына бейнелейді. Яғни берілген территориядағы барлық объектілер картаға түсіру мүмкін емес. Сондықтан, картаға түсірілетін объектілерді таңдайды. Географиялық объектілер мен құбылыстарды картада бейнелеу мақсатында ғылыми негізденген таңдау процесін картографиялық жалпыластыру (генерализация) деп атайды.
Жоғары деңгейде кішірейтілетін ірі аумақты бейнелейтін ұсақ масштабты карталарда ерекше үлкен жалпыластыру жүргізіледі. Мысалы, масштабы 1:2500 000 жалпы географиялық картаның 1 см2 ауданына жергілкті жердің 625 км2 сәйкес келеді, ал 1 мм2 – 6,25 км2 сәйкес. Тұрығындары тығыз орналасқан территорияда мұндай территорияда 1-2 елді мекеннің орнын алу мүмкін, ал картаның 1 мм2 тек ғана бір пунсон, яғни елді мекеннің шартты белгісі сияды. Ал елді мекеннің аты картада өте көп орын, яғни бірнеше елді мекеннің орнын алады. Демек, халық тығыз орналасқан аумақтың картасында ондаған елді мекен орнына бір елді мекен көрсетіледі. Бұл масштаб Казахстан Республикасының қабырға картасына сәйкес, ал географиялық атласта Қазақстанның территориясы 1:7 500 000 масштабына көрсетілген, масштабтың екі есе кішіреуі, ауданның масштабы 4 есе кішірейеді. Яғни жоғарыда көрсетілген мысалда картаның масштабы 3 есе, ал аудан масштабы 9 есе кішірейді. Мұндай жағдайда картада бейнеленетін елді мекенді, жұздеген елді мекендерден таңдайды.
2. Картографиялық жалпыластыру факторлары. Жалпыластыру (генерализация) түрлері (тәсілдері).
Картографиялық жалпыластырудың негізгі көрсеткіштері (параметрлері) – іріктеудің нормасы мен ценздері (шектелімі), сызықтар мен контурлардың дәльдік (степени детализации линий и контуров) дәрежесін, сапалы және мөлшерлі көрсеткіштерін жалпыластыру шарттарын орнату.
Осы параметрлерге жалпыластырудың жалпы факторлары әсер етеді: картаның мақсаты, тақырыбы, масштабы, типі, картаға түсірілетін объекттің (территорияның) ерекшеліктері, объекттің зерттелу деңгейі, картаны графиктік безендіру тәсілдері.
Картаның мақсаты. Картада тек картаның мақсатына сәйкес объектілер көрсетіледі. Басқа объектілер картаны оқуға кедергі болады. Мысалы, қабырғалы әкімшілік оқу картасында ең маңызды элементтер ғана бейнеленеді, күшті жалпыластырған қалалар, шекаралар, жолдар т.с.с. Егер, әкімшілік карта анықтамалық мақсатта жасалынса және стөлдік (настольный вариант) вариантта болғанда бұл картада берілген масштабта әкімшілік бөліну, елді мекендер, жолдар туралы мүмкіндігі бойынша максимум ақпарат болу қажет.
Картаның масштабы шектеуші рольді атқарады. Оның ықпалы ірі масштабтан ұсақ масштабты картаға өткенде бейнеленетін аумақтың көлемі азаюынан байқалады (жергелікті жердің 1 км2 масштабы 1:10 000 карта бетінде 1 дм2 құрайды, ал масштабы 1:1 млн карта бетінде – 1 мм2). Ірі масштабты картада түсірілген объектілерді ұсақ масштабты картада осылайша дәльдікпен және барлық ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік болмайды, сондықтан белгілі бір дәрежеде таңдау, жалпыластыру, алып тастау т.с.с. жұмыстарды жүргізу қажет. Мысалы, ірі масштабты карталар үшін маңызды объектілер – жергілікті ориентирлер ұсақ масштабты карталарда өзінің маңыздылығын жоғалтады, сондықтан оларды ұсақ масштабты карталарда көрсетпейді.
Картаның тақырыбы және типі қандай элементтердің жоғары дәльдікпен, ал қай элементтерді жалпыластыру қажет екенін анықтайды. Мысалы, геологиялық және топырақ карталарында гидрографиялық торды толық көрсетуге болады, бірақ жолдар торын және елді мекендерді күшті жалпыластыруға болады, ал әкімшілік шекараларын көрсетпесе де болады.
Керісінше экономикалық тақырыптарға сай карталарда барлық елді мекендер, жолдар, әкімшілік бөлінуі жоғары дәльдікпен көрсетіледі, ал өзен желісін қысқартуға болады, тек кеме жүретін өзендерді сақтап қалуға болады.
Әртүрлі типтегі карталарда жалпыластыру деңгейі де әртүрлі болып келеді. Ең жоғары дәльдікпен жасалынатын карталар инвентаризациялық типтегі аналитикалық карталар, ең күшті жалпыластырылған карталар синтетикалық карталар (мысалы, аудандастыру карталары) (в особенности карты-выводы, карты-умозаключения).
Картаға түсірілетін объекттің (немесе территорияның) ерекшеліктері. Бұл фактордың ықпалы картада объекттің немесе территорияның өзіндігін (своеобразие) көрсету қажеттілігінде, оның ең сипатты элементтерін, типтік белгілерін бейнелеуде байқалады. Мысалы, құрғақ дала немесе жартылай шөл және шөл аудандарында ұсақ көлдерді көрсету аса маңызды, кейбір жағдайда ұсақ көлдерді үлкейтіп көрсетеді. Тундра зонасында мыңдаған көлдер таралған, сондықтан кейбір көлдерді көрсетпейді, ең маңыздысы бұл территорияның көлділік сипатын дүрыс бейнелеу қажет.
Объекттің зерттелу деңгейі. Объекттің зерттелу деңгейі картаның берілген масштабына және тақырыбына сәйкес болған жағдайда картограиялық бейнелеу өте жоғары дільдікпен болады, ал нақты материал аз болғанда бейне жалпыластырылған және схема түрінде болады (гипотезалық немесе болжау карталары).
Картаны безендіру (бейнелеу шаралары) Оформление карт (средства изображения). Көп түсті карталар бір түсті картамен салыстырғанда көбірек шартты белгі көрсетеді. Басылымның жақсы деңгейінде және фондық бояуларды, изосызықтарды, шартты белгілерді дүрыс таңдағанда бір картада бір-біріне жабу жолымен оқу үшін күрделі емес өзара жабатын алты белгісін көрсетуге болады. (При хорошем качестве печати и правильном подборе фоновых окрасок, изолиний, значков на одной карте путем наложения можно совместить до шести взаимно перекрывающихся обозначений без ущерба для ее читаемости). Бір түсті картада мұндайды жасау күрделі болады, аса маңызды жалпыластыру қажет болады.
Картографиялық бейнелеу белгілерінің жүйесі карта мазмұнының көлемін және картаның жалпы нагрузкасын шектейді. Себебі картаға түсірілетін объектілердің көлемі картографиялық белгілердің көлеміне сәйкес емес. Әдетте белгілердің көлемі картаның масштабында бейнеленетін объектілерден үлкен болады. Мысалы, масштабы 1:1 млн картада жол белгісінің ені жолдың негізгі енінен бірнеше рет жоғары болады (мысалы, осы картаның 0,1 мм 100 м тең). Географиялық атамалардың жазулары кейбір карталарда пайдалы ауданның жартысынан көп бөлігін алады.
Сонымен, белгілі бір карта үшін жасалынған картографиялық шартты белгілер жүйесі бейнелеудің дәльдігін, көрсеткіштердің дүрыс болуын, таңдаудың нормасы мен цензін анықтайды, жалпы картографиялық шартты белгілері картаның мазмұнынан ықпал етеді. Белгілердің ірі көлемі, әсіресе масштабтын тыс белгілер картаның геометриялық дәльдігін және объектілердің негізгі орнын көрсету мүмкіндігін төмендетеді. Шрифт ірі болған сайын аттары жазылған объектілердің саны кемиді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет